Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет6/11
Дата17.10.2019
өлшемі107,1 Kb.
#50202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
!3-СОЧ Қазақ тілі Т2 6кл-converted

Оқылым

«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемдігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуарымен таң қалдырады.

«Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен ашты. «Біржан-Сара» операсы музыкалық-поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі. Сол жылдың күзінде «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері болып, Дж. Вердидің «Аттила» операсы қойылды.

«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі. Сәулеті бойынша ол Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан орын алды. Театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді. «Астана Опера» - алыптығы мен техникалық мүмкіндіктері бойынша әлемдегі үшінші опера театры. Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.




    1. Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.




Тұжырым

Шын

Жалған

А

«Астана Опера» - үлкендігі бойынша әлемдегі үшінші опера

театры болып табылады









В

Театр ең алғаш «Аттила» операсы арқылы салтанатты түрде

ашылды








С

«Астана Опера» опера және балет театры Есіл өзенінің сол

жағалауында орналасқан








[1]

2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.




жапты (антоним) - биік (синоним) -

[1]


[1]




  1. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).

Мәтіндегі ақпараттар

Реті

Опера және балет театры - әлемнің аса сәулетті театрларының бірі




Алғашқы маусымын «Біржан-Сара» операсымен салтанатты түрде ашты




Алыптығы бойынша әлемдегі үшінші опера театры болып табылады




[1]

  1. Сұраққа толық жауап беріңіз.

Театр қашан және кімнің бастамасымен ашылды?





[1]

Жазылым

Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда есімдік түрлерін, етістіктің шақтарын, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.


  1. Қуат көзін үнемдей білеміз бе?

Сізге пән мұғалімі қуат көзін үнемдейтін құрылғы туралы жоба жазуды тапсырды. Сіз өз жобаңызды жазып, қандай жаңалық аша аласыз? Жоба жазу кезіндегі әрекеттеріңізді күнделік етіп жазыңыз.


  1. Астана – мәдениет пен өнер ордасы

Астана – бас қала. Жазғы каникулда Елордаға қыдырып келдіңіз. Қаланың көптеген мәдени, өнер ордаларымен таныстыңыз. Сізге қай мәдени орын ерекше әсер етті? Өз ойыңызды айтып, досыңызға хат жазыңыз. Хат құрылымын сақтаңыз.


  1. Қазақстан қорықтары

Елімізде бірнеше қорық бар. Ал осы қорықтар қоғамға пайдалы ма, зиян ба? Өз ойыңызды дәлелдеп, эссе түрінде жазыңыз. Эссе құрылымын сақтаңыз.

­­­­­­­­­­­­­­­­_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­[10]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет