Топырақтану



Pdf көрінісі
бет62/68
Дата05.09.2020
өлшемі0,89 Mb.
#77071
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68
Байланысты:
topyra tanu t m blisov
ab31bce0-2cd4-11e3-a7a3-f6d299da70eeУМКДмал шиз 3(1), Topyra tanu
 

Әдебиет1, С.164-166, 173-192; 2, С. 311-320, 337-355; 3, 73-81, 102-129, 

160-172 б; 9, С.310-333. 



 

11 Тақырып  Интрааймақтық топырақтар 

 

Мақсаты: Интрааймақтық топырақтардың қҧрылу жағдайлары мен 

процестері, қҧрылысы және қасиеттерін оқып білу. 



Дәріс сұрақтары:

  

       11.1 Кебірлер, қҧрылысы және қасиеттері 



       11.2 Сортаңдар, қҧрылысы және қасиеттері 

       11.3  Солодьтар (кермекті топырақтар) 

 

11.1  Кебірлер  –  шайылымды  немесе  иллювиальды  (В)  қабатында  кӛп 

мӛлшерде  сіңірілген  алмаспалы  натрий,  кейде  магний  иондары  да  бар 

топырақтар.  Онда  сіңірілген  натрий  мӛлшері  жалпы  катиондар 

сиымдылығының 15-20 % тең, ал магний 45% артық. 




 

69 


Қазақстанда  кебір  топырақтар  кӛлемі  9  млн.  84  мың  га.  Кебірлердің 

тҥзілуі  туралы  бірнеше  ғылыми  тҧжырымдар  бар  және  олардың  барлығы 

кебірдің  тҥзілуіне  натрий  иондарының  қатысы  бар  екенін  бір  ауыздан 

мақҧлдайды.  К.  Гедройцтың  тҧжырымдамасы  бойынша  кебірдің  тҥзілуі 

натрий  иондарының  әсерінен  топырақтың  тҥйіршектерінің  ыдырап,  оныңы 

ҥстінгі  бетінен  коллоид  бӛлшектердің  жылжып  тӛмен  тҥсіп,  иллювиалды 

кебірленген  қабаттың  пайда  болуымен  байланысты.  Жалпы  бҧл  топырақ 

тҥзілу  процесінің  теориясын  коллоидтық-химиялық  деп  атайды.  К. 

Гедройцтың  теориясы  бойынша  кебірлену  процесі  2  кезеңде  ӛтеді:  а) 

топырақтың бейтарап тҧздармен сортаңдануы немесе тҧздануы, яғни сортаң 

топырақтығ  жаралуы,  б)  соңғының  кебірлену  қҧбылысына  шалдығуы  және 

ерекше  қасиеттері  бар  кебір  кескінінің  қҧрылуы.  К.  Гедройц  сортаң 

шайылуының  ҥш  сатысын  ажыратқан:  жеңіл  еритін  тҧздар  шайылуы;  сода 

тҧзының  пайда  болуы;  топырақ  тҥйірлерінің  бытырап,  кескін  бойы  тӛмен 

жылжуы. 

Сонымен қатар кебірлердің тҥзілу процесі жайындағы ілімге К. Глинка, 

В. Вильямс, Е. Гильгард, В. Ковда, Н. Панов және б. ҥлесін қосты. 

Қазақстанда  кӛбінесе  кебірлердің  пайда  болуына  тҧзы  кӛп  топырақ 

тҥзуші аналық тау жыныстары немесе жер бетіне жақын орналасқан натрий 

тҧздары мол ыза судың ықпалы себеп болады. 

Кебірлер  тегіс  немесе  ойпаттау  жер  бедері  бар  алқаптарда,  аумақты 

Батыс  Сібір  жазықтығы,  Каспий  маңы  ойпаты  сияқты  ӛңірлерде,  ӛзен  кӛл 

жайылмасынан жоғарылау орналасқан террасаларда жиі кездеседі. 

Кебір топырақтар ҥстіндегі ӛсімдік жамылғысы кебірлерге бейімделетін 

ерекше  ӛсімдіктер  тобына  жататын  жусан,  изен,  кермек  сияқты  шӛптердің 

басым болуымен сипатталады. 

Кебір  топырақтағы  микроорганизмдер  мӛлшері  мен  тҥр  сандары 

аймақтық  топырақтарға  қарағанда  біршама  кем  және  топырақтың 

биологиялық белсенділігі де шамалы. Әсіресе бҧл кӛрсеткіштер кебір қабатта 

кҥрт кемиді. Бҧл топырақтардың ҥстінде балдырлар кӛп және олар топырақ 

ҥстіндегі минаралдардың ыдырауына ықпал жасауы мҥмкін. Сонымен қатар, 

бҧл  топырақтарда  омыртқасыз  жануарларда  шамалы,  осыған  байланысты 

топырақты қопсыту, араластыруға қатысушылардың аз екендігі байқалады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет