Тoтpp 2211 – «Тамақ өнімдері технологияларының теориялық негіздері» пәні бойынша



бет6/40
Дата01.04.2022
өлшемі64,5 Kb.
#137496
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
тоттн дарис (копия)

Ауылшаруашылық малдарының сүті. Сүттің тағамдық және биологиялық құндылығы оның құрамындағы компоненттердің қатынасына байланысты. Олар адамның тамақтану физиологиясында сиыр сүті аса маңызды роль атқарады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ет шикізатының химиялық құрамы, олар қандай көрсеткіштері бойынша жіктеледі?

  2. Химиялық құрамы және тағамдық құндылығы бойынша субөнімдер қанша категорияға бөлінеді

  3. Тауық жұмыртқасының химиялық құрамы неден тұрады?

  4. Балықтар қаңқасының құрылысы, өлшемдері және майлылығы бойынша қандай түрге бөлінеді?

  5. Балық емес теңіз өнімдері қалай жіктеледі?

  6. Сүтте болатын ақуыз, көмірсу, витаминдер мен минералды заттарға сипаттама беріңіз

3 дәріс. Тамақ өнімдерін өндіруге қажетті өсімдіктекті шикізаттардың жіктелуі, қасиеттері, химиялық құрамы, сапасына қойылатын талаптар.


Дәріс жоспары:
1. Негізгі шикізат: өсімдік текті шикізаттың жіктелуі.
2. Жемістер мен көкөністер, сулы өсімдік шикізаты
3. Клетка құрылысы, өсімдік тіні, клетка құрылымының өнім қасиетіне әсері.
4. Майлы шикізаттар

Тағамдық шикізаттардың жіктелуіне тоқтала кетейік:


1. Жеміс-жидектер: тұқымды(алма, алмұрт); сүйекті(өрік, шие); цитрусты(апельсин, мандарин, лимон); субтропикалық(анар, құрма); тропикалық(банан, ананас,зәйтүн); жаңғақты(грек, фундук, миндаль, арахис); жидектер(қарақат, таңқурай...);
2. көкөністер: томатты(қызанақ, бұрыш, баклажан); асқабақты(қияр, патиссон, асқабақ); бұршақты(жасыл бұршақ, үрме бұр.); дәнді (жүгері); бақшалы(қарбыз, қауын); тамыржемістер(сәбіз, қызылша); түбіржемістер(картоп); қырыққабатты (ақтүбіртекті, гүлді...); жапырақты(саумалдық-шпинат, салат, аскөк, петрушка); пиязды(бас пияз, сарымсақ); көпжылдық көкөністер(спаржа, рауғаш(ревень), қымыздық(щавель), желкек(хрен));
3.дәнді дақылдар – бидай, күріш, қара бидай, сұлы, арпа, жүгері;
4. жармалы дақылдар – қарақұмық, тары;
5. бұршақ дақылдары – асбұршақ, үрме бұршақ, жасымық, соя, ноқат, маш, лобия, т.б.
6. құрамында май мөлшері жоғары өсімдіктерге күнбағыс, соя, мақта, зәйтүн, зығыр т.с.с.
7. құрамында қант мөлшері жоғары өсімдіктерге- қант қызылшасы, қант бұтасы, үйеңкі, тары;
8. құрамында, крахмал мөлшері жоғары өсімдіктерге – картоп, күріш жатады.
Өсімдік тканінің негізі клеткалардан тұрады. Өсімдік клеткасы әртүрлі формада болуы мүмкін. Олар бір-бірімен клеткааралық зат арқылы тығыз байланысады. Кей жерлерінде ауасы бар клеткааралық кеңістік болады. Әрбір клеткада клетка құрылысын механикалық зақымдаудан сақтайтын клетка қабықшасы болады. Қабықшаның ішкі бетінде цитоплазмалық қабықша орналасады. Одан әрі клетка шырынымен толтырылған вакуоля болады. Ал клетканың ортасында ядросы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет