ТРАНСЛЯЦИЯНЫҢ ЭТАПТАРЫНА ҚАТЫСАТЫН АҚУЫЗ ФАКТОРЛАРЫ РИБОСОМАНЫҢ СУББӨЛШЕКТЕРІНЕН АКТИВТІ РИБОСОМА ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ (70 S И 80 S). ЦИТОПЛАЗМАДА ТРАНСЛЯЦИЯНЫ ІС ЖҮЗІНЕ АСЫРАТЫН ӘРТҮРЛІ АҚУЫЗ ФАКТОРЛАРЫ БАР: 1. ИНИЦИАЦИЯ ФАКТОРЫ (INITIATION FACTOR – IF); 2. ЭЛОНГАЦИЯ ФАКТОРЫ (ELONGATION FACTOR – EF); 3. ТЕРМИНАЦИЯ ФАКТОРЫ (RELEASE FACTOR – RF). - Эукариоттарда:
- 1. Инициациялық ақуыз факторы : еIF-1, еIF-2;
- 2. Элонгациялық ақуыз факторы : ЕF-1, EF-2,;
- 3. Терминациялық ақуыз факторы : RF. Прокариоттарда: 1. Инициациялық ақуыз факторы : IF-1, IF-2, IF-3; 2. Элонгациялық ақуыз факторы : ЕF-Тu, EF-Ts, EF-G; 3. Терминациялық ақуыз факторы : RF-1, RF-2, RF-3.
ТРАНСЛЯЦИЯҒА ҚАТЫСАТЫН БАРЛЫҚ АҚУЫЗ ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: 1. АҚУЫЗ ФАКТОРЛАРЫ ТРАНСЛЯЦИЯҒА БЕЛГІЛІ БІР САТЫДА ҒАНА ҚАТЫСАТЫН БОЛҒАНДЫҚТАН, РИБОСОМАМЕН УАҚЫТША БАЙЛАНЫСТА БОЛАДЫ. 2. ОНДАЙ БАЙЛАНЫСТАР ӨТЕ ЛАБИЛЬДІ, СОНДЫҚТАН ДА РИБОСОМАДАН АҚУЫЗ ФАКТОРЛАРЫ ЖЕҢІЛ АЖЫРАП КЕТЕДІ. Трансляцияның негізгі ақуыз факторларымен қатар, цитоплазмада рибосоманың қызметін атқаруға қатысатын бірнеше ақуыз бар: - Трансляцияның негізгі ақуыз факторларымен қатар, цитоплазмада рибосоманың қызметін атқаруға қатысатын бірнеше ақуыз бар:
- Ассоциация факторы (АF), суббөлшектердің ассоциациясын жеңілдетеді;
- N-формилметионил-т-РНҚ-гидролаза - инициация деңгейінде трансляцияның қатесін түзейтін фермент;
- Элонгация факторы EF-X және EF-P, рибосоманың пептидилтрансферазалық активтілігіне жағдай жасайды;
- Рибосоманы босататын фактор RRF (ribosome release factor), рибосоманың м-РНҚ-дан терминациялық кодонда ажырауын жеңілдетеді.
АҚУЫЗ СИНТЕЗІНІҢ НЕГІЗГІ ЭТАПТАРЫ: ИНИЦИАЦИЯ; ЭЛАНГАЦИЯ; ТЕРМИНАЦИЯ; ПОЛИПЕПТИДТІ ТІЗБЕКТІҢ МОДИФИКАЦИЯСЫ. ТРАНСЛЯЦИЯ ПРОЦЕСІ ИНИЦИАЦИЯДАН БАСТАЛАДЫ - ОНДА АКТИВТІ РИБОСОМА ҚАЛЫПТАСАДЫ. РИБОСОМАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ РЕТІ ҚАТАҢ ТҮРДЕ ЖҮРЕДІ, ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН РИБОСОМАНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДІ ОРТАЛЫҒЫ. РИБОСОМАНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДІ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЛЫПТАСҚАН РИБОСОМА ЖҮРЕКТІҢ ПІШІНІ СИЯҚТЫ БОЛАДЫ, ОҢ ЖАҚ БӨЛІГІ КІШІ СУББӨЛШЕКТЕН, АЛ СОЛ ЖАҚ БӨЛІГІ ҮЛКЕН СУББӨЛШЕКТЕН ТҰРАДЫ, ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА БІРНЕШЕ КІШКЕНТАЙ ҚУЫСТАР ОРНАЛАСҚАН – ОЛ КОНТАКТІГЕ ТҮСЕТІН БЕТКЕЙЛІКТЕГІ ҚУЫСТАР. РИБОСОМАНЫҢ ОЛ ҚУЫСТАРЫНДА ТРАНСЛЯЦИЯҒА ҚАТЫСАТЫН – А РНҚ, ПЕПТИДИЛ-Т-РНҚ ЖӘНЕ КЕЗЕКТЕГІ АМИНОЦИЛ-Т-РНҚ ОРНАЛАСАДЫ.
Достарыңызбен бөлісу: |