Тренерлік курсқа рефлексиялық есеп



Дата25.08.2017
өлшемі54,03 Kb.
#27315
Тренерлік курсқа рефлексиялық есеп.
Тренерлік курстағы бағдарламаның өзектілігі елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарымен және міндеттерімен үйлеседі, ал мемлекеттік бағдарламаның басымдылықтары , өз кезегінде білім беру саласында көш басында келетін Финляндия, Сингапур және Ұлыбритания секілді прогресшіл елдеоге тән заманауи мақсаттармен және құндылықтар жүйесіне барабар. Курстағы бағдарламаның жетекші мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу: екіншіден жастарды жылдам өзгеріп келе жатырған әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сын тұрғысынан ойлауға үйретуді қамтиды.

Бүгінгі таңда алға қойылған мақсаттарды іске асыруда басты рөлді мұғалім атқарады. Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулердің нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие, оқыту мен оқу үдерісінің қажетті дағдылары мен терең түсініктерін игерген мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын көрсетіп отыр.

Тренер ретінде мұғалімдерді оқыту үдерісінде сол мұғалімдердің практикалық тәжірибелерін пайдалану осы бағдарламаның теориялық негіздерін отандық оқыту тәжірибесіне ойдағыдай бейімдеуге болатындығының шынайы дәлелдемесі болып табылады.

Сондықтан өзгермелі өмірде мұғалімдер барлық сатыларда оқу бағдарламасына енгізілетін өзгерістермен және пәндік салалардағы әзірлемелермен бірге дамып отыруға тиісті.

Осы мақсатта маусым айының 27 жұлдызымен шілде айының 8 жұлдызы аралығында Атырау қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығында ұйымдастырылған тренерлік курсқа келдім.

27.06 күні «Әлеуметтік өзара әрекеттестікті ұлғайту: топтық жұмыс жүргізу» тақырыбына тоқталдық. Мұнда біз талқылау жүргізуге жағдай жасау. Шағын топтарда талқылауға арналған тапсырмалар. Шағын топтарда талқылау жүргізудегі мұғалімнің рөлі, бірлескен оқу мозоикалық оқыту әдісі туралы терең мағұлмат алдық.

28.06 күні Миға шабуыл пікірталасы туралы, миға шабуыл өткізудің алты ережесі , басымдылықтары, кемшіліктері , қолданылуы туралы топтық жұмыс арқылы талқыладық. Сонымен қатар бейнеталдау, кинометафора, кейстер әдісіне терең талдау жасалды. Семинар өткізудің ерекше түрі дөңгелек үстелдің «тиімділігі» , дөңгелек үстелдің он ережесі туралы қарастырдық.

29.06 күні топтағы адамдар санау арқылы үшке бөлініп «Модерация», «Социометрия», «Тақырыптық жаттығулар» туралы талдап , ортаға салдық.

Модерация барлық тыңдаушы бірдей түсінетін және қабылдайтын, бірыңғай критерийлері бар жаңа ұғымды топ болып өндіруге мүмкіндік беретін әдіс.

Социометрия адамдардың шағын топтары ішінде оқу барысында , болып жататын түрлі үдерістерді өлшеу әдісі.

Тақырыптық жаттығу- тыңдаушылардың жаңа дағдыларды жеке-жеке пысықтауына бағытталған белгілі бір түрде ұйымдастырылған жаттығу екендігін түсіндім. Сонымен қатар әр топ ықшам сабақ өткіздік.

30.06 күні рефлексия және кері байланыс туралы түсінігімізді дамыттық.

Рефлексия (артқа жүгіну)- өзіндік танымға, өз эмоциялары мен сезімдерін, жағдайларын, қабілеттерін, мінез-құлқын талдауға бағытталған ойлау үдерісі. Рефлексияның түрлері: тілдік, жеке тұлғалық, зияткерлік, эмоциялық. Кері байланыс-адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі , реакциясы. Бұрын рефлексия мен кері байланыстың айырмашылығы жоқ деп ойлайтынмын. Қысқаша айтқанда , рефлексия әркімнің өзінің ісіне жасаған есебі болса, кері байланыс өзге адамдардың өзің туралы пікірі екенін ұқтым.

Топтық жұмыс арқылы талдау жасап, ықшам сабақ өткіздік.

01.07 күні сергіту, сергітудің мақсаты, тимбилдинг , психогимнастикалық жаттығулар туралы түсінік жүргізіліп, топ мүшелері тимбилдингке шықтық. Жалпы тимбилдинг дегеніміз ұжымдағы ахуалды қалыптастыру үшін ұйымдастырылатын , табиғаттағы мерекелік сергіту жаттығулары. Бұл күн өте көңілді өтті. Әр топтар түрлі психогимнастикалық сергіту жаттығуларын жасап, топ ішіндегі белсенділік анықталып, ұйымшылдық одан сайын тереңдене түсті.

04.07 күні кері дизайн әдісіне тоқталдық. Кері дизайн әдісінің үш алгоритм қадамын атап өттік.

1- қадам:бағдарлама талаптарына негізделе отырып , пән бойыншажалпы және оның жеке модулі бойынша оқу нәтижелерін анықтау.

2-қадам:оқу нәтижелерін қол жеткізгенін анықтауға мүмкіндік беретін бағалау жаттығуларын белгілеу.

3-қадам: оқудың қажетті нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін бағалау рәсімдерімен бірге оқудың қажетті мазмұнын , технологияларын, құралдарын және түрлерін негіздеу. Әр топ болып рөлдік ойын, социометрия, қолдау көрсету, бейнеталдау, кейстер әдісі , шағын дәріс, тақырыптық жаттығулар, миға шабуыл, модерация, кинометафора, тест, рөлдік ойындарда талдау әдістерін талқыладық. Онда кейбір топтар топтық жұмыс арқылы тақырыпты талқыға салса, кейбір топтар көрініс көрсету арқылы әдістерді қорғап шықты.

Әр тыңдаушы сандықшадан номер суырып , өткен материалдарымыз бойынша ықшам сабақ өткізілу тапсырылды.

1топ. Қалай оқыту кректігін үйрету.

2 топ. Диалогтық оқыту.

3 топ. Сын тұрғысынан ойлау.

4 топ. Оқу үшін бағалау.

5 топ. АКТ-ны қолдану.

6 топ.Оқытуды бағалау критерийлерін әзірлеу .

05.07 к.Маған оқытуды бағалау критерийлері әзірлеу тақырыбында ықшам сабақ өткізілу түсті. Бұл бойынша ықшам сабаққа 10 минутқа жоспарланған қысқа мерзімді жоспар құрдым. Бұл күнделікті сабағымызда қолданылып жүрген бағалауға критерий құра отырып бағалаудың тиімділігін дәлелдеу. Критерий арқылы бағалау жалпы дау-жанжал туғызбайтын , әділ бағалау түрі.

Бұл сабағымда ең алдымен сергіту сәтін өткізіп алдым. Одан кейін алты топтың үшеуіне тапсырма бере отыра, қалған үш топты бағалаушы топ етіп алдым.

1 топ. «Суретшілер»

2 топ. «Ақындар»

3 топ. «Жазушылар»

Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылын тойлағалы отырмыз. Сондықтан сабағымды тәуелсіздікке бағыттап алдым. «Суретшілер» тобына тәуелсіз мемлекетіміздің еркіндігін айқындайтын сурет салу тапсырылды. «Ақындар» тобына тәуелсіздік тақырыбында төрт жол өлең құрастыру берілді.

«Жазушылар» тобына Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктері туралы эссе жазу тапсырылды. Мұнда әр топ жоғары деңгейде қатынасты.

«Суретшілер» тобын бағалаушы тобы критерий арқылы бағаласа, «Ақындар» тобын «үш шапалақ» арқылы бағалады. Ал «жазушылар» тобының тапсырмасын «басбармақ» әдісі арқылы бағалап отырды. Одан кейін топтарға критерий арқылы бағалаудың оқушы , мұғалім , ата-ана үшін тиімді жақтарын атап көрсету туралы топтық жұмыс берілді. Ықшам сабағым жоспарланған уақытыма сәйкес келді.

Әр тыңдаушы өздеріне тиісті ықшам сабақты түрлі тәсілмен қызықты етіп өткізіп отырды. Бұл біз үшін тәжірибе алмасудың тиімді жолы болды. Өзімізге көптеген мәліметтер алдық.

Күрделі үдеріс болып табылатын оқыту шеберлігін толық игеріп шығу бүкіл ғұмыр еншісіндегі мәселе, міне, сол себепті де тәжірибеге үнемі ерекше назар аударылатын болса , мүғалімдер қызмет барысында өзін жетілдіруді жалғастыра бермек. Осы мақсатта мұғалімдердің даму түсінігімен ұштастыра оқыту , оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін ашу, оқудағы ерекшелңктерді түсіну , көптеген тәсілдердің , тілдік және мәдени әсер мінез –құлық және дағдының , қызығушылық және оқыту амалдарының болатынын жете түсіну қажет болады. Оқыту мен оқу саласындағы негізгі білімнің болуымен қатар, мұғалімдерге қандай өзгерістер болып жатқаны және қандай стратегияларды алдын ала қабылдау қажеттігі туралы барынша дәлелді тұжырым жасауға мүмкіндік беретін қосымша ақпарат жинауға тура келеді. Шешім қабылдау үдерісінде мұғалім үшін ең маңыздысы оқушының қызығушылығы болып табылады.

Осылайша , оқушыларды өзгермелі өмірге дайындаудан күтілетін нәтиже үдесінен шығу үшін мұғалімдерге оқу бағдарламасы шеңберінде шектеліп қалмауға мүмкіндік беретін жаңа дайындық түрі қажет болады. Бұл мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындаудағы үш маңызды мәселеге тіреледі. Олар;

Өз қызметі аясында , оқу үдерісі мен өз оқушыларын дамыту үдерісінде сарапшы болу үшін құзырлы мұғалімдерге қандай білім түрлері қажет болады?



Мқғалімдерге әртүрлі оқушылар үшін тиімді оқу тәжірибесін ұсыну, оқушылардың идеялары туралы кері байланыс ұсынып, өзінің мұғалімдік тәжірибесін сыни бағалау және оны жақсарту үшін қандай дағдылар қажет?

Әр баланың жеке тұлға есебінде , кәсіби ұжым мүшесі ретінде де табысқа жетуіне и, өз білімі мен дағдыларын дамытуды жалғастыруына көмектесу үшін мұғалімдерге қандай кәсіби міндеттер қажет?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет