«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»


Электр өрісінің орнына моторлы ақуызды қолдану – дербес медицинаға жаңа қадам



бет123/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері
Горманизация Сапақ Ақерке, Горманизация Сапақ Ақерке, 5-сабак «Қараой», 4 тапсырма
Электр өрісінің орнына моторлы ақуызды қолдану – дербес медицинаға жаңа қадам. ДНҚ-ны тез секвенизациялау ДНҚ жеке тізбектерінің ақпаратты окуға арналған арнайы құрылғы – акуызды наноқуыс арқылы қозғалысын басқарудың жаңа әдісі есебінен бір қадамға жақындай түсті. Реза Гадири мен оның тобы наноқуыстарға негізделген ДНҚ-ны секвенизациялау дамуын тежеп тұрған негізгі мәселені шешті, яғниқалай ДНҚнаноқуыстар арқылыәрбір тізбектілікті оқуға болатындай баяу өтуіне мәжбүрлеу.

Мұндай ақуыз негізіндегі жақында Хаган Бейли (Оксфорд университеті, Ұлыбритания) өңдеп шығарғанға ұқсас оқу құрылғысын жасау идеясы қарапайым болып келеді. ДНҚ-ң жеке тізбегін қуыстың бір жағынан екінші жағына ауыстыру үшін электрлік потенциал колданылады. Тізбек куысқа кіргенде куыс арқылы өтетін ток өлшенетін шамаға өзгереді. Қуыстағы ДНҚ-ның әрбір азотты негізі (нуклеотид) үшін ток күшінің белгілі бір өзгерістері сипатты.

Теориялық тұрғыда ДНҚ тізбектілігі нанокуыс арқылы әрбір нуклеотид өткенде өзгеретін токты жазу арқылы оқылуы мүмкін. Бірақ тәжірибе жүзінде тізбектің қуыс арқылы өтуіне қажет минималды кернеу ДНҚ-ы өте тез өткізіп, әрбір жеке негізді анықтау мүмкін болмайды.

Гадири жасуша бөлінуі кезінде табиғат бір тізбекті ДНҚ-ны түрлендіру үшін қолданатын полимераза ферменті – акуызды байланыстыруға шешім қабылдады. Бірінші тізбекке комплиментар-лы екінші тізбекті салып бітіп, моторлы акуыз ДНҚ-полимеразалы негіздер қосу арқылы ДНҚ молекуласы бойынша қозғалады. Біртіндеп ол бастапқы тізбекті куыс арқылы өткізіп, өзіне қарай тартады. Үдеріс әрбір нуклеотид электрохимиялық әдістермен идентификациялануына жеткілікті жылдамдықпен өтеді (7.5-сурет).





7.5-сурет. Ақуыз - фермент ДНҚ - полимеразаның моторлы функциясы ДНҚ-ның біртізбекті молекуласын нанокуыс арқылы жеке нуклеотидтерді идентификациялауға үлгеретіндей баяу жылдамдықпен өткізуге мүмкіндік береді (Image: rsc.org ).

«Полимераза - моторлы акуыз», - дейді Гадири. «Ол: ДНҚ-ның куыс арқылы өту жылдамдығын баяулатумен қатар, молекуланың мұны сатылы режимде жасауына мәжбүрлейді». «Бұл ДНҚ-ң наноқуыс арқылы фермент көмегімен химиялық заттарды циклді қосуы. Онда ДНҚ- полимеразаға негізделген тәсіл Бейли өңдеп шығарған өтетін әрбір негізді идентификациялауға қабілетті наноқуыспен үйлестіріледі». «Бұл қиын мәселе болады, есесіне мұны жасаудың іргелі сұрағы туындамайды», - дейді ғалым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет