«Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері»


-беттегі "Имансу" (5том, 58 бет) сол күйде көшірілсе, түпнұсқадағы "Естірту-хабарлау" (61-63 бб) "Өлімді естірту" тақырыбымен өзгертілген



бет102/128
Дата05.02.2022
өлшемі4,38 Mb.
#17399
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   128

512-беттегі "Имансу" (5том, 58 бет) сол күйде көшірілсе, түпнұсқадағы "Естірту-хабарлау" (61-63 бб) "Өлімді естірту" тақырыбымен өзгертілген.

514-беттегі «Арулау (сүйекке түсу)» мәтіні еш өзгертусіз алынғанын байқаймыз, себебі, түпнұсқада да дәл солай 72-75 беттерде берілген. 521-беттегі «Өлімге бару» сәл-пәл өзгеріске ұшыраған. Оны түпнұсқаның 5-томынан, атап айтқанда 65-66 беттердегі мәтіндермен дәлелдей аламыз. 522 беттегі қысқартыла берілген, сөздері өзгертілген «Топырақ салу» А.Нүсіпоқасұлының бес томдық «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» кітабының 5-томының 86-87 бетінде бірізденіп түпнұсқаға айналып жатқанын қалай жасырарсың. Ал 54-55 беттегі "Өлімге келгендердің алдынан қарсы алып шықпау және аттандырмау» Г. Етекбаеваның кітабында, яғни 524 бетте «Өлімге келгендердің алдынан шықпау және аттандырмау» болып қана өзгеріп, негізгі мәтін түгелдей көшіріледі. Сондай-ақ, 63-65 беттердегі "Өлімнің түрлері" Г. Етекбаеваның «Бесіктен бақиға дейін» кітабының 526-527 беттерінде еш өзгертусіз көшіре салғанын дәлелдеу еш қиындық туғызбайды.


Сөз соңында айтарым Г.Етекбаева «Бесіктен бақиға дейін» кітабын әзірлеу барысында авторлық құқық туралы Заңды ескерді ме? Әлде, қазақтың салт дәстүрі ортақ деген ұстанымда болды ма? Жағарыдағы авторлардың жазбаларына, авторлық және сабақтастық құқықтарына нұқсан келтірді ме, жоқ па? Оны анықтау мақсатында емес, кітаптың жаңашылдығы неде?- мәселесін ажырату мақсатында жазылғанын ескертемін. «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» секілді тағы да басқа осы мазмұндас кітаптарды көшіріп қайталағаннан гөрі, өзі туып өскен Шығыс қазақстан өңірінің ою-өрнегі, тұрмыс салттық дәстүрлері, киім-кешегі, таңбалары жайында ғылыми зерттеулер жүргізіп, сол өлкені танып білу туралы кітаптар жазылса жөн болар еді және Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғаудың 48-49-баптарын әрбір автордың біліп жүргені нұр үстіне нұр болар еді [3].


Әдебиеттер:
1. Қ.Бегманов.Этнографпен әңгіме.А:Дәстүр, 2010.-108-109 бб.
2. (http://m.khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/30098-kymyzdy-eshkandaj-nemis-kasipkeri-patenttep-algan-zhok).
3. Авторлық құқық және сабақтастық құқықтар туралы. А.: Жеті жарғы, 2004 немесе http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z960000006
4. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. А.:Атамұра, 2010
5. Г.Етекбаева. Бесіктен бақиға дейін. Ө.:Либриус, 2011
6. С.Медеубекұлы. Ою хан мен Жою хан. А.: Балалар әдебиеті, 2004 ж.
7. А.Жүнісұлы. Пәниден бақиға дейін. А.: Жазушы, 2001 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет