Етекбаева Г. "Бесіктен бақиға дейін" кітабының 232-ші бетінде "Ою хан мен Жою хан" туралы ертегіні баяндайды [6]. Бала кезінде ата-әжелерінен естігенін ескерте кетеді. Алайда ол ертегінің авторы филология ғылымдарының кандидаты, доцент, өнертанушы ғалым Сағатбек Медеубекұлының төлтуындысы екенін екінің бірі біледі. "Балалар әдебиеті" баспасынан 2004 жылы жарық көрген "Ою хан мен Жою хан" кітабына сілтеме жасауды ұмыт қалдырады [6, 6-17 бб]. Автордың бұл жолы Ертегінің мәтіні тұрмақ бір де бір әрпіне қиянат келтірместен ою-өрнектеріне дейін көшіріп қойғанын қанағат тұттық.
Достарыңызбен бөлісу: |