5.7-сурет. Кристаллиттерінің өлшемдері
3 (1),55 (2), 30 (3),27 (4), 22 (5) нм никель үлгілерінің электрлік кедергілерінің температуралық тәуелділіктері
Қабықшалардың электрокедергілерін талдау кезінде электрондардың сыртқы қабаттарда шашырауы мүмкіндігін, олардың топографиясын және көпқабатты құрылымын ескеру қажет. Электрлік кедергінің нанокристалдың қалыңдығына тәуелдік сипаты бойынша үш топқа бөлінеді:
1) Қалың, ірі кристалды обьектілердің өткізгіштігіне сәйкес келетін қабықшалар; мұндай монокристалды қабықшалардың минималды қалыңдығы шамамен 100 нм жоғары;
2) Жұқа ( 10 нм), қалың кабыкшалармен салыстырғанда өткізгіштігі төмендеу, ал электоркедергінің температуралық коэффициенті шамасы нөлге жуық;
3) Түбек тәрізді ( 1 нм), өткізгіштігі жинақы материалдардан бірнеше ретке ерекшеленетін ал электрлік кедергінің температуралық коэффициенті теріс шама болатын қабықшалар.
Наноматериалдардың электрлік касиеттерін талдау кезінде тасымалдаушылардың еркін жүріп өту ұзындығына нормаланған қабықша қалыңдығы , дәнек мөлшері және сыртқы қабаттардан электрондардың айналық бейнелену коэффициенті мен бөліну қабатынан электрондардың туннельдену коэффициенті маңызды рөл атқарады.
5.8-суретте қабықшалардың салыстырмалы электрлік кедергісінің олардың келтірілген қалыңдықтарына тәуелділік өзгерістері бойынша есептелген мәліметтері келтірілген. Бұл қисықтан қабықшалардың электрлік кедергісі оның қалыңдығына тәуелді еместігін көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |