Топ: ФҚӘ-112 Дайындаған: Қыдырбай Аружан


Қазақ әдебиетінде ежелден келе жатқан фольклорлық дәстүрді, ауыз әдебиеті дәстүрін жете меңгерген Мұхтар өз керегін ала білді



бет2/6
Дата21.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#132776
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
презентация әдебиет 15-апта

Қазақ әдебиетінде ежелден келе жатқан фольклорлық дәстүрді, ауыз әдебиеті дәстүрін жете меңгерген Мұхтар өз керегін ала білді. Жай көшіру емес, жаңа дәстүр әкелді. Тың дүниелер туғызды. Сонау Оғыз нама, Жүсіп Баласағұн, Қорқыт, қыпшақ әдебиеті, Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет, хандық дәуіріндегі әдебиеттен бастау алған қазақ әдебиеті Абаймен үндесіп, Мұхтар шығармашылығының қайнар бастаулары болды. Осыншалықты бай мұраның бүге – шігесіне, қыр – сырына толық қаныққан адам ғана қайталанбас туындыны дүниеге әкеле алар еді. Олай болса, Мұхтар шығармаларында халық тағдырын, ұлттық танымды, ұлттық психологияны, бай тіл қазынасын толық көрсете алған. Осы тұрғыда зерттеуші Жаңғара Дәдебаев «Абай жолы» эпопеясын сөз өнерінің шырқау биігіне шығарып, оның ақындық ажарын асырған құдіретті күш екеу: бірі – М. Әуезовтің суреткерлік ұлылығы, екіншісі – ұлы Абайдың көркемдік дәстүрлері» деген ой қорытады 
М. Әуезов бүкіл әлемдік, оның ішінде орыс және батыс әдебиеттерінің көркемдік деңгейіне көтерді. Ал сол эпопеяны айтпағанның өзінде де ол мейлінше көркем драматургиясы, повестері мен әңгімелері арқылы қазақ әдебиетінің классигі болып қала берді.
Әуезовке дейінгі қазақ әдебиетінің проза жанрындағы ешбір туынды европалық проза дәрежесіне көтеріле алмаған еді. Осы жерде С. Мұқановтың мына сөзі ойға оралады: «М. Әуезов жалпы ұлттық әдебиетке екі түрлі күрделі үлес қосты, оның бірі – проза, бірі драматургия». Беймәлім қазақ елін әлемге таныту, әдебиетімізді әлемдік дәрежеге көтеру – ұлы Мұхтардың үлесіне тиген еді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет