«Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері»



бет124/128
Дата05.02.2022
өлшемі4,38 Mb.
#17399
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
Пайдаланылған әдебиттер:
1.Б. Құлмағанбетова. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1982ж.
2.С. Рахметова. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1991ж.
3.Ф. Оразбаева. Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі. А., 2003ж

Нурходжаева М.И.
45 мектеп-гимназиясы, орыс тілі пән мұғалімі


Мектепке оқытуға баланы психологиялық дайындау

Мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту дейін.Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ,олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап ,нығайтуды, дамуында ауытқуы, бар балалардың жеке қабілеттерін дамытуды және оған мұқтаж балаларға қажетті түзету жасауды жүзеге асырды. Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындығын қалыптастыру үшін танымдылық процесстерін дамыту.


- Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға, олардың отбасына көмек ретінде зерттеу жұмысын жазуды жөн көрдік. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын біз алдымызға мынадый болжам қойдық – балалардың танымдық процестерін дамытуда міндеті болып табылады.
Процестерінің дамуы, қоршаған ортаның баламен қарым-қатынасына байланысты.Егер зерттеу мақсаты болжам мақсатқа жету жолында мынандай міндеттерді алдымызға қойдық.
- Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
- Мектеп жасына дейінгі балаларда танымдық процестерінің денгейлерінің диагностикасы.
- Баланы мектепке дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданудың психологиялық мүнкіндіктерін айқындау.
Мектепке дейінгі балалық шақта (үштеп жеті жасқа дейін) организімнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшықтың еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формалары игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері. Мектептегі оқудың басталуы – бала өміріндегі әлеуметтік психологиялық жағынана да, физиологиялық жағынан да қиын әрі жауапкершілігі мол кезең. Бұл адам өміріндегі және іс-әрекетіндегі жаңа жағдай болып табылады. Сонымен қатар жаңа қарым-қатынастар жаңа міндеттердің тоғысуы болып табылады. Баланың бұл кезде бар өмірі өзгеріске түседі. Мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қоятыны белгілі. Ол оқушының азын-уалақ алған білімі талаптарды орындауға мүмкіншілік бермейді. Осындан келеді де, оқушылардың мүмкіндіктерімен мектептің қойлатын талаптары арасында қарама–қайшылықтар туады. Себебі оқу басталғанан жүктеменің көлемі өседі.
Балабақша ұйымдарында мектепке дайында.Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.
П.П.Блонский өзінің педалогиялық-бағдарлану концепциясында баланың үлгермеушілігі, мектептегі сәтсіздіктерін оның жүріс-тұрыстарынан емес, әуелі семья жағдайына, әлуметтік экономикалық мәселелерінен қарау керек деп тұжырымдаған.
Егер сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе баланың ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен әркет жасап үйрене алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне жағдай жасайтын адам болу керек. Қандай адамзат баласы болмасын баланың әлеуметтік жағдайына бейімдейтін, үйрететін ата-анасы болып табылады.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, олардың жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруда оқу-зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор.Танымдық іс-әрекеттің шығармашылыққа ұмтылу арқылы сипатталады.Өз бетімен білім алуға ұмтылу танымдық ізденімпаздықты қажет етеді .Зерттеу жұмыстары оқу үдірісімен қатар жүре отырып ,оқушының танымдық біліктерінің дамуына негіз болады.Әсіресе ,бұл жұмыстарда әр оқушының жеке мүмкіндіктері мен қасиеттері айқындалады.
Балалардын ойлауын сезімін,еркін зерттеу керек болса,бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады.Мысалы,өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса,сол ойын үстіндегі балалардың психологиялық ерекшеліктері жазылып,кейін оған мұқият талдау жасалынады.Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы үнемі өзгеретіндігі,балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп,жалпыланып қана қоймай,ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған.
Мектепте оқытуға баланың психологиялық дайрлығы - мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың қорытындыларының бірі. Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр.
Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет