Тобының білім алушысы Ислямова Н. К


М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарасының қазіргі кезеңде қолданылуы



бет8/13
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#81103
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Надира док

1.3 М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарасының қазіргі кезеңде қолданылуы

Қазіргі кезеңде Қазақстан мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын экономикалық, экологикалық, этнопедагогикалық ерекшелектерін ескере отырып қайта құру, сөйтіп жастарға білім мен тәрбие беруге өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Тәлім-тәрбиелік жүйесі адамгершілікке, ұйымшылдыққа, отансүйіспеншілдікке, ұлтаралық мәдени қарым-қатынастыққа негізделген. Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі көптеген ғасырларға созылған өзіндік тарихи тағлымы, ой-пікір қорытындылар түйіні бар. Ол жазу, оқу құралынан, ауыз әдебиетінен, ұлттық өнер тағлымынан, халықтың дәстүрі мен салт-санасынан, әдет-ғұрпынан, мәдени мұраларынан байқалады. Өткеннің тәжірибесін тал бойына дарытқан озық өнегелі дәстүрсіз, ұрпақтар сабақтастығынсыз тарихи процесті елестету мүмкін емес.


Әлеуметтік мұра неғұрлым бай болса, өткені мен бүгінгінің мәдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, солғұрлым өміріміздің мағынасы терең, мақсатымыз айқын болады. Сонда ғана біз өнегелі, парасатты ой толғаныстары күшті қауым тәрбиелейміз. Еліміздің ертеден қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көшіне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын ойлау - өскелең өмір талабы болып отыр. Өзге елдің озық ой-пікірін қабылдап, әр ұлттың озық дәстүрі мен мәдени мұрасын таңдап, талғап ала білу – ол да игілікті іс. 2006 жылы 1 наурыз айындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманға білім беру жүйесі қажет. Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек»-деп айтылған. Сондықтан біздің мақсатымыз – жастарды еліміздің өткендегі мәдени мұрасынан хабардар ету, туған жеріне, өскен еліне адал қызмет ететін, азаматтық борышты терең сөзінетін саналы адам тәрбиелеу.
Ұзақ жылдар бойы «ұлтшылдық» әдебиетінің өкілі деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен қазақ педагогикасының көрнекті қайраткерлерінің бірі Мағжан Жұмабаев құнды еңбектерінің авторы болуымен дараланған ірі тұлға. Қазақ педагогика ғылымынан ерекше орын алатын М. Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі алғаш рет 1922 жылы Орынбор қаласында жарық көрген. Коптеген практик мұғалімдердің сынынан өткен еңбегі туралы М.Жұмабаев былай дейді: «Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым».
Оқулықтың бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Онда дене тәрбиесі мен ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі мен әдеп-құлық тәрбиесі ретінде төрт тұрғыдан сөз қозғалып, олардың бір-бірімен табиғи тамырластығы түсіндірілген. «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару»,-дейді М.Жұмабаев.
Ақынның сол кездегі ой-пікірін қазіргі заманның тәрбие мақсатының талабымен ұштастыруға болады. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық.
«Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс.
Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»,- дейді Мағжан Жұмабаев. Ақын халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттігін ескертеді. «Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр»,- дей келіп, Мағжан тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды. Жұмабаевтың көшпелі қазақ тұрмысындағы тәлім-тәрбиеге байланысты көзқарасында да ұлттық бояу байқалады. «...Киіз үйдің ішінде баланы ұстай білуде. Шын таза ауа сол киіз үйде болмағанда қайда болады? Тегінде жаратылыспен бауырласып құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік қылып, үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар еді.... Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл»,-деп жазады Жұмабаев. Оның осы ойлары адамның табиғатпен кіндіктестігін ескере келіп, тәрбие жұмысының жаратылыспен бірлестігіне көңіл аударады. Табиғат-анадан айнып, немқұрайлы салқындықпен сырт айналудың зардабын бүгінде де ғылымдық мәселеге айналып отырған экологиялық алаңдау жақсы айғақтауда. Ғалымның ұстаздық жүрегі, ақындық сезімі ұрпақ тәрбиесін табиғаттан тыс қарастыра алмағаны анық.
Мағжан психология пәніне өте кең орын беріп, барынша зер сала қарастырады. Оның жан қуаттары жайлы пікірлерінде дала өмірі мен қазақ қаламгерлерінің туындыларын, ұлттық психологиялық өзіндік бояу, нақышын нәзік шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық. Сыртқы сезімдерді көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі деп алты айырыммен анықтап алып, оларды дұрыс жетілдіру тәрбиесіне ерекше назар аударады. М.Жұмабаевтың пікірінше, «Бұл сезімдер сау һәм берік болуына, екінші бұл сезімдердің өткір, терең, дұрыс болуына ыждаһат қылу керек. Бұлардың біреулері жақсы, біреулері нашар тәрбие қылынса, жан тұрмысы да тегіс, бүтін болмақ емес». Әр сезімді психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, олардың әрқайсысына өзінше анықтама беріп, бұларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлерге сүйену қажеттілігін айтады. Мәселен, есту сезімін дамыту үшін сәби жарық дүниеге келген күннен бастап оның есту сезімін дамытуда түрлі дыбыстардың мән-мәнісіне көңіл бөліп, бұл жерде бесік жырының тәрбиелік мәніне ерекше тоқталады. Жұмабаевтың адамның зейінін тәрбиелеу жөніндегі ой-пікірі де қазіргі кезде де маңызын жоғалтқан жоқ. Ол оқушылардың зейін дамуы үшін әсердің күшті, жеке, жаңа болуын, жаңа алынған білім мен ескі білімнің байланысуын және оның болашақ әсерге даярлану есебінде болуын талап ете отырып, оқу жүйесінің сабақтастығына мұқият зер салады. Адам зейінін ерікті, еріксіз, табанды, табансыз ішкі, сыртқы деп жіктейді. Бала абайының ерекшелігі мен жасына, тәрбиелеу жолдарына айрықша мән береді. Адам өміріндегі естің алатын орнын көрсете келіп, оны есту, көру, қозғалу есі деп жеке-жеке қарастырады. Естің адам жасына байланысты өзгерісі де өзекті мәлесе екендігін айта келіп, баланың есін дамыту жайлы баяндайды. Жұмабаев қиялды еріксіз және ерікті деп екіге бөледі. Өз кітабында Мағжан қиялдың жасалу жолдарын көрсетеді:
«1.Заттардың өздерін яки олардың бір мүшелерін зорайту яки күшейту.
2.Әр заттың түрлі мүшелерін алып қосу.
3.Реті келгенде өздері де жиыла алатын көріністерді бір суретке жиюмен, түрлі адам мінездерін бір адамға жиюмен жасалатынын көрсетеді.
Баланың қиял табиғатына көңіл қоя отырып, оны өркендетудегі ертегі, бала ойындары мен ойыншықтардың ролін де қарастырады.
Мағжан Жұмабаев эстетика сезімдері жайлы ғылыми ұғымдарды да әр қырынан ашып, өнер адамына тән өрнекті бейнелер арқылы түсіндіреді.
Кітапта ойлау, ұғым, ой, қорытынды, ішкі сөйлеу мәселелері де таратыла талданған. Ақын тілдің жеке адам өміріндегі маңызы жайлы айта келіп, оның ұлттық мәнін де оқырманға жеткізеді. « Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бұл ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді қайраты, біресе желсіз түндей тымық, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінездері көрініп тұр»,- деп жазады Мағжан. Бала темпераментіне байланысты ұғымдарды ұтымды тілмен баяндап, баланың жалпы жаратылысы, табиғаты туралы түсініктерді қазақ ұғымына түсінікті береді. «Адамның шын мағынасымен «адам» болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай жалпы адамзатты сүю шарты.... Адам өз халқының адамдарының сүюінің үстіне басқа халықтардың да адамдарын сүюге міндетті. Жер жүзіндегі адам адамды сүймек. Бұл адамның жаратылысындағы негізгі мінез». Әлемдегі тіршілік қауіпсіздігі, жалпы адамзат ұрпағының өзара сүйіспеншілігіне, ынтымақтастығына тікелей тәуелділікте тұрған бүгінгі таңдағы бейбітшілік мәселесімен жоғарыдағы пікірлері жақсы үндеседі.
М.Жұмабаев – орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинскийше педагогиканы психологиямен атастыра байланыстырған тұңғыш қазақ ойшылы. Ол диалектиканың психологиясыз, әсіресе шәкірттердің жан жүйесі (зәйін, ес, қиял, ойлау, сөйлеу т.б.) ерекшеліктерін ескермейінше, оқу-тәрбие процесінің теориялық қисындарын баяндайтын педагогиканың дәрменсіз болатындығын көрсетеді. Педагогика адамды жан-жақты терең зерттеу қажеттігіне нұсқаған ұлы Ушинскийдің пікірімен Мағжан ойлары да ұласып жатыр. Ұлы ақынның методикалық еңбектері дері де психологиялық жағынан ерекше көңіл аударарлық. Бұлар өз алдына бөлек әңгіме ететін мәселе. «Қазақ Пушкині» атанған дүлдүл ақын Мағжан Жұмабаевтың сонау дүрбелең шақта айтқан тәлім-тәрбиелік ойларына қайран қалмасқа болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет