Топтар эф-19-5к2,эф-19-5к3,эф-19-5к4,эф-19-5тк 1 деңгей Нақтылау сапасындағы салықтың функциялары және олардың мәндері


Салық тәуекелдерін басқару әдістері



бет68/71
Дата13.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#168555
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
СМ ответы

38.Салық тәуекелдерін басқару әдістері
Сақтандыру жағдайында сақтандырушы құқық қорғау органдарынан, банктерден және жағдай туралы ақпараты бар басқа ұйымдардан қосымша ақпарат сұрастыруына болады. Одан басқа, ол осы жағдайдың болуын өзіндік анықтауы мүмкін. Егер сақтандыру жағдайы сақтандырушымен арандатылмаса, сонымен бiрге сақтандыру сомасы төленбейтін басқа шарттарды болмаса, онда сақтандырушы келісім шартта белгіленген сомасы мөлшерінде сақтанушыға келтірген ысырапты өтейді. Сақтандыру шарты жеке жағдайларда қайта қарастырулуы мүмкін. Мысалы, егер сақтандырушы тәуекелдiң ықтималдығын төмендетуге немесе сақтандыру объектісінің құнын жоғарылатуға бағытталған қандайда бір шараларды жүзеге асырса.Сенiмсiз серiктестерден және шаруашылық тәуекелді сақтандырудан бас тартудан басқа тәуекелден ауытқудың кепілдік әдісі туралы айытқанбыз. Оны неғұрлым тереңірек қарастырайық.Тәуекелді беру шағын және ірi кәсiпорындармен де (трансфер) пайдаланылады. Және де, бiрiншiлер үшiн әдеттегiдей гарант ретiнде iрi компаниялар, ал екiншi үшiн мемлекеттiк басқару органдары шығады. Мұндай мәмiле берушіге (трансфер) де және қабылдаушы (трансфери) жақтарға да тиiмдi. Бұған келесі себептер дәлел:
- беретiн жақ үшiн ұлы ысырап, қабылдайтын жағы үшiн шамалы болуы мүмкін;
- қабылдайтын жақ ысыраптарды қысқарту үшiн жақсы мүмкiндiктерге ие болуы мүмкін;
- қабылдайтын жақ шаруашылық тәуекелiн бақылау үшiн және ысырапқа жол бермейтін жақсы позицияда болуы мүмкін.
Тәуекелдi беру барысында тиiстi шарт жасалады. Оның iшiнен кең таралғандарға келiсiмдердiң келесi түрлерiн жатқызуға болады.Тәуекелді оқшауландыру және диссипациялау әдiстерi
Тәуекелдi оқшауландыру ерекше сирек қолданылады. Ол тәуекелдiң көздерi айқын сәйкестендiру жағдайында ғана болуы мүмкін. Өндірісітік үрдістің ең қауiптi бөлімдері оқшауланады және оларды бақылау орнатылады, қаржылық тәуекелдiң деңгейi төмендейді.Осындай әдiсті инновациялық жобаларды енгiзу, өнiмнің жаңа түрiн игеру және т.б. үшiн iрi компаниялар пайдаланады. Жай жағдайларда тәуекелді оқшауландыру үшін ұйымның құрылымында жобаны жүзеге асыратын мамандандырылған бөлімшелер құрылады. Күрделi жағдайда жеке заңды тұлғалар құрылуы мүмкін венчурлық компаниялар. Бұған ұқсас компаниялар НИОКР, өнеркәсіпте қолданылмаған жаңа ғылыми жетістіктерді талап ететiн жаңа өнім түрлерін игеру үшін қолданылады. Сонымен жобаның неғұрлым тәуекел бөлігі автономды ұйымның шеңберінде қалады, бірақ венчурлық компанияның және аналық кәсіпорынның ғылыми және техникалық әлеуетінің қосылу мүмкіндігі сақталады. Тәуекелдiң диссипация (ыдырау) әдістері басқарудың неғұрлым иiлгiш құралдарын ұсынады. Оның бірі стратегиялық серiктестердiң арасындағы тәуекелді үлестiрумен байланысты. Серіктестік ретінде кәсіпорындар да, заңды тұлғалар да қатыса алады. акционерлiк қоғамдар, қаржылық-өнеркәсiптiк тоатар құрылуы мүмкін. Кәсiпорындар консорциумдардың, қауымдастықдың, концерндердің қатарына кiре алады. Кәсiпорындарды бiр топқа бiрiктiру интеграция деп аталады. Оның төрт негiзгi түрін ерекшелейдi:
- тiк регрессивтiк (керi) интеграция жеткiзушiлермен бiрiктiруді болжайды;
- тiк озық (төте) интеграция кәсiпорынның өнiмін өткiзу бойынша дистрибьюторлық желiні құрастыратын делдардармен бiрiгуді айтады;
- көлденең интеграция бәсекелестермен бiрiгуді болжайды; әдетте мұндай қауымдастықтар баға саясатын келiсу, шаруашылық ету аймақтарын, қандай да бір бiрлескен әрекеттердi шектеу мақсатымен құрылады;
- дөңгелек интеграция – бiрлескен стратегиялық мақсаттарға жету үшiн әр түрлi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар қауымдастығының бірігуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет