Топырақтану



Pdf көрінісі
бет65/68
Дата05.09.2020
өлшемі0,89 Mb.
#77071
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
topyra tanu t m blisov
ab31bce0-2cd4-11e3-a7a3-f6d299da70eeУМКДмал шиз 3(1), Topyra tanu
 

          Әдебиет1, С.148-163; 2, С. 320-337; 3, 81-102 б; 9, С.333-353. 

 

12 Тақырып Дүние жүзі топырақтары және оларға қысқаша 



сипаттама 

      Мақсаты: Дҥние жҥзі топырақтарымен студеттерді таныстыру. 

      Жоспар: 

      12.1

 Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы

 

     12.2  Тропикалық  ксерофитті-орман  және  саванна  аймақтарының 



топырақтары 

     12.3 Субтропика белдеуінің топырақтары 

 

     12.4 Суббореалды белдеулердің топырақтары 



 

     12.5 Бореалдық белдеудің топырақтары 

 

     12.6 Полярлық белдеуінің топырақтары 



 

 

      12.1  Жер  жҥзінде  қҧрлық  13414  млн  га  қҧрайды,  соның  10290  млн 

гектары  немесе  76,7%  жазықтық,  3127  млн  гектары  немесе  23,3%  таулы 

жерлер. 

Қҧрлықтың  жазықтық  аумағын  топырақ-климат  белдеулер  тҧрғысынан 

қарастырсақ тропикалық белдеу 47,7%, субтропикалық -17,7%, суббориалды-

14,9%,  бореалды-15,2%,  ал  полярлық  (материктің  мҧздарынсыз)-  4,5% 

қҧрайды. 



 

74 


Қҧрлықтың  жазықтықтағы  топырақ  жамылғысының  ең  кӛбі  ылғалды 

жерлерде-4512 млн га, содан кейін субгумидтік және субаридтік облыстарды 

біріктіретін кӛшпелі- 3199 млн га, қҧрғақ жерлер-шӛлдер 2579 млн га. 

Тропикалық  белдеудің  топырақ  жамылғысы.  Тропикалық  топырақ-

климат  белдеуі  егіншілікпен  шамалы  игерілген,  дегенмен  егіншілік  ауданы 

әлем егіншілігінің 20% қҧрайды. Бҧл жерлерде ӛніп-ӛсірілетін кӛп дақылдар 

басқа  жерлерде  ӛспейді  немесе  таралмаған,  сонымен  қатар  бір  жылда 

дақылдардан ҥш ӛнім алуға болады. 

Тропикалық ылғалды-орман белдеуі ҥшке бӛлінеді: 

- Америкалық бӛлігі – Орталық Американы және Оңтҥстік Американың 

кӛп бӛлігін қамтиды; 

- Африкалық бӛлігіне Конго ӛзенінің су алқабы және Гвиней шығанағы 

жағалауы жатады; 

-  Австралия-Азиялық  бӛлігіне  Азияның  оңтҥстік  тҥбектерімен, 

Австралияның  Солтҥстік  жағалаулары  және  солардың  арасында  орналасқан 

аралдар жатады. 

Тропикалық  ылғалды-орман  жерлердің  жалпы  ауданы  2230  млн  га 

қҧрайды.  Топырақ  жамылғысында  екі  топырақ  аймағын  ажыратады: 

біріншісі  қызыл-сары  ферраллит  топырақтар  аймағы  (жауынды  тропикалық 

ормандар),  екіншісі  қызыл  топырақтар  (муссондық,  тропикалық  оромандар 

және биік шӛпті саванналар). 

Қызыл-сары  ферралиттік  топырақтар  жылы  және  ылғалды  жағдайларда 

қалыптасады.  Кҥн  мен  тҥн  температурасы  айтарлықтай  ӛзгермей  25-27

қҧрайды.Жауын-шашын – 1800-2500 мм, жылдық ылғалдық коэффициент әр 



қашанда  бірден  жоғары,  жайын-шашынның  20%  нӛсер  тҥрінде  болып  су 

эрозиясы байқалады.  

Тропикалық  ормандар  жоғары  ӛнімді  ӛсімдіктер  қауымдастықтарына 

жатады, орманның жылдық органикалық қалдықтары (тҥсу-опад) 250-400ц/га 

қҧрайды, кҥлдігі жоғары – 5,6 %, ал азот мӛлшері – 1,0% шамасында.  

  Қалдықтардың  ыдырауы  келесі  шарттарға  байланысты  жҥреді: 

гидротермикалық режим, топырақ фаунасының белсенділігі, кҥл қҧрамында 

сілті  негіздердің  аздығы,  органикалық  қалдықтардың  қҧрамында  азот  пен 

кҥкірттің қарқынды тотығуы, осыған байланысты топырақ қышқылдығының 

арттуы және ферралиттік процестің қарқынды дамуы. 

Ферралиттік процес бҧл тау жыныстарының ҥгілу нәтижесінде бастапқы 

минералдардың  ыдырау  барысында  туынды  минералдардың  жартылай 

тотықтар  тобының,  сонымен  қатар  кейде  балшықты  минералдардың 

каолинит  топтарының қалыптасуы және жиналуы. 

Темір  гидрототықтары  топырақтардың  тҥсін  ашық  қызылдан  сарыға 

дейін бояйды. 

Қызыл-сары  топырақтардың  А  гумус  қабатының  қалыңдығы  12-17  см, 

тҥсі  қоңыр-сҧр,  қҧрылымы  ҧсақ  кесекті,  гумус  мӛлшері  ҥстіңгі  5-7  см 

қабатында 4-5%, ал гумус қабатының басқа бӛлігінде 1-2%. Одан тӛмен АВ 

кӛшпелі  қабаты.  Жалпы  қалыңдығы  25-50см.  Кӛшпелі  қабат  астында  В 

қабаты,  ол  бірте-бірте  топырақ  тҥзуші  жынысқа-ферралиттік  ҥгілу 



 

75 


қыртысына    ауысады,  оның  қалықдығы  ондаған  метрге  жетуі  мҥмкін. 

Топырақ  және  ҥгілу  қыртысының  реакциясы  қышқыл  –  рН  4,0-5,5,  сіңіру 

сиымдылығы 100г топырақта 3-6 м.-экв., негіздермен қанығуы 50%-тӛмен. 

Қызыл  ферралиттік  топырақтардың  терикалық  шарртары  қызыл-сары 

топырақтарға  ҧқсас,  бірақ  бҧл  аймақта  жауын-шашын  мӛлшері  шамалы 

кемірек-1300-1800мм, ал қҧрғақ кезеңі 3-4 айға созылады.  

Биік шӛпті саваналарда шӛптер бойы 4м-ге дейін болуы мҥмкім Қызыл 

ферраллиттік  топырақтардың  ерекшеліктері:  1)  жыл  бойы  су  режімінің 

ӛзгеруі-қҧрғақшылық  кезеңінде  топырақтардың  терең  қҧрғап  кетуі;  2) 

температураның  әсерінен  темір  тотығы  ыдырап  кетеді  соның  нәтижесінде 

топырақтың жоғарғы қабаттары кызыл тҥсті болып қалады. 3)  гумус қабаты 

кҥңгірт-қҧба  тҥсті,  калыңдығы  30-40см,  мӛлшері  жоғарғы  қабатында  4%, 

қҧрамы          фульваттық;  4)  темір  гидрототыктарының      конкрекций  пішінде 

тҧнба қатпарлар пайда болу ықтималдығы (латеритизация прпоцесі) кӛп. 

Латеритизация лат (Іаtег) - топырак ерітінділерімен бҥйір козғалысында 

темір коспаларынын алып келінуі. 

Қызыл  ферраллиттық  топырақтарда  темір  тотықтардың  әсерінен 

топырақтар  қҧрылымы  ҧсақ  кесекті  болып  жақсарады.  Темір  конкрециялар 

кейбір жерлерде тҧтас цементтелген темір конкрецилер (пизолитті латеритті 

қабат) қабаттары байқалады. 

Тереңде  жатқан  латеритті  қабаттар  ылғалды  кҥйінде  жеңіл  кесіледі, 

бірак  жер  бетіне  шығып  кеуіп  калған  жағдайда  аса  қатты  латериттік  тас 

қабықка  (кирасқа)  айналады.  Бҧндай  топырақтар  егіншілікте  кӛп 

қиыншылықтар тудырады. 

Кҥңгірт  қызыл  және  кҥңгірт  ормандық  тропикалық  топырақтар.  Бҧл 

топырақтар  негізгі  жыныстар  мен  әктастарда  қалыптасады.  Оларды 

маргалитті  немесе  ферралитгі  -  маргалитті  топырактар  деп  атайды.  Қызыл-

сары  қызыл  топырақтардын  гранулометриялық  қҧрамы  саз,  сіңіру  сыйымы 

жоғары, 100г топыракта 3Ом-экв болады. Гумус мӛлшері кӛп емес, бірақ реңі 

қҥңгірттеу,  кышкылдығы  әлсіз.  Қҧрамындағы  каолинит,  монтмориллонит 

минерал  топтарының  маңызы  зор.  Бҧл  топырақтар  егіншілікке  кең 

қолданылады. Кҥңгірт-қызыл және кҥңгірт топырақтардың ауданы 40млн. га.  

Олар Оңтҥстік Азия, Индонезия, Оңтҥстік Америка және Африкада таралған. 

Амозонка,  Конго  ӛзендері  ойпат  алкаптарында  орман  ферраллитті 

қҧпалы  топырақтары  қальштасқан.  Ауданы  220млн.  га  қҧрайды.  Бҧл 

гопырақтарды  игеру  ҥшш  қҧрғату  мелиоративтік  шараларды  қолдау  кажет. 

Тропикалық  аллювиалды  топырақтар  120млн.га  иелейді.  Су  кӛтерілу 

аймағында  тропикалық  батпак  және  мангролы  сортаңданғап  топырактар 

қалыптасады. 

Ылғалды-орманды 

тропикалық 

аймақта 


егіншілікте 

пайдаланатын  жерлер  5%  (120  млн.га)  қҧрайды.  Бҧл  жерлерде  кҥріш,  қант 

қамысы, батат, маниок, кофе, какао, майлы пальма, каучук ағаштары, банан, 

ананас дақылдары егіледі. 

Т

ОПЫРАҚТАРДЫҢ ҚҦ



нарлылығын   арттыру, бір жылда бірнеше ӛнім алу 

ҥшін  арнайы  минералдық  тыңайытқыштар  кешенін  колдау  және  топырақ 

қышқылдығын  тӛмендету  қажет.  Эрозияға,  латериттік  қабататар  болмауына 



 

76 


қарсы   кҥрес   шараларын   қолдану   бҧл  топырактарда  ӛте маңызды болып 

табылады. 

Жалпы  осы  аймақтарда  дҧрыс  мелиоративтік  шараларды  қолданса 

егіншілік ауданыны 5-6 рет арттыру мҥмкіншілігі бар. 

 

12.2 

Тропикалық  ксерофитті-орман  және  саванна  аймақтары 

топырақтары  1460  млн.  га  аумақта  тараған.  Олар  кӛбінесе  шығыс  жарты 

шарында  таралған.  Индо-Африка  Конго  су  алқабы,  Индонезия  аралы  және 

Австралия.  Батыс  жарты  шарында-Орталық  Америкада  (Сан-Франциско 

ӛзенінін  су  алкабы,  Анд  таулары  етектері,  солтҥстік-шығыс,  онтҥстік-батыс 

Бразилия, Парагвай). 

Бҧл  аймақтарда  топырақтың  екі  типі  кездеседі:  қоңыр-кызыл  және 

қызыл-қҥба  топырақтар  басымырақ,  жауын-шашын  жылына  1000-1300  мм, 

қысқа  қҧрғақ  кезеңі  4-5  айды  қҧрайтын  жағдайларда  калыптасады.  Олар 

кӛбінесе ферраллитті кҧрамға ие болады. Гумус мӛлшері 2%, қалыңдығы 25-

30см, қҧрамы гумат-фульватты, рН-5-6, негіздермен қанығуы 50%-дан асады. 

Минералдардан каолинит тобы басым келеді, гранулометриялық қҧрамы 

балшықты, сіңіру кӛлемі аз (100 г топырақта 4-6м-экв.) 

Кызыл  -  қҧба  топырақтар.  Бҧл  аймакта  жылына  800-1000мм,  жауын-

шашын болады, ал қҧрғак мерзім 6 айдан кӛп созылуы мҥмкін. 

Қҧрғақ саваннада шӛп жамылғылар арасында сирек ӛсетін биік ағаштар 

(баобабтар  т.б.)  ҧшырайды.  Жаз  кездерінде,  әсіресе  жылдық  жауын-

шашыннын  75%  мӛлшері  тҥскенде,  қҧрғақ  саваннада  кӛгерген  шӛптердің 

бойы  жоғары  болады.  Ал  қыста,  алты  ай  қҧрғакшылық  мезгілінде,  ағаштар 

жапырақтарын  тастап,  шӛптер  қурап  калады,  органикалық  заттар  топырақ 

ҥстінде  шіриді.  Топырақ  қҧрылымын  жақсартуда  қҧмырсқалар  мен 

термиттердің тіршілігі аса маңызды іс атқарады. 

Қызыл-қҧба 

топырақтардың 

қҧрамы 


ферриалитті 

(каолинит-

илмитмонтмориллонитті). Гумус мӛлшері 1%, гумусты кабат қалындығы 20-

25 см, реакциясы әлсіз қышқылдан әлсіз сілтіліге дейін, гумус типі гуматты -

фульватты.  Топырақ  кескіннің  тӛменгі  жағында  иллювиальды  карбонатты 

қабат  орналаскан,  сіңіру  кешені  иегіздермен  қаныққан.  Микроқҧрылымды 

тҥзетін   жылжымалы темір мӛлшері кӛп болады. 

Тротшкалық  кара  топырақтар  габбро,  базальт,  трапп,  шӛгінді  кварцсыз 

саз  жыныстарда  және  әктастарда  қалыптасады.  Қҧрғақ,  саваннадағы  кара 

топырақ тропикалык егіншілігінде ең қҧнарлы болып есептеледі. 

Гумус қабатының қалықдығы Ім-ден асады,    бірақ гумус мӛлшері аз - 

1,0-1,5%.   Бҧндай   қҧбылысты    гуминді  заттардың      топырақтың  минералды   

бӛлігіндегі              кӛп      мӛлшерде  монтмориллонитпен  байланысымен  

тҥсіндіруге  болады.  Әдетте      бҧл  топырақтың  гранулометриялық  қҧрамы 

ауыр, сіңіру кӛлемі жоғары-100 г топырақта 40-60 м-экв, кальций, магнийге 

қаныққан болады. 

Қҧрғақ  саваннадағы  қара  топырақтар  ауданы  200млн.  га.  Ҥндістанда 

(қара мақта топырағы), Африкада және Асвтралияда таралған. 




 

77 


Саваннаның  шабынды  топырактары  Африкада  және  Оңтҥстік 

Америкада  кездеседі.  Бҧл  топырақтар  ыза  суы  биік  орналаскан  жерлерде 

тропикалық батпақтар шекарасында қалыптасқан. Жалпы ауданы 100 млн. га. 

Бҧл аймактарда аллювиалды топырактар және тропикалык кебірлермен 

кермекті топырактар ҧшырайды. 

Тропикалык  ксерофитті-орман  және  саванна  аймактарында  егіншілікте 

80  млн.га  (5%)  жер  пайдалануда  (Ҥндістан,  Оңтҥстік  Африка).  Бірінші 

кезекте  кара  топырақтар  (40млн.га)  қолданылады.  Жер  пайдалану 

коэффициент!  20%.  Дақылдардан  кҥріш,  жҥгері  қант  қамысы  т.б.  ӛсіріледі, 

Бҧл  аймақтарды  келешекте  егіншілікке  жарайтыи  жерлер  ауданы  200-

3ООмлн. гектарды қҧрайды. 

Тропикалық  шӛлейттермен  шӛлдердің  әлемдегі  ауданы  1220  млн.  га 

Тӛрт  аймаққа  бӛлінеді.  Ең  ірісі  Африка-Азиалық  аймағы.  Бҧл  аймақ 

Сахараның  онтҥстігін  және  Арабия  тҥбегінің  онтҥстік  аумағын  қамтиды. 

Одан  кейін  Австралия  аймағы.  Бҧл  аймақ  кӛбінесе  материкте  орналасқан. 

Келесі  аймақ  Оңтҥстік  Африкадағы  Калахари  шӛлі  жәна  тӛртінші  аймақ 

Солтҥстік Чилида орналасқан. 

Тропикалық  шӛлейтте  дамыған  қызғыш-қҧба  топырақтар  шӛлденген 

саваннаның  аласа  шӛптерінің  астында  қалыптасады,  қҧрамы  сиаллитті. 

Кызыл-қҧба  топырақтардан  ферраллиттік  деңгейі  тӛмендігімен,  гумус 

мӛлшері  аздығымен  және  кескіні  бойынша  ылайдың  мӛлшерінің  әр  тҥрлі 

болмауымен ерекшеленеді. 

Тропикалық 

шӛл 


топырақтарыда, 

ферраллиттік 

процестерге 

байланысты,     кызғыш     тҥсті     болады.     Тҧздар          шоғырлануы, 

субтропикалық  шӛлдерге  қараганда,  аз  таралған.  Суармалы  егіншілік  су 

аңғарларында және жазираларда дамыған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет