Оқылым
Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданында дүниеге келген
- қазақстандық әуесқой боксшы. Ол - 2013 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. 2016 жылғы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанған халықаралық деңгейдегі спорт шебері.
Даниярдың әкесі - оның бала кезінен бергі жаттықтырушысы. Данияр кішкентайынан шыдамды, төзімді, тұйық болып өседі. Боксқа мектеп кезінен қатысып, туған ағасы Дәуренмен бірге үздіксіз дайындалады. Ағасы да халықаралық дәрежедегі боксшы.
Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу керек. Жеңіс оңайлықпен келмейді. Қаншама қарсыласын ұтуы тиіс. Боксшы үшін тек күш емес, айла мен тәсіл, тәжірибе де аса қажет.
Боксшының балалық шағы Батыс Қазақстанда өтеді. Қазір Данияр үйленген. Отбасы, балалары бар. Ата-анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды. Бүгінгі таңда боксшы отбасымен Елордамыз Астанада тұрып жатыр. Ал туған ағасы шетелде тұрады.
1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.
Тұжырым
|
Шын
|
Жалған
|
А
|
Бас кейіпкердің туған ағасы бар
|
|
|
В
|
2010 жылы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанады
|
|
|
С
|
Отбасылы. Қазіргі кезде еліміздің бас қаласында тұрып жатыр
|
|
|
[1]
2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
қиындықпен (антоним) - көп сөйлемейтін (синоним) -
[1]
[1]
Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).
Мәтіндегі ақпараттар
|
Реті
|
Ата-анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды
|
|
Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу керек
|
|
Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді
|
|
Сұраққа толық жауап беріңіз.
Боксшы болу үшін қандай қасиеттер қажет?
[1]
[1]
Жазылым
Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмыста етістіктің шақтарын, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы.
Бір күні кішкентай бауырыңыз сізден көмек сұрады. Оған пән мұғалімі «Олимпиада чемпионы» деген тақырыпқа ақпарат жазып келуді тапсырған. Сіз бауырыңызға көмек көрсету үшін қандай олимпиада чемпионы туралы ақпарат айтасыз? Ақпаратты жазыңыз.
Жер байлығына аяулы көзқарас.
Еліміз қазба байлықтарға бай. Қазақстанның әр жерінен түрлі қазбалар кездеседі. Бірақ қазіргі кезде Жер-Ана адамдарға өте ашулы. Жер-Ана не себептен ашуланды деп ойлайсыз? Жер-Ананың монологін жазыңыз.
[10]
Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8 сөйлем). Диалог құрауда тура, ауыспалы мағынадағы сөздерді, сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.
[10]
Ұсынылатын тақырыптар
Қазіргі кезде климаттың өзгеруіне адамдардың әсері бар ма?
Спортшы болғыңыз келеді ме? Неліктен?
Қандай олимпиада жеңімпаздарын білесіз?
Ұлы Жібек жолының өткен жерлерін айтып беріңіз.
Ұлы Жібек жолы Қазақстан мәдениетінің дамуына үлес қоса алды ма?
Болашақта қандай мамандықтар сұранысқа ие болады деп ойлайсыз?
Балл қою кестесі Тыңдалым
Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.
Сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
Жалпы балл
|
1
|
А
|
1
|
5
|
2
|
Д
|
1
|
3
|
С
|
1
|
4
|
алмастырады
|
1
|
5
|
Ең алдымен, икемділік пен іскерлікке ерекше
басымдық беріледі.
|
1
|
Достарыңызбен бөлісу: |