Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы «Қазақ тілі мен әдебиеті»


-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



бет11/11
Дата17.10.2019
өлшемі107,1 Kb.
#50202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
!3-СОЧ Қазақ тілі Т2 6кл-converted

4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


4-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут Тыңдалым - 10 минут Оқылым – 10 минут Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)


Балл саны - 30



Тапсырма түрлері:

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Көп таңдауы бар сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тап сыр

ма


Қамтылатын мақсаттар

*Тапсырмаларға сипаттама

*Тапсырма лар түрлері

*Орындау уақыты,

мин


Балл

1

6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар,

мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау

6.1.1.1 - тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау

6.1.3.1 - тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну

6.3.3.1 - орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

6.3.4.1 -Мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін

салыстыру


Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 110-130 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды.

Мәтінді тыңдау барысында мазмұнды түсінуге бағытталған бірінші, екінші және үшінші тапсырмаларда дұрыс 1 жауапты белгілейді.

Төртінші тапсырмада мәтінді тыңдау барысында берілген ақпараттардың «шын»,

«жалған» екенін табады. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.



Көп таңдауы бар сұрақтар

2

1

2

2

1

3

Қысқа жауапты қажет ететін

сұрақтар


2

1

4

2

1

5

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

2

1

6




Тапсырма жеке орындалады.

Қысқа

2

1

7

6.4.3.1 - жазба жұмыстарын-да теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу

6.4.1.1 - мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, өмірбаян жазу

6.5.1.7 - себеп- салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба

жұмыстарда орынды қолдану

6.4.2.1 - эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу

6.2.1.1 - тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу



Оқушылар тақырыпқа қатысты 130-150 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада берілген тұжырымдардан екі

«шын» ақпаратты анықтайды. Екінші тапсырмада берілген сөздердің мәтіннен антоним, синонимін табады. Үшінші Тапсырмада берілген тұжырым сөйлемдерді рет-ретімен орналастырады. Төртінші тапсырмада оқушы берілген сөйлемге қажетті сөзді қойып, толықтырады. Бесінші ашық сұраққа мәтіннің мазмұнын басшылыққа алып жауап береді.

Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін, сөздік қорын орынды пайдалана алуын, өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре алуын бағалайды.


жауапты қажет ететін сұрақтар

2

1

8

Көп таңдауы бар сұрақтар

2

1

9

2

1

10

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

2

1

11

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында стильді сақтауын, қосымшаларды дұрыс жалғауын, сөйлем соңындағы тыныс белгілерді, себеп- салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін

орынды қолдануын бағалайды.



Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

12

Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды оқушы өзі таңдайды). Жұптағы оқушылар берілген тақырып бойынша 4 минут диалогке түседі (әр оқушы диалогтe 6-8 сөйлем айту керек).

Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды. Екі оқушының балы бір-біріне

тәуелді емес.


Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым сабақтан тыс уақытта алынады, әр білім алушыға 2 минут беріледі.

10

Барлығы:

40 минут

30

балл


Мысал үлгілері және балл қою кестеcі

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

Қар тепкенге қажымас қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды.


  1. Мәтінде кездесетін сөздерді белгілеңіз. А) Қар, үсік, аяз, боран

В) Ақ киім, тамақ, үй

С) Адамдар, білім, еңбек

Д) Зерттеу, адамдар, күш [1]


  1. Өлеңнің негізгі тақырыбын анықтаңыз. А) Көктем мезгілі

В) Жаз мезгілі С) Жыл мезгілі Д) Күз мезгілі


  1. Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.




Мәтіндегі ақпараттар

Шын

Жалған

А

Адамды ақ киімді, денелі адамдай суреттейді







В

Қыс мезгілін суреттейді







C

Күз мезгілін суреттейді










  1. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.

/алмастырады, алады, оқытады, шайқалды / Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй .




  1. Сұраққа толық жауап беріңіз. Автор аязды қалай суреттейді?

[1]

[1]

[1]


[1]

Оқылым

Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етеді. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар көп болады. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаңыз. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, тексеріліп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне ескеріп, өзіңізді күтіңіз.

Саяхатқа шықпас бұрын барар мекеннің климаты, салты, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан біліп алыңыз. Қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алу өте пайдалы. Жолға жиналғанда қажетті заттармен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.

Саяхат кезінде беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғалды сүлгілерді пайдаланыңыз. Дәріханадан антибактериалды сабын я сұйықтық сатып алыңыз. Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шәй ғана ішіңіз. Газдалған сусындарды пайдаланбаңыз. Жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып жеңіз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден ғана алыңыз. Көшеден, базардан тамақ сатып алмаңыз.

1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.


Тұжырым

Шын

Жалған

А

Саяхат кезінде беті-қолыңызды үнемі жуып тұрыңыз







В

Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген дұрыс







С

Заттарды жинастырғанда қажетті дүниелермен бірге дәрі-дәрмек

салынған қобдишаны алудың қажеті жоқ









[1]


2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз. зиянды (антоним) -

жиналған (синоним) -


[1]

[1]




  1. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).




Мәтіндегі ақпараттар

Реті

Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек дүкендерден ғана сатып алыңыз




Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-

кеңес алсаңыз өте пайдалы






Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексертіп алыңыз




[1]

  1. Сұраққа толық жауап беріңіз.

Саяхат кезінде қандай сусындар ішкен жөн?


[1]

Жазылым

Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, себеп-салдарлы қатынасты білдіретін жалғаулықтарды қолданып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.


  1. Қазақ ұлттық қолөнері

Қазіргі кезде көпшілік қазақ ұлттық қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытуда.

Қазақ ұлттық қолөнеріне нелер жатады? Ойыңызды эссе түрінде жазыңыз.




  1. Саяхат және туризм

Сіз саяхаттағанды өте жақсы көресіз. Биыл жазда да еліміздің көптеген аймақтарына саяхат жасадыңыз. Саяхат өте тамаша болды. Сол уақытта қандай көрікті жерлер көрдіңіз? Қандай қызықты оқиғалар болды? Ойыңызды сипаттама мәтіні түрінде жазыңыз.


  1. Абайды оқы, таңырқа!

Сіздер сабақта Абай туралы ақпаратпен таныстыңыздар. Мұғалім Абайдың өмірбаянын жазуды тапсырды. Өмірбаян стилін сақтап жазыңыз.

[10]


Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8 сөйлем). Диалог құрауда тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.


[10]

Ұсынылатын тақырыптар



    1. Абайдың қандай өлеңдерін білесіз? Өлең туралы айтып беріңіз.

    2. Адамға саяхат пайдалы ма? Неліктен?

    3. Қазақ ұлттық қолөнерін дамыту үшін не қажет?

    4. Еліміздегі туризмді қалай дамытуға болады?

    5. Қазақстанда туризмді дамытуға қандай қолайлы жерлер бар?

Балл қою кестесі Тыңдалым


Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.


Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы

балл


1

А

1

5

2

С

1

3

В

1

4

шайқалды

1

5

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,



1



Оқылым


Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.


Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1

В

1

5

2

зиянды (антоним) - пайдалы

1

3

жиналған (синоним) - шоғырланған

1

4

Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексеріп алыңыз

Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алсаңыз өте пайдалы

Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден сатып алыңыз


1

5

Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шай ғана ішіңіз

1



Жазылым





Балл

Мазмұны мен тіл сапасы

9-10

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.



7-8

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді.

Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.


5-6

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.


3-4

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.



1-2

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.

Ойын жеткізе алмаған.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп кездеседі.

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп болғандықтан, ойды түсіну өте қиын.




Айтылым

Балл

Негізгі ойды ашуы мен сөз қолданысы

9-10

Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

7-8

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасындақателер жібереді.



5-6

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

3-4

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.



1-2

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды үнемі қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел көп ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда түсінуге қиындық келтіретін қателер жиі кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет