Топырақтану


Сортаң топырақтар кескінінің құрылысы



Pdf көрінісі
бет64/68
Дата05.09.2020
өлшемі0,89 Mb.
#77071
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
topyra tanu t m blisov
ab31bce0-2cd4-11e3-a7a3-f6d299da70eeУМКДмал шиз 3(1), Topyra tanu
Сортаң топырақтар кескінінің құрылысы: А-В-С. 

А  қабаты  жҧқа  болады,  одан  кейін  жеңіл  еритін  тҧздар  жиналған  В 

қабаты  орналасады,  осы  қабат  біртіндеп  аналық  тау  жынысы  қабатына  -С 

ауысады.    

Сортаңдар  автоморфты  және  гидроморфты  типтеріне  бӛлінеді. 

Автоморфты (қҧрғақ текті) сортаңдар екі типшеге бӛлінеді, олар: нағыз және 

тақырланған  сортаңдар.  Гидроморфты  (ылғал  текті)  сортаңдар  келесі 

типшелерге бӛлінеді: нағыз сортаң, шалғындық сортаң, батпақты сортаң, сор 

топырақ, жанартаулы-батпақты сортаң, тӛмпешікті сортаң. 

Сортаңдар  тҥрлерге,  тік  кескінінде  тҧздардың  жиналу  сипатына 

байланысты екі тҥрге бӛлінеді: ҥстінен сортаңданған (тҧздар 0-30 см ҥстіңгі 

қабатта  жиналған),  терең  сортаңданған  (тҧздароның  тік  кескінінде  ҥстіне 

бастап  терең  астыңғы  қабаттарына  дейін  жиналған).Сонымен  қатар  ҥстіңгі 

қабатының  морфологиялық  белгілеріне  байланысты  сортаңдар  келесі 

тҥрлерге  бӛлінеді:  қабыршақты  (NaCl  тҧзы  әсерінен  қабыршық  пайда 

болады),  ҥлпілдеген  (Na

SO

4



  тҧзы  әсерінен  ҥлпілдек  кристалдар  пайда 

болған),  ылғалданған  (CaCl

және  MgCl



2

  ылғаал  тҧтқыш  тҧздары  болып, 




 

72 


әрқашан  ылғалды  болады),  қара  сортаң  (Na

2

CO



3

  тҧзы  әсерінен  гумус  еріп 

топырақтың тік кескіні қараға боялған). 

Сортаң  топырақтарды  жақсартуға  ӛте  кӛп  қаражат  керек.  Сондықтан 

оларды қазіргі уақытта Қазақстанда жақсартып игермейді. Кейбір аудандарда 

оның  ҥстіне  біршама  ӛсімдік  жамылғысы  болса  мал  жайылымы  ретінде 

пайдаланады.  

    


11.3  Кермекті  топырақтар  –  негізінен  орманды  дала  мен  дала 

аймақтарында,  кӛбінесе  Батыс  Сібір  ойпатында,  аздап  қҧрғақ дала  мен  шӛл 

дала  да  кездеседі.  Кермекті  топырақ  кескінінде  мынадай  қабаттар 

айқындалған: А

0

, А 


1

, А 


2

, А


2

В, В (В


1

В

2



), С.  

А

0



 – орман тӛсеніші немесе шым, А

2

 – кермектелген, одан әрі ӛтпелі А



2

В 

қабат  жатыр,  келесі  В  –  иллювилі-шайылмалы  қабат,  кейде  қабатшаларға 



бӛлінген, иллювилі В

2

 –нің тӛменгі жағы, С – топырақ қҧраушы жыныс. 



К.  Гедройц  кӛз  қарасынша  кермектілер  кебір  топырақ  бҧзылуынан 

ондағы алмаспалы натрий сутегіне алмасуынан пайда болған. Сонымен қатар 

кермекті  топырақтардың  басты  белгісі  қҧрамында  5%  калий  сілтісіндегі 

еритін  аморфты  кремний  қышқылының  болуы.  Жалпы  ғалымдардың 

пікірлері  бойынша  кермектілер  қҧралуы  тек  арнайы  физикалық-химиялық 

және  химиялық  қҧбылыстарға  байланысты  емес,  бҧл  процесс  –  анықталған 

биологиялық және биохимиялық әрекеттер жиынтығы.  

 Гумус  мӛлшері  бҧл  топырақта  кең  ауытқымалы  (1,5-10%)  қҧбылмалы, 

әсіресе ол дала лимандарындағы шымды кермектілерде кӛп, гумустық заттар 

қҧрамында  фульвоқышқылдар  ҥлесі  артық,  негіздер  сіңіру  сиымы 

кермектелген қабатта тӛмен (10-15), иллювилі қабатта жоғары (30-40 мг/экв 

100  г  топырақта),  сінірілген  катиондар  ішінде  кальций  мен  магний  артық, 

натриймен  сутегі  аз.  Топырақ  ортасының  реакциясы  А

–  ліктің  реакциясы 



қышқыл  немесе  сәл  қышқыл,  ал  тӛменгі  қабатта  бейтарапты  немесе  сәл 

сілтілі. 

Қалыптасу  жағдайына  қара  кермектілер  ҥш:  шабынды  далалық, 

шабынды 


(шымды-глейлі) 

және 


шабынды-батпақты 

(шымтезекті) 

типшелерге бӛлінеді. 

Шабынды далалық кермектілер ақ қайыңды шҧбар орман астында, ойпаң 

жерлерде, шӛптесін астында қҧралады. 

Шабынды-батпақты  кермектілер  ойпаңдарда  ,  шабынды-батпақты 

ӛсімдіктер астында, ыза деңгейі жақын жатқан (1 м) жағдайда дамиды. 

Шабынды  кермектілер  лиман  типті  ойпаңдарда  ,  шӛптесін  жамылғысы 

астында қалыптасады. 

Шабынды-батпақты кермектілер арасында торфты-глейлі (А

0

- 5-10 см, және 



А

0

- 5-10 см) тҥрлері бӛлінеді. Сортаңдану дәрежесіне қарай  шабынды-



батпақты, шабынды-кермекті сортаңды жеңіл еритін жоғары тҧздар жататын 

(3 м қабатта) және сортаңданған (тҧздар одан тӛмен жатады) тҥрлері бар 

 

Шабынды далаалық кермектілерде әдетте, тҧщы және кебірленбегендері 



артық болады.    


 

73 


Кермектілерді  ауыл  шаруашылығында  пайдалану  мен  олардың 

қҧнарлылығын арттыру ҥшін органикалық және минералдық тыңайтқыштар 

қолданады.  Кӛбінде  жоғарғы  жақ  ортасы  қышқыл  болатындықтан,  оған 

қосып  бейтараптау  ҥшін  әктеу  қажет.  Бҧндай  топырақтар  суфизикалық 

қасиеттерінің 

нашарлығымен 

ерекшеленеді, 

оларды 


жақсартудың 

агротехникалық  шаралары  ішіндегі  ең  тиімдісі  –  топырақты  терең  қопсыту 

және органикалық заттармен байыту болмақ. 

Кермекті топырақ ауыл шаруашылық дақылдарын егуде қҧрылық бедері 

кедергі жасайды. Сондықтан кермекті жерлерде кӛбінесе ағаш ӛсіру пайдалы. 

Дала  лимандарында  қалыптасқан  шымды-кермекті  топырақ  жақсы 

гумустілігімен  ажыратылады,  олай  болса  лимандар  ӛнімді  шабындыққа 

пайдалынады. 

 

        Бақылау сұрақтары: 



        1  Кебірлер,  сортаңдар,  кермектілер  қандай  аймақтарда  кӛп 

таралған? 

        2  Осы  аталған  топырақтарда  қандай  топырақ  тҥзілі  процестері 

жҥреді? 


        3  Кебірлер,  сортаңдар,  кермектілер  қандай  типшелер,  тҥрлер  және 

тектерге бӛлінеді? 

        4 Кебірлер, сортаңдар, кермектілердің қасиеттерін атаңыз. 

        5  Осы  аталған  топырақтар  ауыл  шаруашылығында  қалай 

пайдалынады және қандай шаралар қолданылады? 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет