Топ: ФҚӘ-112 Дайындаған: Қыдырбай Аружан


Тарихи романистердің өнер адамдары жайлы романдарында өнер тақырыбын игеру М



бет6/6
Дата21.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#132776
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
презентация әдебиет 15-апта

Тарихи романистердің өнер адамдары жайлы романдарында өнер тақырыбын игеру М. Әуезов дәстүрі аясында жүзеге асырылды. Тақырыпты одан әрі жалғастыруда ғана емес, оны көркемдеп шешу тәсілдерінде де жазушылар М. Әуезов үлгісіне сүйенеді. Бұл типтегі шығармаларда өнердің адам, қоғам өміріндегі алатын орнын көрсетуде анық көрінеді. «Абай жолының» соңын ала дүниеге келген Ә. Кекілбаевтің Әбілхайыр туралы, Д. Әбілевтің Сұлтанмахмұт туралы, С. Жүнісовтің Ақан сері туралы, З. Ақышевтің Жаяу Мұса тағы басқа романдарды айтсақ та жеткілікті.
Әлеуметтік теңсіздік және оған қарсы күрес тақырыбы М. Әуезов шығармашылығында мейлінше кеңінен суреттелген. Шағын эпикалық формадағы шығармаларынан бастап, «Қараш қараш» оқиғасы, «Қилы заман»«Абай жолы» секілді үлкен эпос үстінде жазылған шығармалары түгелдей осы тақырыпқа арналған.
Қазіргі тарихи прозада бұл тақырып одан әрі жалғастырылды.
Х. Есенжановтың «Ақ Жайық», Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер», Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» Қ. Сәрсекеевтің «Қызыл жалау» және басқа осылар типтес романдарда кейіпкерлердің өмір шындығын, ондағы әділетсіздікті танып білу және бұл әділетсіздікке наразылық білдіру, қарсы күреске шығуы түрлі тәсілде, түрлі бағытта ашылады. Кейіпкер мен қоршаған өмір шындығы өзара тығыз байланыста алынып, бұл байланыстың нақты мүмкін формалары кең қамтылады.
«Ұлттық дәстүрлер көркемдік шеберліктің халықтар жинаған мол қазынасын ғасырдан – ғасырға әкеп тапсыратын эстафета іспетті. Дәстүрлер шебер суреткерлердің жаңашылдық ізденуі арқасында толысып, түрленіп отырады. Жаңа дәстүрлер туады», дейді М. Әуезов.
Әр халықтың жүрегінде терең із қалдыратын естен кетпес тарихи бел-белестер бар.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет