Төменгі сатыдағы автотрофты өсім



бет3/10
Дата05.09.2020
өлшемі375,68 Kb.
#77289
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (2)

Таралуы және шаруашылықтағы маңызы. Балдырлардың көпшілігі суды, негізінен теңіз суларын мекендейді. Олардың біреулері, планктонның негізгі бөлігін түзіп, суда бос жүзіп жүреді, ал екіншілері судың түбіңде бос жатады немесе субстратқа бекініп тұрады. Соңғылары бентостың (су асты шалғындардың) негізгі бөлігін түзеді. Теңіздерде балдырлар 30 м тереңдікке дейін ерекше қалың болып өседі. Алайда көлеңкеге ең төзімді қоңыр жөне қызыл балдырлар 100—200 метрге, ал жекеленген түрлері 500 метр-ге және оданда көбірек тереңцікке дейін өседі.

Кейбір балдырлар өте төменгі температураның өзіңде тіршілік қабілетін жоғалтпайды. Мысалы, полярлық еңдікте және таулардың биік белдеулеріңде (альпалық, субалыгалық) балдырлар қардың үстіңде өседі және оларды қызыл, жасыл, қоңыр, сары түстерге бояйды (қар хламидомонадасы).



Балдырлар топырақтың бетінде, топырақтың жоғарғы қабаттарыңда, тіптен атмосфералық ауада (хлорелланың кейбір түрлері) өмір сүреді. Балдырлардың жекелеген түрлері




134-сурет. Балдырлардың өмірлік циклындағы диплоидты және гаплоидты фазалардың ара салмағы:



А-улотрикс; Б-ульва; В-ламинария

бактериялармен бірге өнім бермейтін, құнарсыз субстраттарға түсіп, оларды алғашқы мекендейтін пионерлер болып табылады. Олардың көпшілігі топырақ тұзу процесіне актипті түрде қатынасады. Азотты ауадан бойына сіңіруге қабілетті балдырлар, топырақты азотпен байытады. Жасыл балдырлардың кейбір түрлері комплексті организмдердің — қыналардың құрамына кіреді. Балдырлар суды оттегімен байытып қана қоймайды, сонымен бірге балықтардың, суда жүзетін құстардың жемі болып табылады. Балдырлардан дайындалған ұнмен ауылшаруашылық жануарларын қоректендіреді. Балдырларды тыңайтқыш ретінде де пайдаланады. Қоңыр және қызыл балдырлардан кондитер өнімдерін өндіруге және микробиологиялық өндірістерге қажетті агар алынады, ал олардың күлі бром және йод алуға қажетті шикізат болып табылады.



САРЫ-ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ (ЖЕЛТО-ЗЕЛЕНЫЕ ВОДОРОСЛИ) -

Бұл бөлімге 2,5 мьщдай түр жатады. Олардың талломы көп клежалы жіп тәрізді, клеткаланбаған және т.б. болып келеді. Сары-жасыл балдырлар негізінен тұщы суларды, сиректеу тұзды суларды мекевдейді Бұл жерлерде олар плактовдардьщ, кейде бентостардың да маңыздьі компоненттерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге сары-жасыл балдырлар топырақта да және тастың бетінде де өседі. Олардың клеткаларының қабықшалары протопектиңді, целлюлозасы аз болады. Ядросы көп жағдайда біреу, ал клеткаланбаған түрлерінің ядросы көп болады. Хроматофорывда хлорофиллден басқа, толломға сары-жасыл түс беретін каратиноидтар болады. Пирено-идтары болмайды. Артық қор заттары ретінде шыны майы, кейде лейкозиннің және валютиннің түйіршіктері жиналады. Вегетативтік көбеюі клетканың екіге бөлінуі арқылы немесе талломдардьщ бөлшектері арқылы жүзеге асады. Жыныстық процесі негізінен изогамиялы, сиректеу оогамиялы болып келеді. Зооспоралары мен сперматозоидтарыньщ ұзындықтары әртүрлі, екі талшығы болады: оның біреуі қысқа, түзу, жылтыр, ал екіншісі ұзын және қауырсыңды больш келеді.



Классификациясы. Бұл бөлім мынадай 6 кластан тұрады: ксантомонадалылар класы, ксантоподалылар класы, ксантокапсалылар класы, ксантококкалылар класы , ксантотрихалылар класы, ксантосифондылар класы. Осы 6 кластың ең үлкені және теориялық түрғы-дан маңыздысы ксантосифондылар класы. Сондықтанда осы класқа қысқаша тоқталамыз.

КСАНТОСИФОҢДЫЛАР КЛАСЫ (КСАНТОСИФОНОВЫЕ)

Бұл класқа сифовды құрылысты, басқаша айтқанда талломы клеткаланбаған сары-жасыл балдырлар жатады. Кластың негізгі туысының бірі — вошерия (Үаисһегіа) (135-су-рет). Вошерия туысын соңғы уақыттарға дейін жасыл балдырлар бөліміне жатқызып келген. Алайда пигменттерінің құрамына және ассимиляциясының өнімдеріне қарай систематиктер бұл туысты сары-жасыл балдырларға жатқызуға мәжбүр болды. Табиғи жағдайда бұл түр ақпайтын тұщы








135-сурет. Вошерияның өмірлік циклы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет