Төменгі сатыдағы автотрофты өсім



бет7/10
Дата05.09.2020
өлшемі375,68 Kb.
#77289
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (2)

Көбеюі. Қызыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Қызыл балдырлар вегетативтік жолмен өте сирек көбейеді. Көп жағдайда үзілген таллома өліп шіриді. Сиректеу үзілген талломаларда арнайы өсу бүршіктері (выводковые почки) пайда болады, олардан келешегінде жаңа особьтар жетіледі.

Жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Қызыл балдырлардың споралары спорангияның ішінде бір-біреуден (моноспоралар) немесе төртеуден (тетраспоралар) пайда болады. Споралар спорангияның қабықшасының жыртылуының нәтижесінде босап сыртқа шығады да қабыққа оранады, содан соң судың түбіне шөгіп, өсе келе жаңа таллом (гаметофит) береді.

Жыныстық көбеюі оогамиялық жолмен жүзеге асады (139, Е-сурет). Аналық жыныс органы карпогон қысқа бұтақтардың қолтығыңда бір-бірден өседі. Карпогон -колба пішінді, ол кеңейген түпкі бөлімнен және жоғарғы жіңішке түтік тәрізді мойны трихогинадан тұрады. Қарапайым түрлерінің трихогинасы болмайды. Антеридий және карпогон сыртқы құрылысы жағынан айырмашылығы жоқ әр особьтарда дамиды. Антеридийден босаған аталық гамета (спермация) судың ағынымен карпогонға келіп трихогинаға жабысады да, қабықпен қапталады, содан соң трихогина арқылы карпогонның кеңейген бөліміне өтіп, жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады.

ұрықтанғаннан кейін трихогана жойылып кетеді, карпогонның кеңейген бөлімі ұлғайып, өсе келе көп клеткаға айналады, оны цистокарпий деп атайды. Цистокарпийден карпоспора дамиды, олар судың ағынымен таралады да, өсе келе балдырдың жаңа талломына (спорофитке) айналады.



Классификациясы. Қызыл балдырлар бөлімі 2 класқа бөлінеді: бангаевалылар класы флоридеялылар класы. Олардың әрқайсысыңда 6-дан қатар бар. Бангиевалылар класы саны жағынан көп болмайды. Онда 20-дай туыс, 70-тей тұр бар. Аса кең тараған туыстарына порфира, комсопогон және тағы басқалар жатады. Қызыл балдырлардың негізін флоридеялылар класы түзеді, онда 49 түқымдас бар. Бұл класқа леманеа , батрахоспермум, полисифония және көптеген басқа туыстарының өкілдері жатады.

Қызыл балдырлар адам өміріңде кеңінен қолданылады: олардан кондитер жөне басқада өнеркәсіптерде пайдаланылатын агар-агар алынады және микробиологиялық техника лабораторияларында микроорганизмдерді өсіруге қажетті қатты қоректік заттар дайындау үшін де пайдаланады. Теңіз жағалауыңдағы елдер де, мысалы Жапонияда балдырлар әртүрлі тағамдар жасауға пайдаланылады. Адам теңіз балдырларын химиялық өндірістеде жиі пайдаланады. Олардан иод, калий тұздары, целлюлоза, спирт, сірке қышқылы алынады. Одан басқа теңіз балдырларын малға азық ретінде және тыңайтқыш ретінде де пайдаланады.

ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ

(ЗЕЛЕНЫЕ ВОДОРОСЛИ) -

Түрлерінің жалпы саны 15 мыңдай. Әлемнің барлық жерлеріңде, негізінен түщы суларда, кейбіреулері теңіздерде, аздаған түрлері оқтьш-оқтьш су басудың нәтижесінде ылғалдығы артьш отыратын топырақтарда, ағаштардьщ діндеріңде, дуалдарда (заборах), гүл отырғызылған қьші құмыраларда (горшках) және т.б жерлерде кең таралған өсімдіктер.



Осы бөлімнің өсімдіктерін мысалға ала отырып эволюцияның екі бағытын аңғаруға болады. Бірінші бағыт, бір клеткалы бір ядролы формаларынан бастап, көп клеткалы көп ядролы формаларына дейін жеткен, бұл бағыттың ең жоғарғы сатысы каулерпа (Саиіегра, 144-сурет). Екінші ба-



140-сурет. Хламидомонада:



1-клетка қабықшасы; 2-плазмалемма; 3-хромотофор; 4-көзше; 5-пиреноид; 6-крахмал; 7-митохондрия; 8-Гольджи аппараты; 9-рибосомы; 10-эндо-плазматикалык тор; 11-ядро; 12-газды вакуолъ; 13-талшықтар.

ғыт, бір клеткалы формаларынан бастап, колониялы формалары арқылы, көп клеткалы жіптәрізділерге және одан әрі көп клеткалы|_талломдары сыртқы құрылысы жағынан жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік органдарына біршама ұқсас болып келетін формаларына дейін жеткен, бұл бағыттың ең жоғарғы сатысыхара (146-сурет)



Қозғалғыш организмдерді қозғалысқа келтіретін органдарьша, олардың ұзыңцығы мен формасы бірдей болып келетін екі, сиректеу төрт талшығы жатадьі. Клеткалары бір ядролы, кейде көп ядролы болуы да мүмкін (кладофоралар тұқымдасы . Хроматофораларьшда көп жағдайда пиреноидтар болады. Хроматофораларының формасы, мөлшері және клежадағы саны алуан түрлі болып келеді. Пигменттеріне хлорофилл, каротиноидтар жатады. Артық қор заттарьша крахмал және шыны майы жатады Вегетативтік, жыныссыз және жыныстық жоддармен көбеиеду. Жыныстық процесі барлық түрлеріңде белгілі және алуан түрлілігімен ерекшеленеді: изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет