18-сұрақ:
Анықтама: f (х) және g (х) бір айнымалысы бар екі өрнек және олардың анықталу облысы Х болсын. Сонда f (х) > g (х) немесе f (х) < g (х) түріндегі теңсіздіктерді бір айнымалысы бар теңсіздіктер деп атайды.
Теңсіздікті ақиқат теңсіздікке айналдыратын мәндерді теңсіздіктің шындық жиыны деп атайды.
Теңсіздіктің шешімдерінің жиыныны табу дегеніміз – теңсіздікті шешу деген сөз. Мектептің математика курсында бір айнымалысы бар әртүрлі теңсіздіктер қарастырылады. Біз тек бірінші дәрежелі теңсіздіктерді қарастырамыз. Мұндай теңсіздіктерді шешудің негізінде мәндестік ұғымы және теңсіздіктердің мәндестігі туралы теоремалар жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |