«Томпаңдаған бөбегім, Ертеңіңе сенемін!»



Дата17.03.2020
өлшемі127,25 Kb.
#60356
Байланысты:
Томпаңдаған бөбегім

«Томпаңдаған бөбегім, Ертеңіңе сенемін!»

Тәрбие сағаты

Ата - аналармен жұмыс

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.

Көрнекілігі: слайд, видеоролик, ватман, маркер, алмалар, себет, бланк, алтын балық макеті, жәшік, картоп

Жоспар:


  1. «Менің балам ...» кезеңі

  2. Видеоролик

  3. Жедел сауалнама

  4. Тренинг

  5. «Бала тілі бал» кезеңі

  6. «Ыстық картоп» ойыны

  7. «Ашығын айтсам...» кезеңі

  8. «Алтын балық тілегі»

Барысы:

Аға тәрбиеші: Құрметті ата-аналар! бүгінгі біздің шағын орталығымызда ұйымдастырылып отырған «Томпаңдаған бөбегім, Ертеңіңе сенемін!»тақырыбындағы тәрбие сағатына алтын уақыттарыңызды бөліп, бала тәрбиесіндегі өз жауапкершілігіңізді сезініп, келіп отырғандарыңызға көп-көп рахмет! Сіздерден жұмысымыздың барысында мына заңдылықтардың орындалуын сұраймыз. 
-Бір-бірімізді тыңдайық 
-Белсенділік танытайық
-Уақытты үнемдеймдейік 
-Өз ойларымызды ортаға салайық

Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар»- дейді.

Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.

Ал біз қазіргі уақытта жұмысбастылықпен балаларымыздың іс - әрекеті, мінез - құлқы, қызығушылығы мен бейімділігіне немесе күнделікті көңіл - күйіне жеткілікті көңіл бөлеміз бе?

Балаларымыз қалай өсіп келеді?

Алдағы жарты сағат уақыт ішінде осы сұрақтар төңірегінде ойланып көрейік

Отбасы – бала тәрбиесіндегі ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде баланың жан-жақты тәрбие алып, білім алуына ең бірінші ықпал ететін тәрбиеші ұстазы болса, оның сүйеніші ата-анасы. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алып, тәрбиелі болуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктін бір бөлігінде, яғни, 8 сағат шағын орталықта болса, қалған уақытта отбасында тәрбие алады. Ендеше сіз бен біз тығыз байланыста болып, балаға бірдей талап қойсақ, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз. Бір ауызбіршілікпен балаларымызға барынша жақсы тәрбие беруге ат салысайық.

Тәрбиеші: Бүгінгі басқосуымыз әдеттегі іс - шараларға қарағанда өзгеше.

Бүгін сіздер бір сәт балалық шақтарыңызға қайта ораласыздар, балаларыңыздың көзқарастарына сәйкес ойланасыздар, балаларыңызды өздеріңізге беймәлім қырынан танып білулеріңіз де мүмкін. Ендеше іске сәт дейік!



Тәрбиеші: І кезеңіміз «Менің балам...» деп аталады. Бұл кезеңде сіздерге өз балаларыңызды барынша мақтап қалуға мүмкіндік бар. Әңгімелеріңізді кезекпе - кезек «Менің балам..»- деп бастап, әрі қарай өз балаларыңыздың тәтті қылықтары, мінезіндегі, түр – сипатындағы ерекшеліктері, т. б. туралы баяндау ұсынылады. Дайын болсақ бастайық!

----------------------------------------



Тәрбиеші: Әңгімелеріңіз үшін көп рахмет. Өз балаларыңызды жақсы біледі екендеріңіз белгілі болды. Десе де сіздерге кішкентай ғана бір емтихан ұйымдастырған едім, тамашалап көрсек...
(Бейнетаспада әр түрлі карнавалдық костюм киген балалар өз еріктерімен ойнап жүргендері көрсетіледі)
Тәрбиеші: Мына бейнетаспадан өз балаларыңызды іс - қимыл, жүріс - тұрысынан дөп танып айтып берсеңіздер....... (Ата - аналар жауабы)
Тәрбиеші: Жауаптардың дұрыс бұрыстығына көз жеткізу үшін экранға назар аударайық. (Тәрбиеші қорытындысын шығарады)
Тәрбиеші:............................. отбасы өздерінің алғашқы ұпайларын жинап та үлгерді. (............................. отбасында әлі де ұпай жоқ.) Байқап отырғандарыңыздай әрбір дұрыс жауап үшін қоржындарыңызға 1 ұпай қосыла береді, тиісінше бұрыс жауапқа ұпай берілмейді.

Тәрбиеші: Келесі кезең «Жедел сауалнама» деп аталады. Бұл сұрақтарға сіздердің балаларыңыздың жауаптары алынып қойылған, дәл сол сұрақтарға енді сіздер көп ойланбай тез арада жауап берулеріңіз керек.

1. Балаңыздың ең сүйікті тағамы?

2. Өскенде балаңыз кім болғысы келеді?

3. Балаңыз отбасында «кімнің баласы?»

4. Балаңыздың ең жақсы көретін ойыншығы не?

5. Балаңыз неден қорқады?

6. Балаңыздың ең жақын досы?

7. Баланыздың топтағы орамал, төсек, шкафтарындағы суреті не?



Тәрбиеші: Белсенділіктеріңіз үшін көп рахмет! Балаларыңыздың тәрбиесіне алаңдаулы көңілдеріңіз қуантарлық. Сонда да болса кейде жұмыстан шаршап немесе бірдеңеге ренжіп келгенде «ашу - дұшпан, ақыл - дос» екендігін ұмытып кетпеудің бір жолы ретінде сіздермен бір тренинг ұйымдастырғым келіп тұр. Барлығыңызды ортаға шақырамын.

Тренинг:

«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөліп, отырыңыздар. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады). Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.

(Музыкалық сүйемел, қалам - қағаздар)

Тәрбиешілерге деген талап - тілектеріңізді «тамыр тобы»- тамырға, «діңгек

тобы» - діңгекке, «жапырақ тобы» - жапыраққа жазыңыздар.

Осы ағаштың тамыры – ата - ана, діңгегі - тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз.

Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді. Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп, балаларыңыздың қызығын көрейік. (музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу)



Тәрбиеші : Сәл серігіп қалдық. Енді ойынымызға қайта оралайық. Сіз бен біз үшін ортақ балаларымыздың тұлғалық қалыптасу үдерістерін тереңірек түсіну аса маңызды. «Бала тілі - бал» атты келесі кезеңде бүлдіршіндеріміз бал тілдерімен жұмбақтар жасырады, сіздер кезек күтпестен шешімін табуларыңыз керек. Экранға назар аударыңыздар. (Экранда балалар жеке - жеке жұмбақтар жасырады, ата - аналар шешімін табады)

Тәрбиеші: Тілдерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ой - өрістерін

өсіру мақсатында балаларыңызбен жиі - жиі жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақ т. б. жаттауға, күнделікті сөйлесіп тұруға кеңес береміз.

«Ыстық картоп» ойыны. Ыстық картопты қолымызда көп ұстамай, жылдам бір-біріңізге берулеріңіз керек. Музыка тоқтағанда кімнің қолында картоп қалып қалса, соған сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа ұпай беріледі.

1. «Айгөлек» шағын орталығының ұжымында қанша адам бар?

2. Ортаңғы топтың тәрбиешісінің көмекшісі кім?

3. Зауреш апай қай топтың тәрбиешісі?

4. Кіші топтың тәрбиешілерінің толық аты-жөні кім?

5. Ортаңғы топта қанша бала тәрбиеленеді?

6. Эльмира апайдың әкесінің аты (Отчествосы) кандай?

7. Бағила апай қандай қызмет атқарады?


Тәрбиеші: Ал енді «Ашығын айтсам ...» кезеңіне орын берейік. Мен Сіздер біздің шағын орталық ұжымы туралы, жалпы шағын орталық туралы не ойлайтынызды білгім келіп тур. Кейбір жайттарды Сіздер дауыстап айта алмай жатасыздар, сол себептен алдарынызда жатқан қағаз бетіне анонимді түрде «Біздің шағын орталықтың несін өзгертер едіңіз соны жазып, мына жәшікке салыңыздар.

Марапаттау.



Тәрбиеші: Бүгінгі басқосуымыз аяқталып та келеді. Сөз соңында сіздерді тағы да ғажайыптар әлеміне шақырсам деймін. Егер сіздің қармағыңызға алтын балық ілініп, ең маңызды, ең, ең, ең..... деген жалғыз ғана тілегіңізді орындаймын десе қандай тілек тілер едіңіз?

Алтын балыққа тілек. (Барлық ата - аналар жауабы)



Тәрбиеші: Жақсы тілектеріңіз періштенің құлағына шалынсын. Бүгінгі күні алдымызда томпаңдап жүгіріп жүрген бүлдіршіндеріміздің ертеңгі күндері жарқын болсын! Бүгінгі басқосуымыздың нүктесін қояйық, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Алтын уақыттарынызды бөліп келгендеріңіз үшін алғысымды айта отырып, отбасыларынызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді.

Бүгінгі басқосуымыз туралы өз пікірін білдіру үшін мектеп директорына сөз кезегін берейік.



Қорытынды сөз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет