«Тұран» Университі


әрбiр өкiметтiң өзiн әрқашанда күшейтуге тырысуынан шығады; 2



бет98/212
Дата15.03.2022
өлшемі2,53 Mb.
#135460
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   212
Байланысты:
философия лекция (7)

1. әрбiр өкiметтiң өзiн әрқашанда күшейтуге тырысуынан шығады;
2. азаматтардың бiршамасының iзгiлiк жолынан ауытқу мүмкiндiгiнен;

  1. жеке мүдделердiң дамып жалпы мүдденiң шеңберiн қысуынан;

  2. мұндай жағдайда “жалпы мүдденi² өзгертiп, адамдарды алдап кету қаупы туады;

Қоғамдық шартты сақтап қалудың бiрде-бiр жолы, Руссоның айтуына қарағанда, ол - халықты ағарту, оған әрқашанда дұрыс жолды көрсетiп отыру.
Руссо адамды тәрбиелеу мәселелерiне де көп көңiл бөледi. Тәрбиелеу дегенiмiз табиғаттың адамға берген туа бiткен дарындарын бiрте-бiрте дамытып, гүлдету. Адамға ерiктiктi сүйу, тәуелсiз пiкiр айту сезiмдерiн қалыптастыру - қажеттi нәрсе. Мәселенi нақтылай келе, Руссо баланың тәрбиесiн 4 сатыға бөледi:
туғаннан екiге дейiн - негiзiнен оның дене тәрбиесiне басым көңiл бөлiнуi керек.
екiден он екiге дейiн - сезiм мен көңiл-күй тәрбиесi жүруi керек.
он екiден он беске дейiн - баланың ақыл-ойының дамуына басым назар аударылуы қажет.
он бестен он сегiзге дейiн - баланы адамгершiлiк жолына қойу керек. әсiресе, осы соңғы “дауыл мен iңкәр² сатысына көп көңiл бөлiнуi қажет.
Тәрбие жолында тiкелей зорлық жасамай баланың дамуына астыртын ықпал жасау керек. Әсiресе, оның қалыптасып жатқан ерiктiк сезiмiн аялау қажет. Тәрбие жолында еңбек етуге үйретудiң орны ерекше. Iзгiлiктi сүйу үшiн балаға iзгiлiктi iстердi жасату керек. Тәрбие жолында баланың денесi мен ақыл-ойының дамуы бiр-бiрiне ауысып қатар жүрiп отыруы керек.
Руссо өз заманын ондаған жылдарға озып, болашақ ұрпақтарға зор әсерiн тигiздi. Руссоның қоғам, адам, мораль т.с.с. жөнiндегi көп идеялары бiздiң ғылыми-техникалық революция жүрiп экологиялық дағдарысқа әкелiп жатқан заманға да өзектi де, мазмұнды.
Жоғарыдағы айтылған ұлы француз ағартушылардың қатарына басқа да сол замандағы ойшылдарды кiргiзуге болады.
Егер Кондильяк (1715-1780 ж.ж.) қайсыбiр ой-өрiсi түйсiктердiң берген деректердiң негiзiнде пайда болады, яғни қоғамның рухани өмiрiнде күнбе-күнгi өмiр бейнеленедi деп есептесе, Ламетри (1709-1751ж.ж.) өзiнiң емдеу тәжiрибелерiне сүйене отырып, адамның ұйықтап жатып көрген түсi, иә болмаса ауырып есiнен танып жатқандағы сандырағы жан-дүниенiң толығынан мимен байланысын көрсетедi,- деген пiкiрге келедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет