31.Корпоративтік салықтығ жоспарлау көрсеткіштерін талдау Корпоративтік табыс салығы салықтық түсімдерде және мемлекеттік бюджет кірістерінде едәуір орын алады ( тиісінше 32,7% және 23%-ға жуық (2008 ж). .Бұл салықты мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңи тұлға-резиденттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикадағы көздерден табыс алатын заңи тұлға-бейрезиденттер төлейді. Оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімін колданатын заңи тұлғалар көрсетілген режім шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді және төлейді.Мыналар: салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын табыс және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңи тұлға- бейрезиденттің таза табысы корпоративтік табыс салығы салынатын объектілер болып табылады. Салық салынатын табыс Салықтық кодексте көзделген түзетулерді ескере отырып, жылдық жиынтың табыс пен салықтық іиегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
32.Корпоративтік салықтығ жоспарлау коэффициенттері және оны есептеу жолдары Төлем көзінен ұсталынатын салықтың сомасын салық агенті анықтайды.Корпоративтік табыс салығының мынадай мөлшерлерде мөлшерлемелері белгіленген:табыс көзінен салық салынбайтын табысқа - 20%; заңи тұлғалар – ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің табысына, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, арашаруашылығы өнімін өндіру, сондай-ақ ез өндірісінің көрсетілген өнімді өңдеу және өткізу бойынша кызметін жүзеге асырудағы алынған болса- 10%; Салықтық кодекске сәйкес анықталатын бейрезиденттердің мұндай бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес төлем көзінен салық салынатын табыстарына 5%-дан 20%-ға дейін:1) төменде көрсетілген табыстарды қоспағанда табыстарына - 20%;2) жеңілдікті салық салуы бар мемлекетте тіркелген тұлғаның табыстарына - 20%;
3) тәуекелдерді сақтандыру (қайта сақтандыру) келісімшарттары бойынша сақтық сыйлықақыларына - 10%;4) халық аралық тасымалдарда көлік кызметтерін көрсетуден түсетін табыстарына- 5%;5) кұн өсімінен түсетін табыстарға, дивидендтерге, сыйақыларға, роялтиге - 15%;
Корпоративтік табыс салығы үшін 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.