Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет1/11
Дата17.10.2019
өлшемі107,1 Kb.
#50202
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
!3-СОЧ Қазақ тілі Т2 6кл-converted




Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
«Қазақ тілі мен әдебиеті»

(екінші тіл – T2)


6-сынып



М А З М Ұ Н Ы


  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 4

  2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 4

  3. Күтілетін нәтижелер 4

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 5

  5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6

  6. Модерация және балл қою 6

1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 10

2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 14

3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 21

4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 28


    1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

    1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша кіріктірілген білім беру бағдарламасы, оқыту орыс тілінде жүретін негізгі мектепке арналған оқу бағдарламасы (6-10 сыныптар)


    1. Күтілетін нәтижелер Тыңдалым:


білім алушы мәтіннің негізгі мазмұнын, сондай-ақ сөйлеушінің ниетін білдіретін функционалдық маңызды мағыналы ақпаратты түсінеді; мәтіннен арнайы ақпаратты алады; терминдердің мәнін және әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аялары бойынша мәтіннің негізгі бөліктерін түсінеді; фактілер мен пікірлерді ажырата отырып, мәтіннің мазмұнын бағалайды; әртүрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндердің негізгі проблемаларын айқындайды; мәтінде айтылған деректер мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды аша отырып, мәтінді талдайды; иллюстрациялар/негізгі сөздер/тақырыбы/басталуы бойынша айтылған ойдың мазмұнын болжайды.

Айтылым:


талқылау, өзінің пікірін білдіру және оқиғаларды, пікірлер мен проблемаларды бағалау арқылы білім алушы оқылған тақырыптар аясындағы диалогты қолдайды; назарды өзіне қарату тәсілдерін пайдаланып және мақсатты аудиторияны есепке ала отырып монолог құрады, ұсынылған тақырып бойынша ақпаратты талдайды және жинақтайды; белгілі бір тақырып бойынша айтылған ойды бағалайды; сөйлеу нормаларын сақтай отырып, тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын пайдаланады.

Оқылым:


білім алушы оқылған тақырыптар аясында белгілі бір күрделі тұтас және аралас мәтіндердің мазмұнын түсінеді; әртүрлі типтегі, стиль мен жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін анықтайды; сөздердің айқын және астарлы мағынасын, көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін түсінеді; өзектілігін, шынайылығын, пайдалылығын және құндылығын анықтай отырып, әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алады; негіздемелі қорытынды шығара және оқығанына сыни тұрғыдан баға бере отырып, мәтіннің мазмұнын талдайды және жинақтайды; көркем шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың көзқарасын анықтай отырып мәтінді салыстырады, белгіленген оқу стратегияларын пайдаланады.

Жазылым:


білім алушы әртүрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, естігені және оқығаны негізінде әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; әртүрлі деректерден ақпарат алу арқылы проблемалық сипаттағы мәтіндерді жазады; тұтас мәтіндердің негізінде сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды жасайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; әр түрлі типтегі, стильдегі мәтіндердің мазмұнын салыстырады, талдайды және бағалайды; орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды; троптар мен тілдің көркемдегіш-бейнелеуіш құралдарын пайдаланады.
    1. Ойлау дағдыларының деңгейі





Дағдыла р тобы

Ойлау дағдылары ның деңгейі

Тапсырмалар сипаттамасы

Сұрақтар түрі

Тыңдалы м

Білу және түсіну

Қолдану


Жоғары деңгей дағдылары

  • мәтіннің негізгі мазмұнын, маңызды ақпаратты түсінеді;

  • мәтіннен арнайы ақпаратты алады;

  • терминдерді, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени мәтіннің негізгі бөліктерін түсінеді;

  • фактілер мен пікірлерді ажыратады;

  • мәтіннің мазмұнын бағалайды;

  • әртүрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндердің негізгі проблемаларын айқындайды;

  • мәтінде айтылған деректер мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланыстар мен қарым- қатынастарды анықтайды;

-иллюстрациялар/негізгі сөздер/тақырыбы/басталуы бойынша айтылған ойдың мазмұнын болжайды.

Таңдауды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқылым

  • тақырыптар бойынша мәтіндердің мазмұнын түсінеді;

  • әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алады;

  • мәтінге сыни тұрғыдан баға береді;

-мәтіннің мазмұнын талдайды және жинақтайды;

  • шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың көзқарасын салыстырады;

  • оқу стратегияларын пайдаланады.

Оқылым негізінде таңдауды, қысқа жауапты, толық жауапты қажет ететін

сұрақтар


Жазылым және тілдік бағдар

  • тілдік құралдарды пайдаланады;

  • әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады;

  • ақпараттар арқылы проблемалық сипаттағы мәтіндер жазады;

  • мәтін негізінде сызбалар, кестелер, диаграммалар жасайды;

  • белгілі бір тақырып бойынша жоспар жасайды;

  • әртүрлі типтегі, стильдегі мәтіндердің мазмұнын салыстырады талдайды және бағалайды;

  • орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым

  • талқылайды, өзінің пікірін білдіреді,

  • тақырыптар аясында диалогке қатысады;

  • мақсатты аудиторияға арнап монолог құрады;

  • тақырып бойынша ақпаратты талдайды және жинақтайды;

  • айтылған ойды бағалайды;

  • сөйлеу нормаларын сақтайды, тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын пайдаланады.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар


    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет