Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі кӛмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген кӛрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сӛйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты ӛздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында кӛмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сӛздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне кӛз жеткізген дұрыс. Оларға жұмыс уақытында бір-біріне кӛмектесулеріне, кӛшіріп алуларына және сӛйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты ӛшіргішпен ӛшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға кӛмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, ӛзгертіп айтуға немесе кӛрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын ӛтіну керек.
Достарыңызбен бөлісу: |