Тұрақты электр тогы Электр зарядтарының кез келген реттелген (бағытталған) қозғалысын электр тогы


Диэлектриктер. Диэлектриктердің поляризациясы



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі26,38 Kb.
#83000
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция

Диэлектриктер. Диэлектриктердің поляризациясы
Диэлектриктердің түрлері:

  • Молекулаларының құрылымы симметриялы (N2, H2, O2, CO2, CH4, …) заттар, яғни сыртқы электр өрісі болмаған жағдайда молекуладағы оң және теріс зарядтарының «ауырлық центрлері» беттеседі, ендеше, молекуланың дипольдік моменті нольге тең. Мұндай диэлектриктердің молекулалары полярлы емес деп аталады.

  • Молекулаларының құрылымы асимметриялы (H2O, NH3 , SO2, CO, …) заттар, яғни сыртқы электр өрісі болмаған жағдайда молекуладағы оң және теріс зарядтарының «ауырлық центрлері» беттеспейді, ендеше, молекуланың дипольдік моменті нольге тең емес. Мұндай диэлектриктердің молекулалары полярлы деп аталады. Бірақ, сыртқы электр өрісі болмаған жағдайда полярлы молекулалардың дипольдік моменттері жылулық қозғалыстың нәтижесінде кеңістікте ретсіз, хаосты бағытталған және олардың қорытынды моменті нольге тең.

  • Молекулаларының құрылымы иондық (NaCl, KCl, KBr, …) заттар. Иондық кристалдар әртүрлі таңбалы иондар дұрыс кезектесіп орналасатын кеңістіктік торлар болып табылады.

Сыртқы электр өрісінің әсерінен дипольдардың өріс бойымен бағытталу немесе өріс бойымен бағытталған дипольдардың пайда болу процестерін диэлектриктің поляризациялануы деп атайды.
Диэлектриктердің үш тобына сәйкес поляризацияның үш түрі бар:

  • электрондық, немесе деформациялық, поляризация;

  • ориентациялық, немесе дипольдық, поляризация;

  • иондық поляризация.

Диэлектриктің бірлік көлемінің дипольдық моменті ретінде анықталатын векторлық шаманы поляризациялану деп атайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет