«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»



бет77/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері

Осы жер 121 бетпен бітті.

146 бет басталды

Мысалы, сыртқы электр өрісін платина нанокристалдарына түсіргенде (L=10 нм) оларда артық заряд (әр атомға электронның 0,3 зарядына дейін) пайда болады. Дәл осындай жағдайда Аg-Ғе, Сu-Nі және осы сияқты басқа да жүйелерді бір-біріндегі ерігіштігі мен физикалық- химиялық қасиеттері біршама өзгереді.



5.2. Наноматериалдардың фонондық спектрлері және термиялық қасиеттері

Бөліну беттерінде атомдар санының көп болуы материалдардың фонондық спектрлеріне және онымен байланысты термиялық қасиеттерге (жылусыйымдылық, жылулық үлкею, балқу температурасы, жылу өткізгіштіктің торлық кұрамы және т.б.) біршама әсер етуі керек. Нейтрондардың серпімді емес таралуын зерттеуге арналған тәжірибелік мәліметтер мен теориялық есептеулер нәтижелері бойынша карапайым материалдар мен наноматериалдардың тербелмелі жиіліктерінің таралу функциялары g(v) біраз өзгеше болатыны анықталған. Наноматериалдардың фононды спектрлерінде қосымша төмен жиілікті және жоғары жиілікті модтар кездеседі. Кристалдық торлар динамикасының өзгерісі макроскопиялық монокристалдардың нанокристалдарға айналуы кезінде атомдар тербелісі амплитудасының артуына байланысты, ал фонондық спектр жұмсаратын сияқты болады (5.4-сурет). Көптеген зерттеулер нәтижелері наноматериалдардың жылу сыйымдылығы артатындығын көрсетеді; 5.1- кестеде әртүрлі материалдар үшін мәліметтер келтірілген.





5.4-сурет. Фонондық спектрлердің энергиялары мен жиіліктерінің таралу функциясы

а-Zr - (16 мас. %) бөлшектерінде нейтрондардың серпімді емес таралуы бойынша тәжірибелік мәліметтер (1) - 300 мкм өлшемді және (2)- 19 нм; 6- МgО макроүлгісі (1) және МgО нанокристалына (2) арналған есептеу нәтижелері (900 атом үшін)

Ірі кристалды материалдармен салыстырғанда наноматериалдардың жылусыйымдылық шамасындағы үлкен айырмашылықтар оларды алу кезіндегі деформациялық майысуларға байланысты болады (Рd, Сu, Ru). Селен мен Nі-Р құймасы үшін аморфты күйден кристалдануы кезінде деформациялық майысулар көп болмайтындықтан, бұл айырмашылық үлкен болмайды.

Ал төменгі температуралар аймағында, мысалы, наноматериалдардың электрондық жылусыйымдылығы деформациялық майысулар нәтижесінде біршама өзгеруі нәтижесінде тәуелділік күрделірек болады. Жылусыйымдылықтың электрондық құрам бөлігіне кванттық өлшемдік әсерлер температура шамасы , мәнінен төмен болғанда ғана байқалады деп күтуге болады, мұндағы с- электрондық деңгейлер арасындағы қашықтық, ал - Больцман тұрақтысы.

5.1-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет