− шамалардың физикалық мағынасын, негізгі терминдері мен заңдарын;
− органикалық және бейорганикалық заттар кластарының арасындағы айырмашылықтарды;
− жаһандық және жергілікті экологиялық проблемаларды түсінеді.
Қолдану:
− тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды
сипаттау үшін негізгі физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық ұғымдар мен терминдерді;
− тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін;
− нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;
− өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
− картометрия тәсілдерін, кеңістікте бағдарлау және навигациялық дағдыларды қолданады.
Талдау: − графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты;
− биологиялық процестер мен құбылыстардың заңдылықтарын;
− биогеоценоздағы заттар айналымының процестерін;
− жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын талдайды.
Жинақтау: − эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;
− эмпирикалық қағидаларды, қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді жинақтайды жинақтайды.
Бағалау: − жасалған эксперименттің нәтижелерін;
− түрлі физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін бағалайды.