Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет4/11
Дата17.10.2019
өлшемі107,1 Kb.
#50202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
!3-СОЧ Қазақ тілі Т2 6кл-converted

Оқылым


Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.


Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1

А

1

5

2

Бүгіннен - ежелден (антоним)

1

3

Жомарт - қолы ашық (синоним)

1

4

Ауыл - қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы.

«Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі – тірлік» Қала өмірінде тынымсыз тірлік көп.



1

5

Қарапайым, мейірімді

жомарт,

ашық,

кішіпейіл,

бауырмал,

1






Жазылым





Балл

Мазмұны мен тіл сапасы

9-10

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.



7-8

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді.

Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.


5-6

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер






жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.



3-4

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.



1-2

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.

Ойын жеткізе алмаған.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп кездеседі.

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп болғандықтан, ойды түсіну өте қиын.




Айтылым

Балл

Негізгі ойды ашуы мен сөз қолданысы

9-10

Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

7-8

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.



5-6

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

3-4

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.



1-2

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды үнемі қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел көп ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда түсінуге қиындық келтіретін қателер жиі кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет