Төменгі сатыдағы автотрофты өсім



бет8/10
Дата05.09.2020
өлшемі375,68 Kb.
#77289
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (2)

Классификациясы. Жасыл балдырлар мынадай оес класқа бөлінеді: вольвоксты балдырлар класы, протококты балдырлар класы, улотриксті балдырлар класы, сифонды балдырлар класы, тіркеспелі немесе коньюгациялы балдырлар класы.

ВОЛЬВОКСТЫ БАЛДЫРЛАР КЛАСЫ (ВОЛЬВОКСОВЫЕ) -



Вольвоксты балдырлар класына жасыл балдырлардың ең қарапайым, монада құрылысты өкілдері жатады. Вегетативті жагдайда олар өмірінің соңьша дейін қозғалғыш болып келеді.

Вольвоксты балдырлардың басым көпшілігі бір клеткалы организмдер, сонымен бірге ценобиальды жөне колониялы (туысының түрлері) формалары да болады.

Жаз кезіңде ақпайтын көлшіктердің беті ашықкөк түске боялып тұрады. Олай болатын себебі мұндай суларда көптеген бір клеткалы планктон түрінде өмір сүретін балдырлар болады екен және олар осы суға изумруд секілді көкшіл өң береді. Шалшық сулардың немесе кішілеу көлшіктердің беттері жасыл бояуға боялған кездерде мұнда ең жиі кездесетін балдыр хламидомонада (140-сурет) болады екен. "Хламидомонада" деген сөзді грек тілінен аударар болсақ "сырты қабықшамен қапталған қарапайым организм" деген ұғым береді. Хламидомонада тек микроскоппен қарағанда ғана анық байқалатын бір клеткалы жасыл балдыр. Хламидомонада суда денесінің алдынғы жағынан кететін екі талшығы арқылы қозғалысқа келеді. Барлық тірі организмдер секілді хламидомонада, суда еріген оттегімен тыныс алады.

Хламидомонаданың сыртын жұқа мөлдір қабықша қаптап тұрады, оның астыңда цитоплазма мен ядро орналасады. Сонымен бірге жарықты оңай сезетін кішкентай қызыл "көзшесі", іші клетка шырынына толы үлкен вокуольясы және кішкентай екі қозғалғыш вокуольясы болады. Хламидомонаданың хлорофилі жөне басқада бояғыш пигменттері хромотофорасыңда (грек тілінен аударғанда "түс беретін") болады. Ол жасыл түсті, өйткені құрамында бүкіл клеткаға жасыл өң беретін хлорофилл бар. Клетка қабықшасы арқылы хламидомонада судан минералды заттармен көмірқышқыл газ бойьша сіңіреді. Жарықта храмотофорасында фотосинтез процесінің нәтижесінде қант (одан крахмал) түзіледі және ауаға оттегі бөлініп шығады. Сонымен бірге хламидомонада өзін қоршаған ортадан суда еріген дайын органикалық затгарды сорып қабылдайды. Сондықтан да хламидомонаданы басқа бір клеткалы жасыл балдырлармен бірге суды тазартуға салынған құрылыстарда (сооружениях) арнайы өсіреді. Бұл жерде хламидомонада суды зиянды қоспалардан тазартады.

Хламидомонаданың жыныссыз жолмен көбеюі оның жазда қолайлы жағдайларда -бөлінуі арқылы жүзеге асырылады. Бөлінер алдына хламидомонада қозғалуын тоқтайды да, талшықтарын тастайды. Аналық клеткадан 2-4, ал кейде 8 клетка босап шығады да жекелеген особьтарға айналады. Қолайсыз жағдайларда (оттегі жетіспегенде, салқында, су қоймасы кепкенде) хламидомонада талшықтарын тастап, сыртына кілегей бөліп шығарады, алайда клетка бөліну арқылы көбеюге қабілеттілігін сақтап қалады. Осы ерекшелігіне байланысты хламидомонаданың пальмеллоидтық сатысы қалыптасады. Қолайлы жағдай туысымен оның клеткалары талшықтарын шығарып, қайтадан қозғалғыш хламидомонадаға айналады (141, А-сурет).

Жыныстьгқ жолмен көбейгеңде хламидомонаданың клеткасынан мөлшері жағьшан бірдей бірнеше (изогаметалар) зоо-спораға ұқсас ұсақ гаметалар (жыныс клеткалары) пайда болады (8—16, кейде 32-64). Гаметалар суға шығып екеу-екеуден қосылады. Бұл жағдайда зигота түзіледі, ол қалың қабықшамен қапталып қыстап шығады. Келесі жылы көктемде зигота бөлінеді. Нәтижесіңде төрт клетка пайда болады. Олар жас хламидомонадалар болып табылады (141, Б-сурет).

ПРОТОКОКТЫ БАЛДЫРЛАР КЛАСЫ (ПРОТОКОККОВЫЕ)

Протококты балдырлар класына негізінен бір клеткалы, ценобиальды, сиректеу колониялы организмдер жатады. Тек қарапайым жіп тәрізді және пластинкалы формалары ғана көп клеткалы болып келеді.

Бірклеткалы жасыл балдырлардың ішінде кең тарағандарыньщ бірі хлорелла. Ол тұщы суларда және топырақта көптеп кездеседі. Хлорелланың клеткалары ұсақ, шар төрізді, тек микроскоппен қарағаңда ғана жақсы корінеді. Хлорелланьщ клежасыньщ сыртын жылтыр қабықша қаптап тұрады, оның астыңда цитоплазмасы мен ядросы орналасады, ал цитоплазмасыңда — жасыл хроматофоры болады (142-сурет).

Хлорелла қозғалмайтын автоспоралары арқылы өте тез көбейеді және өзін қоршаған ортадан органикалық заттарды белсенді түрде сорьш отырады. Хлорелла жыныстық жолмен көбеймейді. Соңдықтаңда оны лас суларды биологиялық жол-мен тазартуға жиі пайдаланады. Космос корабльдеріндегі және сүңгуір қайықтардағы ауаның тұрақты және қажетті құрамын сақтап тұруға да аса қажет. Хлорелланы лабораториялық жағдайда оңай өсіруге болады. Хлорелланың жарықтың энергиясының 10—12% (жер бетіңдегі осімдіктер 1—2% ғана сіңіреді) сщіретіндігі анықталды. Хлорелланьщ клеткасыңда кеп мөлшерде қоректік заттар болады. Сол себептенде оны омыртқасыз жануарлардың тамағы (қорегі) ретіңде көптеп өсіреді. Соңғы кездері хлорелланы ондірістік мақсатта өсіруге бағытталған төжірибе жұмыстары жүргізіліп жатыр.

УЛОТРИКСТІ БАЛДЫРЛАР КЛАСЫ (УЛОТРИКСОВЫЕ)

Улотриксті балдырлар класына талломының құрылысы жіп тәрізді немесе пластинкалы болып келетін көптеген жасыл балдырлар жатады.

Ағын сулы өзеңдердің астыңдағы тастарда және шіріген ағаштардың қаддықтарыңда (коряга) жабысып тұрған ашық-кок түсті жіптердің жиынтығын коруге болады. Ол коп клеткалы, жіп тәрізді жасыл балдыр-улотрикс 143-сурет). Оның жіптері қысқа, цилиңдр тәрізді клеткалардың тізбегінен тұрады. Осы клежалардьщ әрқайсысында бір-бірден ядро және ұштары қосылмаған сақина тәрізді хроматофоры болады. Улотрикстің клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде жіптері ұзарып осіп отырады. Улотриксте хламидомонада секілді фотосинтез процесінің нәтижесінде қажетті қоректік органикалық заттарды (қантты) озі синтездейді жөне судан онда еріген органикалық заттарды сорып қабылдайды. Улотрикстің базалды клеткасы түссіз сопақша болып келеді. Ол арқылы жіпше субстратка бекініп тұрады.

Жыныссыз кобеюі сопақша болып келген төрт талшықты, сиректеу екі талшықты зооспоралары арқылы жүзеге асады. Зооспоралары қолайлы жағдайларда базальды



141-сурет. Хламидомонаданың өмірлік циклы:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет