Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



бет9/26
Дата26.12.2022
өлшемі105,56 Kb.
#164408
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
ТЖБ-Қазақ тілі-8-сынып
proekta-pasport, 7-с. Әдебиет.БЖБ-3

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 45 минут Оқылым – 20 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі.

Балл саны: 30




Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: Біріншісі тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тапс

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмала

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау

Бал

ырма

р түрлері

уақыты, мин

л

1

8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау

Толық
жауапты қажет
ететін
сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 150-200 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтін беріледі, оқушы жеке отырып тыңдайды. Оқушылар мәтінді тыңдау барысында мәтіннің мазмұнын қысқаша түсіндіруге және негізгі ойын анықтауға дайындалады, қажетті ақпараттарды түртіп ала алады. Сонан соң өз сөзімен жүйелі түрде мазмұндайды. Тыңдап отырған оқушы мәтіндегі көтерілген мәселеге қатысты сұрақ қояды. Мәтінді жұпта талқылау арқылы негізгі ойды анықтайды.

Тыңдалым
мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі
(әр білім
алушыға

10













3-5
















минут
















беріледі)




1

8.2.2.1 публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

Қысқа
жауапты қажет
ететін
сұрақтар

150-200 сөзден тұратын мәтін беріледі. Оқушылар публицистикалық және ғылыми стильде жазылған мәтіндерді өзара салыстырып, олардың қандай стильде жазылғандығын, стильге тән тілдік құралдарды, ерекшеліктерін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

20

10

1

8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап,

Жазбаша
толық жауапты қажет
ететін
сұрақтар

Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, эссе
құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады және өз ойын дәлелдеп жазады (аргументативті эссе). Сонан соң жазған жұмыстарына қайта шолып, ондағы есімді және етістікті сөз тіркестерін тауып, астын сызады.

25

10




мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы










мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп










жазу (аргументативті эссе)










8.4.4.1 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен










түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату,










қолдану







Барлығы

45 минут

30

«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис


Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма

    1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннен мысалдар келтіре отырып, жұбыңызға мәтіндегі көтерілген мәселені анықтауға көмектесіңіз. Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтіннің негізгі ойын анықтап, талдау жасаңыз.

    2. Жұбыңыздың мәтінін мұқият тыңдаңыз, мәтін бойынша көтерілген мәселеге қатысты сұрақтар қойыңыз. [10]
  1. мәтін


Мамандық таңдау – маңызды іс. Уақыт өте дәстүрлі мамандықтар сұраныстан айырылып, жаңа маман иелері пайда болады. Fast Future британдық агенттіктің футурологтары 2030 жылы сұранысқа ие болып, кең жайылатын мамандықтардың тізімін болжады. 17 жылдан кейін заманауи инженерлер мен сату бойынша менеджерлердің орнына мынандай маман иелері қажет болады:
Ғылым жетістіктері этикасының маманы. Бұл кісі адамдарды клондау, өлілерді тірілту сынды адам өмірі мен өлімінің этикасына қатысты мәселелерді шешу керек. Ғалымдардың ойлауынша, ол уақытқа дейін өмір мен өлім адам қолында болады екен.
Ғарыш туризм мамандары: ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтар. Дамыған технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.
Жер болашақта үлкен құндылыққа айналып, жерді үнемдеу өмірдің кез келген саласында байқалады. Өндіріс пен шаруашылық көп жерді алмас үшін, «тігінен тұратын фермалар мен өндіріс орындары» көбейеді. Осы салада жұмыс істей алатын мамандардың қажеттілігі де артады.
Климат өзгерісі бойынша маман болашақта ең жиі кездесетін мамандықтардың қатарында болады.
Қарт кісілердің денсаулығын күтуші маман тек үлкен кісілерге медициналық көмек көрсететін болады.
Виртуалды құқықтың заңгері қарапайым заңгерлерден де үлкен сұранысқа ие болады. Ал виртуалды әлемді жинастыратын адам электронды пошта, гаджеттер мен компьютердегі файл мен папкаларды реттеп береді.
https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/13696/




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет