Заттар массасының сақталу заңы. Реакцияға қатысқан заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады. Атом –молекулалық ілім тұрғысынан қарағанда бұл заңды былай түсіндіруге болады. Реакцияға қатысқан заттардың құрамында қандай атомдар қанша мөлшерде болса, реакция нәтижесінде шыққан заттардың құрамында сондай атомдар сонша мөлшерде болады.Химиялық реакциялар кезінде атомдар массалары өзгермейтіндіктен реакцияға қатысқан заттардың массасы тұрақты болады.
Мысалы: 4P+5O2=2P2O5; 4*31+10*16=4*31+10*16 284=284