Топ мүшелері “Карусель” принципі бойынша, яғни бір-біріне қарап тұрады және екі шеңбер құрады: ішкі шеңбер қозғалыссыз, ал сыртқы шеңбер қозғалмалы болады.
Ситуация мысалдары:
Автобус ішінде сізге қарама-қайшы адам аяғыңызды басып қалды. Сіздің аяқ киіміңіз су жаңа еді.Сіздің әрекетіңіз......
Сізге қарсы тұрған тәрбиешіңіз. Тәрбиеші топта сіздің ғана сөйлеп отырғаныңызды байқайтын сияқты, тек сізге ғана дауыс көтереді. Ал сіз кешегі қызықты жайтты әңгімеңізді досыңыз сізден сұрап жатыр, сіздің әрекетіңіз.......
Топ жетекшіңіз сіздің тәртібіңіздің нашарлануына байланысты міндетті түрде ата-анаңызды балабақшаға келуін ескертіп айтты. Ал сіз тек кеше ғана ата-анаңыздан үлкен сөгіс естідіңіз. Одан кейінгі сіздің әрекетіңіз........(Алдыңызда ата-ана, немесе топ жетекшіңіз тұр.)
Сіздің алдыңызда өзіңіз жақсы танитын, бірақ едәуір ұзақ уақыт бойы көрмеген адам тұр. Сіз бұл кездесуге қуаныштысыз.....
Сіздің қарсы алдыңызда кішкентай бала тұр. Ол әлденеден шошынған. Оған жақындап барыңыз және оны жұбатыңыз.
Сіздің алдыңызда таныс емес адам тұр. Онымен танысыңыз......
Байланыс орнатуға 3-4 минут уақыт беріледі. Содан соң жүргізуші белгі береді және тренингке қатысушылар келесі қатысушыға жылжиды.
5. “Пікір-талас” ойыны
Мақсаты: Төзімділікке, дұрыс қарым-қатынас орнатуға үйрету.
Топ “үштікке”, яғни, үш-үштен бөлінеді. Әрбір үштікке міндеттері бөлініп беріледі. Қатысушылардың
Біріншісі “керең және мылқау” рөлін ойнайды: ол ештеңе естімейді, сөйлей алмайды, бірақ оның құзырында көру, ым-ишара, пантомимика бар;