«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлім: Дананың сөзі – ақылдың көзі
Шығармалар: Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр»
Қорқыттың нақыл сөздері,
Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»,
Ақтамберді жырау «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет»,
Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»
1-БӨЛІМ
1. «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» төмендегі жырлардың қайсысымен мазмұндас екенін белгілеңіз.
А) «Манас» жыры
В) «Ер Тарғын» жыры
С) «Алпамыс батыр» жыры
D) «Қобыланды батыр» жыры
[1]
2. Ахмет Йассауидың «Даналық кітабындағы» тарихаттың мәнін анықтаңыз.
А) Мұсылмандық жолы
В) Құдайға құлшылық ету
С) Ғылым-білім
D) Сопылық ілімнің негізі
[1]
3. А.Йассауи сақтандырған 5 нәрсенің бірі –
А) Тәкаппар болма
В) Мал табуға асықпа
С) Ұмытшақ болма
D) Дүние-мүлікті сатпа
[1]
4. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген нақылға Ақтамберді жыраудың «Балаларға өсиетіндегі» қай жолдары сәйкес келеді?
А) Талпынып салдым егінді,
Ішсін деп әркім тегінді.
В) Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке.
С) Әркім өзі талпынбақ,
Басына бітер бағы үшін.
D) Араз болсаң алты ауыз,
Еліңе кірген әреке.
[1]
5. Шалкиіз ақын мықты батырларға ғана лайық сөзді қай жолдарда қолданды?
А) Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
В) Сен - алтынсың, мен - пұлмын,
Сен - жібексің, мен - жүнмін,
С) Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа.
D) Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің.
[1]
2-БӨЛІМ
6. А. Йассауидың «Даналық кітабындағы» мына жолдардың мағынасына талдау жасаңыз, қорытынды шығарыңыз.
«Ишанмын деп түрлі асты теріп жейді, Жақсыларды көзге ілмей «мен, мен» дейді. Дүние-мүлік алып барса сүйсініп алады. Оллаһи-биллаһи менмендіктен өткен күнә жоқ».
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]
7. Шалкиіз жыраудың «Би Темірге бірінші толғауындағы» мына жолдарды қолдана отырып, автор туралы пікіріңізді білдіріңіз.
Сен - алтынсың, мен - пұлмын,
Сен - жібексің, мен - жүнмін,
Сен - сұлтансың, мен - құлмын,
Сен - сұңқарсың, мен - қумын,
Жемсауыңа келгенде,
Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!
Саған дұспан - маған жау,
Керекті күні алдында
Ғазизленген сұлтан жаным аяман!!!
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]
8. Ор қояндай жүгінтіп,
Аш күзендей бүгілтіп,
Жолбарыстай шұбарды
Таңдап мінер ме екеміз?!
Сол шұбарға мінген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екеміз?!
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екеміз?! – деген жолдардағы Ақтамберді жыраудың бейнесін талдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |