Топтар эф-19-5к2,эф-19-5к3,эф-19-5к4,эф-19-5тк 1 деңгей Нақтылау сапасындағы салықтың функциялары және олардың мәндері


Салық тәуекелін анықтау мақсаттары



бет69/71
Дата13.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#168555
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
СМ ответы

39.Салық тәуекелін анықтау мақсаттары
Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдердің дәрежесін (деңгейін) бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және оның алдын алу мақсатында салық органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды, сондай-ақ мына жағдайдарда қолданылады:
1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексеру субъектілерін (объектілерін) іріктеу;
2) Салық кодексінде белгіленген жағдайларда салық төлеушілерді (салық агенттерін) тәуекелдің төмен, орташа немесе жоғары дәрежелі санаттарына жатқызу арқылы оларды санаттарға бөлу;
3) қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау;
4) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтың тәуекел дәрежесін айқындау;
5) салықтық әкімшілендірудің өзге де нысандары.
Осылайша, салықтық әкімшілендірудің әрбір саласының өз тәуекелдері, өз салдарлары және, тиісінше, жекелеген нормативтік құқықтық актілерде бекітілген тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың өзіндік ерекшелігі болады.Салық кодексінің 137-бабының 1-тармағына сәйкес тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау жүргізілетін белгілердің жиынтығы тәуекел өлшемшарттары болып табылады.Бұл ретте, тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары бойынша салықтық тексеру субъектілері (объектілері) тәуекелдің екі дәрежесінің біріне жатады: жоғары немесе жоғары емес.
Өз кезегінде, ерекше тәртіппен жүргізілетін салықтық тексерулер тәуекел дәрежесінің жоғары санаттағы салық төлеушілерге қатысты тағайындалады.Салық төлеушілерді тәуекел дәрежесі төмен, орташа немесе жоғары санаттарға жатқызу жолымен санаттаудың салықтық тексеруді тағайындау мақсаты жоқ, керісінше салықтық әкімшілендірудің жекелеген бағыттары бойынша шараларды саралауды көздейтінін атап өткен жөн.Сонымен бірге, Салық кодексінің 137-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық кодексінің 137-бабына сәйкес тәуекел өлшемшарттарын мен тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін салық органы айқындайды және жария етуге жатпайтын (оның ішінде тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау жүргізілген салық төлеушіге) құпия ақпарат болып табылады.Құпиялылық тәуекелдерді бағалау жүйесін айналып өту ниеті бар салық төлеушілер үшін оның қол жетімсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды. Салық органы тәуекелдерді бағалауды жүргізетін барлық белгілерді біле отырып, салық органдарының назарын өзіне аударғысы келмейтін салық төлеуші өлшемшарттарын айналып өту тәсілдерін қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет