«Жыл оқушысы» республикалық конкурсының мектепішілік кезеңі
Конкурстың мақсаттары:
оқушылардың білім деңгейін арттыру;
оларды білімнің әртүрлі салаларында дербес ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмысқа тарту;
тұлғалық қабілеттерінің жаңа деңгейін қалыптастыру.
Конкурстың міндеттері:
мектеп оқушыларын рухани-адамгершілік тәрбиелеу және қалыптастыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
оқушылардың зияткерлік дамуы;
әр түрлі қызмет түрлерінде жоғары уәжді және дарынды оқушыларды анықтау, дамуы және қолдау үшін жағдайлар жасау;
мектеп оқушыларының оқуға деген уәжін дамыту;
конкурсқа қатысушылармен жұрт алдында сөз сөйлеуге, тыңдаушылардың алдында өздерінің нанымдарын қорғауға дағдылануы;
дарынды балалар мен педагогтардың қауымдастығын қалыптастыру;
мектептегі білімнің беделін арттыру.
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді оқушылар, ұлағатты ұстаздар. Мектебімізде ұйымдастырылып отырған"Жыл оқушысы" байқауына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Бүгінгі күн – білімділердің жұлдызы жоғары тұрған күн! Бүгінгі күн – өнерлілер мен білімділердің тоғысқан күні! Бүгінгі күн – оқушының жұлдызы жанған күні! Сонымен, алдарыңызда, «Жыл оқушысы» сайысына қатысушылар. Олар үздіктер,олимпиада жеңімпаздары, шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары, оқу шеберлері, спорт майталмандары мен өнер тарландары! Қарсы алыңыздар!
7-сынып оқушысы – Насипкалиева Алия Баубековна
7-сынып оқушысы – Жулкашева Жаннур Бактыбековна
7-сынып оқушысы – Бакытова Айназ Калихановна
8-сынып оқушысы Ибраш Берікқали Оразғалиұлы
9-сынып оқушысы Насибулла Риза Бекежанқызы
11 сынып оқушысы Абдулова Гүлназ Қайсарқызы
Бұл сайыскерлер сайыстың әр қырынан жұлдыз болып көріне алады. Біз - алыс сапарға бел буып, кемемізді білім дариясына түсірген ұжымбыз. Біз –ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты оқушылармен мақтана аламыз.
Конкурс барысы:
Конкурс 5 турдан тұрады.
І тур (сырттай) – өзін-өзі таныстыру. Мәлімделген қатысушы Power Point бағдарламасында орындалған (нысаны еркін) өзі туралы тұсаукесердіұсынады.
II тур – берілген тақырыптарға эссе жазу
ІІІ тур – Шешендік шеберлік конкурсы
IV турға қатысушылар конкурстың Ұйымдастыру комитетіне оқушының Портфолиосын ұсынады.
Жүргізуші: Әділқазы, аққазыға бір сәлем, Әділдікке бас иеді күллі әлем, Жүйрік озар байқауларда неше бір. Сарапқа сап әділдікпен шеше біл, демекші, ендігі кезекте әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.
1.
2.
3.
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты,Қырандай күшті қанатты. Мен жастарға сенемін-деп, жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдірген ақын Мағжан Жұмабаевтың сенімін сөзбен емес іспен көрсететін жастарымыз
ендігі кезегімізді қатысушыларға береміз.
Ал, сайыскерлер барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!
Достарыңызбен бөлісу: |