«Топқайың орта мектебі» кмм тақырыбы: Арқа төсіндегі ару қала



Дата08.12.2019
өлшемі0,65 Mb.
#53211
Байланысты:
Ашық тәрбие сағаты Арқа төсіндегі ару қала 4- сынып

«Топқайың орта мектебі» КММ


ТАҚЫРЫБЫ: Арқа төсіндегі ару қала
Өткізген: Байбатырова Назым Серикболатовна

2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: Арқа төсіндегі –ару қала.

Мақсаты:
Оқушыларды әсем қаламыз Астанамен таныстыру. Елорда туралы білімдерін толықтыру. Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту. Туған жерін сүйе білуге, Отанымызды өркендетуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Астана қаласы туралы видеоролик, Астана қаласының көріністері /суреттер/ 
Бағыты: Азаматтық, патриоттық, құқықтық 

Түрі: ашаық тәрбие сағаты

Жүргізу әдісі; ауызша журнал
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
2.  Кіріспе. Журналдың бірінші беті ашылады.

«Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы бойынша оқушылар 26-дыбыстан тұратын «Арқа төсіндегі ару қала – Астана» сөйлемді жаза отырып, тәрбие сағатымыздың тақырыбын ашады.

А – Астана - жастардың қаласы.
Р - республиканың орта тұсында орналасқан.
Қ - Қысы өте аязды, суық болатын қала.
А - Алғашқы атауы – Ақмола.

Т - Теңіз, Қарасор, Балықты көл, Қыпшақ көлдері бар.
Ө - Өнерпаздардың «Шабыт», «Евразия» фестивальдері ашылды.
С - сәулетті жапон сәулетшісі Кисе Куракова жоспарымен жасалды.
І - Іргесі 1830 жылы қаланды.
Н - Нұра өзені ағады.
Д - Даму қарқыны бойынша 1-орында тұр.
Е- Елбасының игі бастамасымен зәулім ғимараттар салынды.
Г- Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті - білікті жас мамандар болашағы.
І- Ірі өзендері – Есіл, Нұра.

А- Алғашқы адамдары ашель-мустьер заманында алғаш қоныстанған.
Р- Рамстор ірі сауда орталығы қазір өмір талабына сай жасалған.
У- Уран, алтын, боксит, мыс, көмір, кварц құмдары т.б. пайдалы қазбалар бар.

Қ- Қорғалжын қорығы батысында орналасқан.
А- Астана өмірі, тарихы жайлы Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты кітабы бар.
Л- Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала.
А- Астанада «Отырар» кітапханасы орналасқан.

А- Алтыншы шілде Елордамыз - Астананың туған күні.
С- Символы-Бәйтерек.
Т- Техникалық алмастың бүкіл қоры Астанада бар.
А- Астанадағы Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстемов жобалаған.
Н-«Нұр - Астана» зәулім күмбезді мешіті бар.
А- Астана Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» халықаралық конкурстарда «Бейбітшілік қаласы» аталды.
Журналдың екінші беті ашылады.

Әр оқушы өзі дайындап келген мәлімет бойынша Қазақстан астанларына тоқталады.

Айша:

Орынбор (1938 – 57 ж. Чкалов) (орыс. Оренбу́рг) – . 1920 ж. 4 қазанда Орынборда Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрылды. Орынбор 1920 – 1925 ж. Қазақ АКСР-інің астанасы болды. Қазіргі кезде Орынбор Ресей Федерациясындағы қала, облыс орталығы. 1735 ж. бекініс қамал ретінде қаланып, аты Ор өзеннің атына байланысты қойылған. Халқы 529,6 мың адам (1998). Қалада машина жасау, химия, мұнай химиясы, тамақ жасау, т.б. өнеркәсіп түрлері жақсы дамыған. 4 жоғары оқу орны, өлкетану және бейнелеу өнері мұражайлары бар.. Қазіргі уақытта Орынбор облысында 120 мыңдай қазақтар тұрады. Олар негізінен Домбар, Ясный және Адамов аудандарына шоғырланған. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты облыс қазақтары “Достық”, “Үркер”, “Қазақ тілі” және т.б. мәдени орталықтарға бірігіп, өздерінің “Айқап” атты газетін шығарады. 

Балнұр:

Қызылорда – қала, Қызылорда облысының әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы (1938 жылдан). Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қала Қамысқала атты елді мекенде 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды.1853 жылдың тамызынан басқыншы, генерал В.А. Перовскийдің атымен бекініс Перовск форты аталды. 1867 жылы Перовскіге қала мәртебесі беріліп, уезд орталығына айналды. 1901-06 жылдары Орынбор – Ташкент теміржолының салынуына байланысты қала халқы қарқындап өсті. Кеңес өкіметі Қазақстанда ең бірінші осы Перовскіде, 1917 жылы 30 қазанда (12 қараша) орнады. 1922 жылы қаланың Ақмешіт аты қайтарылғанымен, 1925 жылдың сәуірінде Қызылорда деп қайта өзгертіліп, 1929 жылға дейін Қазақ АКСР-інің астанасы мәртебесі берілді.

Айтұмар:

Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақша-қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.



Кейбір деректерге сүйенсек, ескі замандарда осы жерде, яғни керуен жолы — Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан. ХІІІ ғасырда оны Шыңғысхан ордасы тас талқан етті. 1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Кеңес Одағы жылдары қала атауы Алма-Ата болып өзгертілді, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Ата заң қабылданған сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата Алматы деп өзгертілді.

Ән: «Сағындым Алматымды» (Арыстан, Нияз)

Аружан

Астана қаласының негізі 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекііністен бастау алады. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 жылы қала мәртебесі берілді.

1863 жылы Ақмола округ, 1868 жылы уезд орталығына айналды.
Еліміздегі тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола облысымен бірге қаласы да елеулі өзгерістерге ұшырайды. 1960 жылы 26 желтоқсанда тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қала атауы Целиноград болып өзгертілді. 1997 жыл 20 қазанда Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

Айзада

1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып аталды және Елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10 шілде де Қазақстанның жаңа Елордасы – Астананың тұсауы кесілді.Бүгінде жас қала Астана мәдени дамудың жаңа сәулеттенуінің үлгісіне айналды. Астана күн санап жаңарып, жасылданып келеді. Ортасын қақ жарып өтіп жатқан Есіл өзені тіршілігіміздің күре тамыры іспетті, Астана қаласының озық архитектуралық жаңаруы барлық қазақстандықтарды жаңару жолына шақыруда үлгі көрсетуде.

Біз Астанамыз бен мақтанамыз.
Журналдың үшінші беті ашылады

«Астана қаласының мәдени ошақтары»

Абылай

«Бәйтерек» монументі.
Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, ең шыңында шишадан түзілген керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Заманауи қаланың көркем бейнесін ашып отырған көрініс кешені 97 метрді құрайды. Ол ел ордасы Алматыдан Астанаға 1997 жылы ауысты дегенді білдіреді.
Арыстан

«Хан шатыры»
Астанадағы «Хан шатыры» - Елбасының идеясы бойынша ағылшын сәулетшісі Норман Фостердің сызған жобасы. Кешеннің төбесінде үлкен антенна бар. Бұл антенна - сәукеленің үкі тағатын жері, эстетикалық жағынан сымбаттылық береді. Бұл-100 метрлік ғимараты «Sembol» деген түрік фирмасы салған.
Нияз

«Нұр Астана» мешіті.
Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі-43 метр, одан өзге 25 кіші күмбездері бар, биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.
Серік

«Тәуелсіздік Сарайы»
Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта ескі мен жаңаның үйлесімділігі бойынша жасалған бірнеше зал бар. Мәселен, 3082 адамға арналған Конгресс-залы, 268 орындық Рәсімдеу залы, 220 орындық Баспасөз орталығы мен 678 адамға арналған сахна мен мейрамхана орналасқан. Екінші қабат қолөнер және этнография, археология және антропология галереясына арналған. Оның ішіндегі археология залында Алтын адам, Сармат батыр, Барел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі жәдігерлермен таныс боласыз. Үшінші қабатта Астана қаласы тарихының мұражайы орналасқан. «Астана-2030» макет залы елорданың 2030 жылға дейінгі даму көріністерін көресіздер.
«Астана- ғажап қала» видеоролик көрсету

Журналдың төртінші беті ашылады

«Астанаға арналған жыр-шашу»

Балнұр:
     Ән дарыған далада шыңға айналған Астанам,

Төбесінде жарқырап, күн байланған Астанам!  

Жұлдыздары жамырап, ай кетпейтін Астанам,

Қыс та қиып кете алмай, жай көктейтін Астанам...



Айзада

  Ақтарылып ауасы, ағылатын Астанам,

Ертегімсің сен менің шынға айналған Астанам!  

Көкті сүйген көркімен таңдандырған Астанам,

Көңілінде көргеннің ән қалдырған Астанам.  

Абылай

Еркелеген Есілдің ағасындай Астанам,

Азаттықтың ақжолтай баласындай Астанам.  

Көзін ашып, тұрғанша күн бесіктен, Астанам,

Бір жеңе алмай жарығын, түн кешіккен Астанам...  

Мен қайтер ем түс болып, өң болмасаң, Астанам?!

Мен қайтер ем жаһанда сен болмасаң, Астанам?...    

    


Серік

Астана Астанам! Ару қалам, асқақ ордам,

Қалың жұрт, қазағыма қақпа болған.

Ту ұстап, тұлпар мінген бабаларым,

Бермеген ел намысын жатқа қолдан.

  Бозоғым, бозбеткейлім, баққа оранған,

Тарихтың қойнауынан тапқан олжам.

Баянды бақытымның бастауындай,

Айналдың Астанаға аппақ арман…  

Арыстан

Жар болып Жаббар Ие жалғыз ғана,

Ғасырға аяқ бастық ал біз жаңа.

Сұрланып сырт айналған суық көздер

Қарайды әлі саған сәл қызғана.  

Аружан

Көш келді Қараөткелге өр тұлғалы,

Кеңесін ерлерімнің ел тыңдады.

Тұлғасы бой көтерді Хан Кененің

Жарасып жарқ-жұрқ еткен ер-тұрманы.  

Нияз

Ертеңің ұлтын сүйген ұлыңа сын,

Қашан да еркіндіктің құны басым.

Керіліп кербез далам көсіледі,

Сезініп бостандықтың шұғыласын!  

Айша

Сан ғасыр армандаған Алаш бабам,

Жалғанды жалт қаратты жаңа Астанам.

Бірлікті байрақ етіп болашаққа,

Барайын, уа, Жаратқан, жол аш маған!

Мұғалім: Ал, балалар математикалық білімімізді пайдаланып Астана қаласы келер жылы неше жасқа толатынын есептейікші. Иә, дұрыс 2018 жылы Астана қаласының 20 жылдығын атап өтеді екенбіз. Бүгінгі тәрбие сағатымыз да сол мерейтойға арналды. Сендер өздерің қандай тарту арнайсыңдар?  

 Журналдың бесінші беті «Астанаға тарту » деп ашылады.



Ол жерге оқушылардың Астана қаласына арнап жазған өлеңдері мен эсселері, салған суреттері қойылады.

Қорытынды.
Балалар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» деген үндеуінде сендерге үміт артып отыр. Енді бір 20-30 жылдан кейінгі елімізді басқаратын және жоғарғы техниканы меңгерген жұмысшылар сендер боласыңдар. Астана қаласы аз ғана уақыт ішінде қарқынды жылдамдықпен өсіп келе жатырған біздің бас қаламыз. Сендерде терең білім алып, бас қаламыздай қалалар тұрғызуға өзіндік үлестерінді қосуларын керек.

Видеоролик көрсету

 

Астана әні ( хормен )



 

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет