Топпен жұмысты Сіз тәжірибеңіздің бір бөлігі ретінде қолданасыз ба? Бірнеше жаңа мысалдар келтіріңіз


Мен топқа бөлуде көптеген  әдіс тәсілдерді қолданамын



бет2/2
Дата18.12.2021
өлшемі46,48 Kb.
#102924
1   2
Байланысты:
1 тапсырма обнавленка
конспект 1 Алғашқы математикалық ұғымдардың пайда болуы, 1 сабақ археология, Презентация.Өсімдіктердің бөліп шығару өнімдері. Презентация (2), Бакыт, инклюзив (автовосстановление), 1 тапсырма обнавленка, жамбыл жабаев, жамбыл ж, ҚМЖ-Динара, презентация Динара, 13 неделя, 1 апта, LEKCIJA No 1, LEKCIJA No 3
Мен топқа бөлуде көптеген  әдіс тәсілдерді қолданамын:

Қағаз қиындылары арқылы топқа бөліну. Жер-су атауларына, материктер-мұхиттар атауларына, Қазақстан қалалары аттары бойынша топқа бөлу. Бірдей атауларды алған оқушылар бір топқа бөлінеді.

Материктердің суреттері бірнеше қиындыға бөліп беріледі. Оқушылар сол қиындылардан суретті құрастырып,сол сурет бойынша бірігіп,топқа бөлінеді. Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну.

Ойындар арқылы топқа бөліну 

Қорытындылай келе айтарым, әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді екенін түсіндім .Бұл ұстаным – құрастырылған білімнің басты идеяларының бірі. Осы бағытты ұстанған оқу/үйрену жобаларының барлығы да бірлескен әрекеттерді үйренудің негізі деп танимын. Ж.Пиаже бұл туралы былай жазады: «Адамның ақылы өзін таниды, яғни, психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдармен қатынаста ғана болады».Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым – қатынаста ғана дамиды, тек қарым – қатынас әрекеттері ғана бізді жаңа түсінікке әкеледі. Ал қарым – қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға (олардың пікіріне, идеяларына, көзқарасына, мінезіне) бейімдеу деген сөз. Топтық жұмысқа барлық дерлік оқушылар қатысады, өйткені берілген тапсырма бірлескен жұмыс арқылы ғана орындалуы тиіс. Әр оқушы идеяларды келтіру мен оларды талқылау, таңдау және шешім қабылдау ісіне белсенді қатысады: топтық жұмыста әрбір пікір мен көзқарас құнды.Топтық жұмыс оқушыларға  сезім  бірлескен жұмыстың қызықты әрі тартымды әрекет екендігін көрсетеді, оқушылардың жалпы еңбекке деген ынтасын арттырады.

Күтілетін нәтиже: 



Оқушылар топта сыныптастарымен ынтымақтаса отырып, қарым –қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға,әртүрлі ұстанымдарымен алмасуға,барынша белсенді қатысуға мүмкіндік алады.

Сөз соңында  Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринің нақыл сөзімен аяқтағым келеді. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім-мектептің жүрегі»  “Ал оқушы  болашақтағы ізденуші” деген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет