Классификациясы. Қоңыр балдырлар бөлімі үш кластан тұрады: изогенераттылар класы, гетеро-генераттылар класы және цикласпоралар класы (Сусіозрогеае). Алайда біздер тек гетерогенераттылар класының кейбір кең таралган өкілдеріне тоқталумен шектелуді жөн көрдік.
ГЕТЕРОГЕНЕРАТТЫЛАР КЛАСЫ (ГЕТЕРОГЕНЕРАТНЫЕ)
Сонымен Ресейдің Қиыр Шығысыңдағы теңіздерде жэне солтүстік мұзды мұхиттың теңіздеріңде аса ірі көпклеткалы қоңыр балдырлардың бірі ламинария (Ьатіпагіа) өседі. Оның талломасы су астында жатқан тасқа немесе жартастарға ризоиды арқылы бекініп түрады. Ризоид ұғымы ғылымға гректің "риза" — тамыр және "идос" — кескін деген сөздерінен енген. Ризоидтан жоғары қарай онша жалпақ болмайтын ұзындығы 50—100 см-ден аспайтын цилиңдр формалы сағақ орналасады. Сағақтан саусақ салалы болып тілімделген немесе тұтас жапырақ тәрізді таллом кетеді. Сағақпен жапырақ төрізді пластинканың арасыңда интеркалиарлық өсу зонасы орналасады (басқаша айтқанда меристеманың участогі). Осы меристеманың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде сағақта, жапырақ тақтасы да ұзарып өседі. Ламинария көп жылдық өсімдік, оның сағағымен ризоиды қыстап шығады, ал жапырақ тақтасы жыл сайын үзіліп түсіп шіриді (солтүстік ендікте-қаңтар — ақпан айларында). Көктемде сағақтың ұшындағы меристеманың клеткаларының бөлінуінің нөтижесінде жаңадан жапырақ тақтасы пайда болады.
Ламинария жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбею органы больш зооспорангиялар саналады. Жапырақ тақтасы үзіліп түсер алдында, онда көптеен бір клеткалы зооспорангиялардың тобы (сорустар) пайда болады. Әрбір зооспорангияда ядро редукциялық жолмен бірнеше рет бөлінеді, нөтижесінде одан көптеген (16-64) зооспоралар жетіледі. Ал балдырдың әрбір особьнан миллиардтаған зооспоралар пайда болады. Зооспоралар біраз жүзіп жүргеннен кейін қозғалысын тоқтатып, судың түбіне шөгеді де ұсақ аталық жөне аналық өскіншелер (гаметофиттер) береді. Аталық өскінше тарамдалған жіпшелерден түрады, одан аталық жыныс органы антеридийлер пайда болады. Аналық өскіншеде бірнеше клеткадан тұратын қысқаша жіпшелер. Олардан аналық жьшыс органы оогонилер жетіледі. Әрбір оогониде бір-бірден жұмыртқа клеткасы болады. Пісіп жетілген жүмыртқа клеткасы жалаңаш күйінде оогониден сыртқа шығьш, оның үстіне бекініп тұрады. Осы жерде оны антеридийден босап шыққан аталық жыныс гаметасы (сперматозоид) келіп ұрықтандырады. ұрықтанған жұыртқа клеткасынан зигота түзіледі. Зигота тыныштық кезеңіне ауыспай-ақ өсіп диплоидты өсімдік (спорофит) береді. Әдетте ламинария күн сәулесі жақсы түсетін, судың онша терең болмайтьш қабаттарында өседі.
Қоңыр балдырлардың орман түзетін ерекше үлкен түрлеріне макроцистис (60—100 м), нереоцистис (, 25 м), лессония 4 м) және тағы басқалар жатады. Мүндай аса ірі балдырлар оңтүстік және солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауында, Оңтүстік Африканың батыс жағалауында, Алясканың, Алеут, Командор және Куриль аралдарының жағалауларында өседі.
Қоңыр балдырлар су астында аса көп мөлшерде фитомасса беретін шалғын түзеді. Оларды жем-шөптік, азық-түліктік, дәрілік және техникалық өсімдіктер ретінде маңызы жыл санап арта түсуде. Әсіресе тамаққа ламинария жиі пайдаланылады, оны теңіз капустасы деп атайды.
ҚЫЗЫЛ БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ (КРАСНЫЕ ВОДОРОСЛИ)
Қызыл балдырлардың түрлерінің жалпы саны 4 мыңдай болады. Олар тропикалық және субтропикалық елдердің теңіздеріндё, кейде климаты қоңыржай болып келетін облыстарда да көптеп кездеседі. Тек аздаған түрлері ғана суы тұщы бассейндер мен топырақта өседі.' Қызыл балдырлардың талломы ұзындығы 2 м дейін жетётін көптеген бұтақтанған жіпшелерден, сиректеу пластинка немесе жапырақ тәрізді құрылымнан тұрады. Қоңыр балдырлар секілді бұларда да, ұлпаларға дифференциациялану байқалады
139-сурет. Қызыл балдырлар:
А-каллитомнион; Б-гигартина; В-литотамнион; Г-диазия; Д-делессерия; Е-немаллионның жыныстык процесі: 1-карпогон; 2-қүрсағы; 3-трихогина; 4-антеридилер; 5-спермация; 6-құйылуы (капулляция); 7-зигота; 8-карпо-спораның түзілуі; 9-карпоспоралар.
(139-сурет). Талломының өсуі диффузды (арнайы мамандан-ған өсу зонасы болмайды) немесе төбелік клеткалары арқы-лы жүзеге асады (өсу зоналары өсімдіктің тарамдалған тал-ломының төбесіңце жинақталған). Ең қарапайым түрлерінің талломы бір клеткалы, немесе колониялы болып келеді. Өмірлік цикліңде қозғалмалы талшықты формалары болмайды. Хроматофорлары көп жағдайда диск тәрізді болып келеді, пиреноидтары болмайды. Қор заттары ерекше багрянкалы крахмал түріңде жиналады. Кейбір түрлерінің пектинді-целлюлозды клетка қабықшалары, клетка аралық заттармен бірге, көп мөлшерде шырыштанатыны сонша, олардың талломы түгелдей шырышты кескінге (консисиенцияға) келеді. Соңдықтанда мүндай баддырларды агар алуға қажетті шикізат ретінде пайдаланады (анфельция , гелидиум — , грацилярия туыстары). Ал екінші бір түрлершің клетка қабықшаларьшың сыртын известь қаптап, әртүрлі ою-өрнек түзеді. Мұндай известтен тұратын ою-өрнектер талломға ерекше мықтылық береді (литотамнион, литофиллум — туыстары). Мұңдай түрлер коралл рифтерінің түзілуіне қатысады.
Қызыл балдырлар өдетте теңіздің түбіңде аса үлкен тереңдікте өседі. 'ҚЫЗЬІЛ балдырлардың клежаларында хлорофилл, каротин жөне ксантофилден басқа тек осы балдырлардың тобьша тән қызыл фикоэритрин және көк фикоциан пигменттері болады. Аталған гшшенттердің орайласып келуіне байланысты қьізыл балдырлардың талломасы ашық-қызылдан көкшіддеу — күлгін түске дейін боялады. Қызыл балдырлардың түсінің осылай больш келуі олардың 100 м тереңдікке дейін жететін күн сәулелерін бойьша сіңіруге мүмкіңдік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |