Тоқсандық жиынтық бағалаудың



бет5/13
Дата22.10.2023
өлшемі121,66 Kb.
#187407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1 ОШ ТС СОЧ Казахский язык и литература Т2 10кл 1-2ч с сокращением учебной нагрузки (1)
лекция 8
Барлығы

45

30

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


«Еңбек нарығы және сұраныс»


«Отандық өнеркәсіп өнімі»


Тыңдалым


Елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерліктің және бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайы мен даму деңгейіне тәуелді. Мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпалын тигізетін бәсекелестің дамымауы, материалдық және материалдық емес ресурстарды тиімсіз пайдалану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейшілік және басқалары сияқты көптеген проблемаларды шешу үшін экономиканың шағын кәсіпкерлік секторының әлеуеті орасан зор.
Дамыған елдерде экономиканың драйвері ретінде шағын бизнес ерекше рөл атқарады. Шағын және орта бизнес өркендесе, халық кәсіпкерлікпен шұғылдануға бейімделсе, мемлекеттің мұртын балта шаппайтынын көшбасшы елдер әлдеқашан түсінген.
Әлемнің бірінші экономикасының тағын ешкімге бермей келе жатқан АҚШ-та жеке сектордағы халықтың 50 пайыздан астамы шағын кәсіпкерлік саласында еңбек етеді екен. Кішігірім бизнес нысандардың жалпы саны 7 миллионнан асып жығылады. Олардың басым көпшілігінде шамамен 20 шақты адам жұмыс істейді. Капиталистік қоғамның қағидаларын жақсы білетін, ол қағидалардың көпшілігін өзі қалыптастырған мемлекет өткен ғасырдың басынан бастап шағын бизнеске ерекше қолдау көрсетеді, тиісті заңнамалар да әбден жетілдірілген. Мәселен «Бірінші жыл бонусы» деп аталатын, кәсіпкерлікті енді бастаушыларды бір жыл бойы салықтың тең жартысынан босататын жеңілдік басқа елдерге де үлгі болыпты.
Францияда бизнесті жаңадан бастағандар алғашқы екі жылда көптеген салық түрлерінен босатылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырылып, бағдарламалар жасалады. Мәселен, шағын және орта бизнес қайтарымсыз грант алуға болады. Сондай бағдарламалардың бірі «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы.

1-3. Мәтін мазмұны бойынша берілген сөздердің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.





а) экономиканың драйвері- ә) шағын кәсіпкерлік- б) қайтарымсыз грант-
[1]
[1]
[1]




  1. Автордың көзқарасы қандай? [1]




  1. Автор көзқарасының дәлелі ретінде қандай аргумент ұсынады? Мәтіннен 1 дәлел келтіріңіз.

[1]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет