41.Салықтық бақылау іс-шараларына қатысушылардың құқықтары мен міндеттер Салық бақылауы - салық қызметі органдарының салық заңдарының орындалуын, ЖЗҚ-на міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына әлеуметтік аударымдардың толық және уақытылы аударылуын бақылауы.
Салық бақылауы тек салық заңдамасындамасын орындалуын, МЗЖ-на уақытылы және толық аударылуын ғана тексеріп қоймайды, сонымен қатар, басқа да міндетті төлемдердің дұрыс және толық төленуін, ҚР заңдамасындағы бұзылушылықтарды жоюды бақылап қадағалап отырады.
Салық бақылауының міндеті мен тапсырмалары әр түрлі болады. Соның ішінде негізгі мақсаты - мемлекеттің кіріс бөліміне табысты енгізу, ҚР заңдамасының бұзылушылықтарын жою, салықты төлемеуді болдырмау.
Салық бақылауы:
• салық төлеушілерді тіркеу есебі;
• салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;
• бюджетке түсімдері есепке алу;
• ҚҚС төлеушілерді есепке алу;
• Салық тексерістері;
Камералдық бақылау:
• Салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметі мониторингі;
• Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері;
• Акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу;
• Мемлекет мешігіне аударылған мүлікте есепке алу, бағалау және сату тәртібін сақтауды тексеру;
• Уәкілетті органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген салық бақылауы нысандарын бақылау тек салық қызметі органдары жүзеге асырылады.
Салық органдары – ол облыстар бойынша, Астана және Алматы қалалары бойынша және райондағы қалалардағы салық комитеттері, районаралық салық комитеттері.
Салық тексерулері
Салық тексеруі - Қазақстан Республикасы салық заңдамасының орындалуын салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексеру түрі.
Салық төлеушілер қызметін мемлекеттік бақылауда негізгі әдісі болып салық тексерісі табылады. Ұйғарымда көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдар мен салық төлеуші салық тексерулеріне қатысушылар болып табылады.
Салық төлеушілері салық тексерісінен өтеді, өйткені осы бақылаудың түрі мемлекет тарапынан жүзеге асырылады.
Салық қызметі органдары салық кезеңі өткеннен кейін 5 жыл ішіндегі есептелінген салық сомаларын қарауға немесе есептеуге құқылы, ол салық кодексінде айқын көрсетілген. Сонымен, салық төлеуілер қызметінің 5 күнтізбелік жылдан көп емес кезеңді тексере алады.
Салық қызметі органдары салық тексерістері кезінде келесі жағдайларды ұстану керек:
• Тексерістің мерзімділігін
• Тексеру мерзідігін
• Нұсқаманы (предписания) белгіленген нысанда толтыру
• Нұсқамада көрсетілген тексерудің мерзімін бұзбау
• Салық тексеру актісін беру
• Өсімпұлдар, айыппұлдар, салық және басқа да міндетті төлемдер сомасын есептеу туралы хабарламаларды беру
• Салық заңдамасындағы бұзушылықтарды жою хабарлдамасын беру
• Алға қойылған мәселелер бойынша маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру әдісіне қоса беріледі.
Салық тексерулерін салық қызметі органдары ғана жүзеге асырады.
Салық төлеушінің мынадай жағдайларда, егер:
• Нұсқама белгіленген тәртіппен тапсырылмаса не рәсімделмеген болса;
• Нұсқамада көрсетілген тексеру мерзімдері әлі басталмаған немесе өтіп кеткен болса;
• Бұл адамдар нұсқамада көрсетілмеген болса;
• Тексерілетін салық кезеңіне қатысы жоқ құжаттамалар сұратылса, салық органдарының лауазымды адамдарын салық тексеруін жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жібермеуге құқығы бар.
Салық кодексінде салық тексерулерінің мынадай түрлерге қатаң бөлінеді:
1) құжаттық тексеру;
рейдтік тексеру;
хорнометраждық тексеру;
Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кешенді тексеру - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;
2) тақырыптық тексеру - салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;
• міндетті зейнет ақы жарналарын жинақтаушы зейнет ақы қорларына және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және уақытылы ұстап қалуды және есептеуді;
• банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;
• трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша;
• акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша тексеру;
3) қарсы тексеру - егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.
Рейдтік тексеруді салық қызметі органдары жекелеген салық төлеушілерге қатысты олардың Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген талаптарын, атап айтқанда:
1) салық төлеушілердің салық органдарында тіркеу есебіне қойылуы;
2) фискалдық жады бар бақылау- касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;
3) лицензияның, біржолғы талонның және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы;
4) салық қызметі органдарының құзыретінде болатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін және қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және өндіру, сақтау мен өткізу шарттарын орындау мәселелері бойынша жүргізіледі.
Хронометраждық зерттеуді салық органдары салық төлеушінің нақты кірісін және кіріс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатымен жүргізеді. Хронометраждық зерттеу уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.
Салық тексеруін жүргізу, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатпауға тиіс.
Салық органы заңды тұлғаның өзіне салық тексеруінің жүргізілуіне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін тексеруге құқылы.