А-жыныссыз көбеюі; Б-жыныстык көбеюі: М-мейоз: 1-вегетативті особъ; 2-зооспораның түзілуі; 3-зооспоралар; 4-гаметалардың түзілуі; 5-гамета-лардың бірігуі (капулляция); 6-зигота; 7-зиготаның өсуі; 8-зооспоралар.
143-сурет. Улотрикстің өмірлік циклы:
А-жыныссыз көбеюі; Б-жыныстық көбеюі: М-мейоз: 1-вегетативті особь; 2-зооспораның түзілуі; 3-зооспораның шығуы; 4-бос клетка ; 5-зооспоралар; б-гаметалардың шығуы; 7-изогамия; 8-9-зигота; 11-зиготаның өсуі; 12-зооспора.
клеткадан басқа кезкелген клеткадан 2—4-тен (макрозо-оспоралар), немесе көптен (микрозооспоралар) пайда болады. Олар аналық клеткадан босап шығып, біраз қозғалып жүргеннен кейін талшықтарын тастап, су түбіндегі тастың бетіне, не топыраққа бекініп бөліне бастайды. Олардан келешегінде улотрикстің жаңа жіпшесі дамиды.
Қолайсыз жағдайларда балдырдың кейбір клеткаларынан көптеген үсақ екі талшығы бар қозғалғыш гаметалар (4)-8-32(64) пайда болады. Гаметалардың мөлшері бірдей (изогаметалар), олар суға шығып екеу-екеуден қосылады. Әдетте өртүрлі жіптерден пайда болған гаметалар қосылады (оны гетеротализм деп атайды). Одан зигота түзіледі. Ол қалың қабықпен қапталып ұзақ уақыттар бойы тыныштық күйінде тұра алады. Қолайлы жағдайда зигота бөлініп одан төрт қозғалмайтын клетка — спора (автоспора) түзіледі. Олардың әрқайсысы су астына шөгіп жаңа жіп тәрізді балдыр улотриксқа айналады.
СИФОНДЫ БАЛДЫРЛАР КЛАСЫ (СИФОНОВЫЕ)
Бұл класқа жататын балдырлардың басқа жасыл балдырлардан айырмашылығы сол, олардың клеткалық құрылысы болмайды. Сифоңды балдырлар өте ертеде, жасыл балдырлардың көбінен бұрын пайда болған. Олардың қазіргі кезде өмір сүретін түрлерінің саны онша көп емес (400—500 түрден аспайды). Сифонды балдырлардың 90% теңізде өседі.
Негізгі өкілдерінің бірі каулерпа туысы (Сашегра) (144-сурет). Бұл Жерорта теңізінде жиі кездесетін, талломының ұзындығы 0,5 м., кейде одан да көптеу (1 метрге жететін) болатын балдыр. Сырт қарағанда оның субстратқа төселіп жататын "тамырсабағы", одан жоғары тік өсетін "сабақшасы" үлкен "жапырақ" төрізді жасыл пластинкалары және субстратқа бекініп түратын "тамыр" тәрізді ризоидтары болады. Алайда бұл протопласты барлығына ортақ, көп ядролы, жасыл дән тәрізді хроматофорасы бар, аса үлкен бір клетка түрінде болатын балдыр. Талломының қуысы ешбір перделермен бөлінбеген, яғни клеткаланбаған, бірақ оны целлюлозалы тіректер қиып өтеді. Нағыз жыныссыз көбеюі жоқ, кейде талломының бөліктері арқылы вегететивтік жолмен көбейеді. Жыныстық процесі изогамиялы. Өмірлік циклының барлығы дерлік диплоидты фазада өтеді. Мейоз изогаметалар түзілердің алдында ғана жүреді.
ТІРКЕСПЕЛІ НЕМЕСЕ КОНЬЮГАЦИЯЛЫ БАЛДЫРЛАР КЛАСЫ
Тіркеспелі балдырлар класына негізінен микроскопиялық хасыл балдырлар жатады. Түрлерінің жалпы саны 4700-дей болады. Олардың көбісін (4000-дай түр) десмидиялылар қатары түзеді.
Талломы көп клеткалы жіп тәрізді немесе бір клеткалы талшықсыз болып келеді. Жыныстық процесі тіркесу арқылы жүреді. Зооспораларымен гаметалары болмайды.
Негізгі өкілдерінің бірі көп клеткалы жіп тәрізді балдыр спирогара туысы (145-сурет). Ол сыртқы кілегеймен қапталған ашық-көк түсті матасқан жіптердің жиынтығы түрінде ақпайтын немесе жай ағатын сулардың қабаттарыңда жүзіп жүреді, немесе судың түбіңде салынды түзеді. Спирогираның клеткалары ұзынша созылған цилиндр пішінді болып келеді. Клетка қабықшасы қалың және ол целлюлозадан тұрады. Клетканың ішінде спирал төрізді бұралған, лентаға ұқсас хромотофоры болады. Оның ортаңғы бөлігінде бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан пиреноидтары болады. Оларды айнала крахмал дөндері қоршап тұрады. Крахмал дәндері пиреноидтардың айналасында ғана болып қоймай, сонымен бірге храматофораның барлық жерін тұтас жауып тұрады. Клетка қуысын үлкен вакуоля толтырып тұрады. Клетканың ортасыңда цитоплазманың тарам-далған жіпшелерімен қоршалған үлкен ядро орналасады. Оның бір немесе екі ядрошығы болады. Спирогира вегетативтік және жыныстық жолдармен көбейеді. Вегетативтік көбеюі жіптердің үзілуі арқылы жүзеге асады. Ал жыныстық көбеюі тіркесу (коньюгация) арқылы жүреді. Бұл жағдайда қатар жатқан екі жіптің клеткалары бір-біріне қарама-қарсы бағытталған өскіндер береді. Өскіндер бір-бірімен түйіскен кезде алдымен олардың ұштары кілегеймен қапталып бірігеді, содан соң қабықшалары еріп екі қатар жатқан клетканың арасын жалғастыратын канал (көпірше) пайда болады. Осы канал арқылы бір клетканың ішіңдегі протопласт екінші клеткаға өтеді, сөйтіп олар қосылып зигота түзеді. Зигота дөңгелектеніп, үш қабат қабықшаға ор-наласады да тыныштық қалпына көшеді. Зигота өскен кезде редукциялық бөлініс жүреді, сөйтіп төрт гаплоидты ядро пайда болады. Оның үшеуі өледі де, біреуі ғана тіршілік қабілетін сақтап қалады. Одан жаңа особь дамиды.
Жасыл балдырлардың табиғатта маңызы аса зор. Жа-сыл балдырлар фотосинтез процесінің негізінде органика-
144-сурет. Каулерпа:
Достарыңызбен бөлісу: |