Жемістер мен көкөністер, сулы өсімдік шикізаты
Тұқымды жемістер-тұқымды жемістер қабығынан, жеміс жұмсағынан және тұқымы бар бес ұялы камерадан тұрады. Бұл топқа алма, алмұрт, айва, жатады. Олар жоғары тағамдық құндылықпен, жақсы дәмдік қасиетімен ерекшеленеді және өңдеу үшін құнды шикізат болып табылады.
Алма - басқа жемісті дақылдардың ішінде бірінші орын алады. Алманы негізінен оңтүстік және орталық аймақтарда өсіреді.
Сүйекті жемістер-Сүйекті жемістерге шие, қара шие, қара өрік, алхоры, абрикос, шабдалы жатады. Сүйекті жемістер қабығынан, шырынды жұмсағынан және сүйектен түрады. Сүйекті жемістерді тұтынушылық жетілу стадиясында жинайды, себебі олар жиналғаннан кейін пісу қабілеті жоқ. Олар ұзақ тасымалдау мен сақтауға төзімсіз. Оларды балғын түрінде және өңдеу үшін: кептіру, тосап, нәрсу, шырындар, түндырмалар жасауда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |