33.Корпоративтік салықтық жоспарлаудың әдістері Корпоративтік салықытық жоспарлауға статистикалық зерттеу жүргізген кезде келесідей әдістер қолданылады:
• Регрессивті және корреляциялық әдістер салық қызметінің жұмысын көрсететін өзгермелі шама тобының өзара байланыс орнату үшін қажет;
• Имитациялық әдіс маркетингтік ситуацияға әсер ететін өзгермелі шамалар жай аналитикалық шешімге келмеген кезде қолданылады.
• Көпжақты әдістер, бірінші кезекте факторлы және кластерлі анализ. Олар өзара көп, өзара байланысты өзгермелі шамалар негізіндегі шешімдерін шешу үшін пайдаланады.Қазіргі кезеңде салықтық ғылым бюджетке түсетін салықтық түсімдер көлемін жоспарлауға немесе болжауға арналған арнайы әдістер мен тәсілдерді жасаған жоқ, сондықтан да нақты тәжірибеде барлық ТМД елдерінде жалпы экономикаға тән белгілі тәсілдер қолданады. Олар мысалы баланстық әдіс, эксперттік бағалау әдісі, регрессивтік және корреляциялық әдістер, трендтік әдістер, имитациялық әдістер, эконометрикалық әдістер және т.б.- Баланстық немесе нормативтік әдіс- бұл әдісте жоспарлау негізгі болып ұлттық шоттарға негізделген, мемлекет жағынан қатаң белгілер мен нормативтер белгіленеді.
34.Оффшорлық аймақтар мен компаниялар және оның халықаралық салық салудағы ролі Оффшорлық аймақтар - қаржы операцияларын жүргізу үшін қолайлы аумақтар. 60-шы жылдары құрылған алғашқы о.а. дүниежүзілік экономикалық қоғам- дастықта маңызды орын алды.Оффшорлық аимақтардың саны ұдайы көбейе түсуде. Оффшорлық аимақтар қызметінің негізгі өңірлері - Кариб айдыны.Оффшор – ағылшын тілінен аударғанда «жағалаудан қашық» деген мағынаны білдіреді. Әлемдік қаржы орталықтары, сондай-ақ банк операцияларының кейбір түрлері үшін қолданылатын термин. Оффшорлық компания тек салық шығынын азайтуға ғана емес, шетелдік компанияның атынан келісімді жүзеге асырып, шетелдік банктердегі несие қорларына қол жеткізе алады. Оффшор дегеніміз – кез келген шетелдік салық төлеудің жеңілдетілген түрі бойынша фирма ашуға қолайлы мемлекет немесе бір мемлекеттің белгілі бір аумағы. Ондай аймақта тіркелген фирманы оффшорлық компания немесе оффшор деп атайды. Оффшорлық компания — заң бойынша белгілі бір коммерциялық құрылымды елеулі салық жеңілдіктері, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен қисапты жүргізуді барынша азайту көзделген елде кұрылған компания. мұндай компанияларға өз қаражатын өз мүдделері үшін де, компаниялардың меншіктері үшін де билеуге іс жүзінде шектеусіз еркіндік берілген салынатын салықтан босатылады, әдетте болмашы ғана пайдаға коры бар жауапкершілігі шектеулі қоғам ретінде құрылған және оның кеңсесі, байланыс құралдары, қызметкерлер міндетті емес. Олар кез келген елде кез келген қаржы сауда операцияларын жүзеге асыра алады. Оффшорлық компания құруға заңда мүмкіндік беретін негізгі мемлекеттер - Либерия, Ирландия, Щвейцария, Антиль және Виргин аралдары, Панама, Лихштейн, Делавэр (АҚШ), Гонконг, т. б.