Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып



бет5/26
Дата26.12.2022
өлшемі105,56 Kb.
#164408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
ТЖБ-Қазақ тілі-8-сынып
proekta-pasport, 7-с. Әдебиет.БЖБ-3

мәтін


Қазіргі таңда адамдардың рухани байлығы, олардың әлеуметтенуі көкейкесті мәселелерге айналып отыр, себебі олардың өмірлік бағыт-бағдарларын анықтайтын қоғамдық қатынастарға икемделуі тұлғааралық қарым-қатынастарға, ұлтаралық қарым- қатынастарға, гуманизм қағидаларына негізделуі тиіс. Адам баласының тұлға ретінде дамып қалыптасуына оның өскен отбасылық, әлеуметтік ортасы, ұлттық салт-дәстүрлері көп әсер етеді. Кез келген жеке тұлғаның дербес психологиялық ерекшеліктерімен қатар ұлттық сана сезімдері, ұлжандылығы, ана тіліне деген сүйіспеншілігі сияқты ұлттық ерекшеліктері болады.
Ұлттық тәлім-тәрбие ұлттық тіл арқылы іске асатыны анық. Тіл – адамдардың байланыс, қарым-қатынас құралы. Ал басқа ұлт мәдениетімен танысу сол ұлттың тілін білу арқылы іске асырылады. Қазіргі жалпы білім беру мектептерінде ана тілімен қатар шет тілдерінің де оқытылуы осы себептен. Тек білім алу үшін ғана шет тілдері оқытылмайды, ол
– практикалық қажеттілік, ол – заман талабы. Бірақ ұлттық сана-сезім дамуының іргетасы – ана тіліне деген сый-құрмет.
Халық тағдырындағы тілдің маңыздылығын бағалауға, құндылығын арттыруға байланысты айтылған мынандай ұлағатты ойлар күні бүгінге дейін өзекті болып отырғаны баршамызға анық: «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» (М.Әуезов).















Оқылым


Тапсырма
Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жанры, жанрлық ерекшеліктері, құрылымы мен ресімделуі тұрғысынан салыстырып, кестені толтыр.


  1. мәтін


ЗАМАНАУИ ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН БАҒАЛАУЫ




К.Ə. Бияздықова
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.


Аннотация. Қазақ мәдениетіндегі қалыптасқан рухани құндылықтарды үйлесімділік пен ынтымақтастықтың ерекше белгісі дейміз. Қай заманда, қай халықта болмасын адам болмысындағы құндылықтар тақырыбы – аса өзекті мәселе, адам бойындағы рухани құндылықтар жүйесі – сол елдің дүние – танымының бейнесі. Мақалада қазақ мәдениеті мен
ислам дінінде жатқан құнды идеяларды ортақ мәмілеге келтіре, қазақ елінің өркениетті қалыптасуына мәнді ақпараттар ұсынылады. Қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесіндегі адамдық қарым-қатынастар, адамгершілік қасиеттер, рухани құндылықтар, мұраттар өзіндік мазмұны терең, халықтың рухани ізденістерінен туған қазына болып табылады. Қазақ мәдениетіндегі баға жетпес құндылықтар мен философиялық ойлар поэзия тілінде жатыр, сондықтан осы идеяларды түсіну үшін жүйелеу және жалпылық талдау арқылы ғана қазіргі жастардың рухани құндылықтарымен мәдениеті дамиды.
Түйін сөздер: құндылықтар, тәрбие, гуманизм, дәстүр, жаңалық, жауапкершілік


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет