«Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері»


Шаңырақтарын шайқалмасын, Бақ-дәулеттерің ортаймасын



бет100/128
Дата05.02.2022
өлшемі4,38 Mb.
#17399
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   128

Шаңырақтарын шайқалмасын,

Бақ-дәулеттерің ортаймасын.

Жаратқан иең жар болып,

Не сұрасаң да қайтармасын!

Шаңырақтарың сыйлы болсын,

Отбасыларың дулы болсын.

Қоңыстарың нулы болсын,

Өрістерің сулы болсын!

Аллаһуакбар! –

деп алғысын ақтарады,- делінген.

Ал, Г. Етекбаеваның кітабында былай жазылған: "Қазақ салтында алыс жерден, алыстағы ру – тайпалардан келген білікті адамдар өзі барған ел мен жердегі сол өзі түскен шаңыраққа мынандай мазмұнда бата жасайды.

Шаңырағын шайқалмасын,

Бақ–дәулетің ортаймасын.

Ата–бабаң аруағы,

Не сұрасаң қайтармасын.

Шаңырағың сыйлы болсын,

Қоңысың нулы болсын,

Өрісің сулы болсын!

Шайың қызыл болсын,

Ғұмырың ұзын болсын!

Несібең таса берсін,

Дұшпаның қаша берсін,

Құдайым ұзақ ғұмырды жаза берсін.

Аллаһу әкбар!

Сондай-ақ, "Бесіктен бақиға дейіннің" 511- бетіндегі "Арыздасу" да қысқарған күйде өзгертіліп берілген, оны 5- томның 55 бетіндегі түпнұснұсқа айғақтай алады. Түпнұсқадағы "Арыздасу" туралы мәтін былай беріледі: "Қазақ салтында, дүниеден өтер адам «енді дәм–тұзым таусылды–ау» деген соңғы сағатында алыс–жақындағы бала–шаға, ағайын–туыс, дос–жарандарын шақыртып алып олармен ең соңғы рет қоштасып, тірлігінде істеген пендешілік істерін, артық– кемін кешірулерін сұрайды. Алыс–беріс, қарыз–құрыздарын адақтайды да, ақтық өсиетін айтады. Міне, бұл «арыздасу» деп аталады. Арыздасуда айтылған ақтық өсиетті, айтқан өтінішті артта қалған адамдар міндетті түрде орындайды. Арыздасуға шақырылып, дүниеден өтер алдында жатқан адамның соңғы рет жүзін көріп, ақтық өсиетін ет құлақтарымен естіген туыс–туған, дос–жаран, бала–шағалары онымен бақұлдасып қоштасып тірлікте істеген артық–кем істері болса кешіріп: «сен де біздің артық істеріміз болса кеш! Бақұл бол» деп теріс айналып көз жастарын көрсетпей сығып алады. Сол себепті«арыздасу» кей жерде «ант–тәуба мезгілі» деп аталады". Ал, бұл мәтін Г.Етекбаевада мынадай өзгеріске ұшырайды:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет