«Тұран» Университі


Зұлымдық және оның дүниедегі орны



бет46/212
Дата15.03.2022
өлшемі2,53 Mb.
#135460
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   212
Байланысты:
философия лекция (7)

Зұлымдық және оның дүниедегі орны.
Зұлымдық мәселесі - адамзаттың “мәңгілік² мәселелерінің бірі - әрбір Дүниеге келіп пісіп-жетілген ұрпақ өз алдында бұл мәселені қойып, өзінше шешуге тырысады. Августиннің зұлымдық жөніндегі ойы осы уақытқа шейін адамдарды таңғалдырмай қоймайды.
Егер бұл Дүниені жаратқан Құдай болса, онда ол зұлымдықты бұл Дүниеге не үшін әкелді? Егер тіршіліктің зардап шегуіне бола әкелсе, онда ол Мейірімді Құдай емес,- деген пікір қайсыбір адамның ойына келіп, өзін Құдайға қарсы қоюына әкелуі мүмкін.
Августин бұл мәселені егжей-тегжей талдап, оның үш жағын көрсетеді. Олар мәселенің онтологиялық-метафизикалық, моральдық, және физикалық жақтары.
Метафизикалық-онтологиялық тұрғыдан келгенде, Ғарышта ешқандай зұлымдық жоқ, тек қана болмыстың әртүрлі сатылары ғана бар (өлі табиғат, өсімдіктер, жануарлар, адам т.с.с. Кейбір тіршілікте болып жатқан зұлымдық сияқты нәрселер, шынына келгенде, бүкіл Ғарыштық біртұтастық тұрғысынан алғанда көрінбей кетеді, біз тек бүкіл Дүниенің үйлесімділігін, керемет екенін, ұлы гармонияны байқаймыз, өйткені, Дүниені мейірімді Құдайдың өзі жаратты. Әрине, шын өмірде бір нәрсе пайдалы, екінші - зиян, бір нәрсе әсем, екіншісі - түрсіз деп баға береміз - ал оның негізінде адамның өзінің ғана мүддесі мен мақсаты жатыр. Ал Ғарыштық біртұтастық тұрғысынан қарағанда, бұл Дүниеде әр жәндіктің, әр заттың өзінің болмыстық орны, мән-мағнасы бар. Олай болса, ол Дүниежүзілік гармонияның қажетті бөлігі.
Моральдық тұрғыдан алып қарағанда Августин зұлымдықтың түп-тамырын адамның бұзылған еркінен табады. Әрине, адамның еркі, өзінің табиғаты бойынша, жақсылыққа ұмтылуы керек. Алайда, шынайы өмірде неше түрлі қызықтыратын өтпелі заттар болғаннан кейін, кейбір жанның еркі Құдайдың көрсеткен жолынан ауытқып жоғарғы игіліктерге ұмтылудың орнына төменгі құндылықтарды таңдайды, Құдайдың орнына - оның жаратқан нәрселеріне ұмтылады. Соңымен, Дүние құрылысының әртүрлілігі, баспалдақтық табиғаты адам еркінің ауытқуына- зұлымдықтың Дүниеге келуіне себепкер болады. Адамның күнәға батуы Құдайдың шексіз игілігіне шектелген уақытша нәрселерге берілу, дүниенің гармониясын бұзуда.
3.Физикалық тұрғыдан алып қарағанда, өмірде кездесетін бақытсыздықтар, ауру, өлім, жан-дүниенің қобалжып денені қысуы, езуі т.с.с. мұның бәрі де “алғашқы текті күнәнің² салдары, яғни моральдық бұзылудың нәтижесі. Августиннің айтуынша “жан-дүниенің күнәлікке батуы- бұзылған денеден емес, керісінше, бұзылған, күнәға батқан жан дүние денені ауырлатып бүлдіреді,- дейді. Бұл пікірге толығынан қосылуға болатын сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет