Топтар эф-19-5к2,эф-19-5к3,эф-19-5к4,эф-19-5тк 1 деңгей Нақтылау сапасындағы салықтың функциялары және олардың мәндері


Салықтық тексеру жүргізуге негіздері мен себептері



бет48/71
Дата13.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#168555
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71
Байланысты:
СМ ответы

42.Салықтық тексеру жүргізуге негіздері мен себептері
Салықтық тексеріс – ҚР салық заңнамасын орындау, салық органдары қызметі жүзеге асыратын тексеріс. Салықтық тексерістер қатысушылары салық қызметі органдарының ұйғарымда көрсетілген лауазымды тұлғалары, Салық кодексіне сәйкес тексеруді жүргізуге қатыстырылатын өзге адамдар және салық төлеуші болып табылады.
Салық кодексінің 148-бабына сәйкес, салық тексерісін жүргізу негізі келесі деректемелерді құрайтын ұйғарым болып табылады:
• салық органындағы ұйғарымды тіркеу күні және нөмірі;
• ұйғарымды шығарған салық органының атауы;
• салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе салық төлеушінің толық атауы (салық агенті);
сәйкестендіру нөмірі;
• тексеру нысаны мен түрі;
• тексеретін адамдардың, сондай-ақ қатыстырылатын мамандардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
• тексеруді жүргізу мерзімі;
• хронометраждық зерттеп-тексеруді қоспағанда тексерілетін кезең.
Мынадай мәселелер бойынша тақырыптық тексерістерді қоспағанда, бір ұйғарым негізінде тек бір тексеріс жүргізілуі мүмкін:
• салық органдарындағы тіркеу есебіне қою;
• бақылау-касса машиналарының болуы;
• төлем карталарын пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың болуы (құрылғының);
• акциздік және есептік-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өнімдеріне, мұнай өнімдері және биоотынға ілеспе жүкқұжаттың болуы және түпнұсқалығы, лицензияның, этил спиртіне, патент, тіркеу картасына рұқсаттың болуы;
• автокөлік құралдарын көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде тексеру кезінде импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі.
Салықтық тексерістер мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер.
2. Жоспардан тыс салықтық тексеру.
Салық тексерісін жүргізу мерзімі:
Салық тексерулерін жүргізу мерзімі ұйғарым берілген күннен бастап 30 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Салық тексерісін жүргізу мерзімі ұзартылуы мүмкін:
1. Салық тексерісін тағайындаған салық органымен ҚР біреуден артық емес орын болғанда тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлер және резидент еместер, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар үшін – 45 жұмыс күніне дейін;
2. Салық қызметінің жоғары сатылы органымен - 60 жұмыс күніне дейін;
• ҚР бір орыннан артық болғанда тұрақты мекемелер арқылы қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және резидент еместер, сондай-ақ мониторингке жататын салық төлеушілер үшін, - 75 жұмыс күніне дейін;
• салық қызметінің жоғары сатылы органымен – 180 жұмыс күніне дейін.
Салық органдары, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарлама жібереді немесе табыс етеді.Хабарлама тіркеу мәліметтерінде көрсетілген орын бойынша салық төлеушіге жіберіледі немесе тапсырылады. Почта бойынша тапсырыс хаты бар хабарламамен жіберілген хабарлама почта байланысынан жауап алған күннен бастап берілген деп есептеледі. Хабарламада салық тексерісінің нысаны, тексеруге жататын сұрақтар тізімі, қажетті құжаттардың, салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салықтық тексерісті жүргізуге қажетті басқа да мәліметтердің алдын ала тізімі көрсетіледі.Салық органы салық салумен байланысты тексеру үшін қажетті құжаттарды жою немесе жасыруына негізді қауіп болғанда немесе тексерісті мүмкін қылмайтын немесе оның толық көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейтін басқа жағдайлар болғанда, тексерістің басталуы туралы салық төлеушіні хабарлаусыз салық тексерісін бастауға құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет