ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ ТУРАЛЫ
Бейбитов Сайлау Аллабергенович – Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейдің дене шынықтыру мұғалімі.
Тоғызұмалақ ойыны аркылы оқушылардың ойлау кабілетін дамыта отырып , математика пәніне деген қызығушылықтарын арттырады, логикалық ойлауын дамытуға ыкпал етеді. Тоғызқұмалақ ойыны үиренушілерге жаксы көмекші кұрал. Окушылардың ойлау кабілетін артыра отырып саусақтардың шынығуы әсіресе қыз балаларға саусактардың дүрыс иілгіштік ыкпал етеді. Тоғызқүмалақ әліппесі қазақ, орыс, ағылшың тілдерінде дайыңдалып жазылғаң. Тоғызқүмалақ дойбы, шахмат секілді ойындар окушылардың бойында сабырлық, төзімділік есептегіштік, ойшылды қасиеттерін қалыптастырумен қатар кен акыл,киял иесі болуына жағдай жасайды.Соңдықтан бұл ойынды малшылар математикасы деп тегін аитылмаған болар.
Ертеде малшылар жапан далада қазан мен отауды жерге жүкып жіберіп , қалталарында жүрген 162 қойдың кепкен құмалақты әр отауға тоғыз тоғыздан салып қояды да ойыңға кіріседі. Кім көп құмалақ жинаса 82 құмалақ ұткан болып саналады, егерде 81 ден болса тең ойын дейді. Қазақ халқы атам заманнан спортқа әуес болған сонын ішінде ұлттық ойын түрлері тоғызқұмалақ, қазақша күрес, асық ойындары, арқан тартыс, көкпар, аламан бәйге, аударыспақ, жорға жарыс, қыз қуу, теңге алу, алтыбақан, ақ сүйек , садақ ату т.б.
Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде шығып, қалай қалыптасқаны белгісіз. Әркім әр түрлі айтат. Қазақстанда 1975 інші республикалық спартакиада өткізілді. Қазақтың ұлт спорт түрлерінен 2004 жылдан бастап халықаралық спорт бағдарламасына енген.
Қазіргі кезде халықаралық жарыстар турнилер өткізіліп тұрады. Тоғызқұмалақ ойынының екі түрі бар. Оның біріншісі қазіргі ойындар, ал екіншісі «қоздату» - ол оңайлау. Бұл жас балаларға сондайақ тоғызқұмалақты жаңадан ойнай бастағандарға арналған. Ерте замаңда тоғызқұмалақ тактасын тау таска ойып жасағаң. Сол замаңда батырларымыз ойнаған ойын казіргі кеде «Ұлттық ойындар» даму үстіңде. Алға койған мақсатым: « Тоғызқұмалақ ойыңың окушыларға үйрету, кызығушылықтарың артыру дамыту» .
Қазақ халқының ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды сүйсініп ойнаған. Тоғызқұмалақ ойынын – 4 мың жылдық тарихы бар, ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Қазіргі таңда республика бойынша қазақтың төл ойыны - тоғызқұмалақпен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, сонымен бірге Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда.
Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді тәрбие беру, кез- келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. Ойынды бастайтын ойыншыны – бастаушы, ал оның қарсыласын қостаушы деп атайды. Бастаушы ойыншы жеребе арқылы немесе рейтингтік көрсеткіштер бойынша анықталады. Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасайды. Ойын «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы тақтада ойналады. Ойында шар тәріздес құмалақтар пайдаланылады. Бұл тақта тең екі бөлікке бөлінген он сегіз тік және екі көлденең отаулардан тұрады. Тең екі бөліктің әрқайсысында 9-дан отау және бір-бірден қазан болады. Бұл қазанға әр ойыншы ұтып алған құмалақтарын салады. Әр ойыншының қазаны өз бөлігінде емес, қарсыласының жағында орналасады. Отаулардың рет сандары 1-ден 9-ға дейін белгіленіп, солдан оңға қарай орналасқан. Ойын басында әр отауға 9-дан құмалақтар салынады, яғни ойын басталар кезде әр ойыншының жағында 81-ден құмалақтары болып, ойынға жалпы 162 құмалақ қатысады.
Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насиахаттанып жатыр. Мәселен, Моңғолияда мектептерде тоғызқұмалақтан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғызқұмалақ ойналып жатыр деген дерек бар. Қазір әлемде тоғызқұмалаққа ұқсас мысырлық калах, Шри Ланкада олинда калия, қырғыздарда тогузкоргоол, африкалықтарда манкала, габата, абапа, нам-нам, бао, тамподуо, омвесо, маработ, тұрақты америкалықтарда аджи-бото, варри роунд және роунд, азиялықтарда сунгка, паллангули, гонкак сынды ойындар бар. Мәселен, Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғызқұмалақтан ерекшелігі отау саны (32 отау) көп те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулық олинда калия ойын түрін алайық. Белгілі тоғызқұмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр. Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде «Таңғажайып тоғызқұмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.
Достарыңызбен бөлісу: |